Get Mystery Box with random crypto!

Жаңа іске ұмтылған жақсы. Ол — өсу. Ұмтылған адам түбінде жете | О, Идея 🙇

Жаңа іске ұмтылған жақсы. Ол — өсу. Ұмтылған адам түбінде жетеді. Қателіксіз өмір болмас десең де біреудікін қайталамаған дұрыс. Осы жерден сүріндім деп, көрсетті ме, айналып өт. Сол қателіктердің кейбіреуіне тоқтала кетсек.

Кәсіп бастағанда жіберетін қателіктер:

1. Басқалар жасап жатыр, мен де деген бәсекелестік.
2. Өзінің мықты екенін дәлелдеу үшін «бірдеңе» ашу.
3. Нарықты зерттемеу.
4. Орынды дұрыс таңдамау.
5. Кредит, қарыз алу.
6. Жоспарсыз әрекет ету.
7.Болмаған істі аяқтап тастағандай сүйінші сұрау. (ашылмаған бизнесін жуу). Ашылмай жатып жабылған СТО-ның куәсі болдым.
8. Бухгалтерлік есеп жүргізбеу.
9. Шығынды есептемей табысты жұмсап жіберу.

Ең негізгісі, ақша табу, баю үшін кәсіп бастау.

Кәсіпкерлік байлыққа бастар жол емес. Ол — жан тыныштығы. Есек боп, терлеп өзіңді қыстап жүрсең.Таста. Одан құтыл. Эйфорияға жеткізер хоббиіңді тап.