Get Mystery Box with random crypto!

Үміт ⠀ 1950 жылы Гарвард психологы Курт Рихтер қатыгездікке құ | О, Идея 🙇

Үміт

1950 жылы Гарвард психологы Курт Рихтер қатыгездікке құрылған тәжірибе жасады: бірнеше егеуқұйрықты екі топқа бөліп, су толы бассейнге салды. Мақсаты: олардың қанша уақыт тұра алатынын білу. Бірінші топ бар жоғы 15 минуттың ішінде бәрі өлді.

Келесі топты шаршаған кезде судан шығарып алды. Үсті кепкенше ұстап, тамақтандырды да қайтадан бассейнге жіберді. Яғни, оларға «құтылуға болады» деген үміт берді.

Қалай ойлайсыздар? Қанша уақытқа шыдады? 15 минут? 5? 20?

Жоқ, 60 сағатқа шыдаған.

Байғұс мақұлықтар, өздерін құтқаратынына сеніп, өмір сүруге құлшыныстары мүмкін емес дүниелерді жасатты. Сенім қиындықты жеңуге мүмкіндікбереді.

Енді, егеуқұйрықтың орнына әркім өзін қойса,«құтылам деген үмітін» «жетістікке үміт» деп ауыстырсақ.

Есіңізге түсіріңіз. Жолыңыз болған шақта — сендіңіз ғой. Қолыңыз жетті. Күнделікті дүниелерді ойланбай жасаймыз. Таңғы шәйды жұта саламыз. Төсекке ұйықтау үшін жатасыз. Бұларға сенімсіздік, қорқыныш дегендер әсер етпейді. Өйткені, миыңызды сендіріп тастадыңыз.

Жануар бойындағы ұмтылыс 24 есе құлшынысқа ауысты. Сіздің СЕНІМІҢІЗ қандай? Бастаған ісіңізге қаншалықты сенесіз?