Get Mystery Box with random crypto!

Мұғалімдердің құлағына алтын сырға. ⠀ Сіздермен сыр сұқбат жас | О, Идея 🙇

Мұғалімдердің құлағына алтын сырға.

Сіздермен сыр сұқбат жасайыншы. Биыл олардың жалақысы да көбеймек. Қосымша ақша артық етпейтін шығар. Қалай біліміңді қосымша кәсіпке айналдыруға болады?

Мұғалімдер жақын отырыңыздар.

Онлайн сабақ беруге төселіп те қалдыңыздар. Қазір инстаграм, телеграм, вк арқылы бала жинап, зуммен сабақ өткізуге болады. Офис жалдамайсың. Шығынсыз табыс. Жарнамаға аянбасаң болғаны. Одан басқа ше?

Әр пәнге бөлек-бөлек тоқталайын.

Қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі, ағылшын тілінен сабақ берсеңіз, аудармашылық қызмет жасауға болады. Копирайтингті меңгеріп, аккаунт жүргізу де пайда. Оқушыларға үй жұмысын жасап беріп, әр тапсырмадан 200 теңге алсаңыз, тарифіңізді толтырасыз.

Математика. Бұл пәннен дәріс іздейтіндер тым көп. Тек есеп шығаруға көмектесудің өзі қыруар қаражат әкеледі. Выс.матты білсеңіз студенттер де ақша жаудырады.

Химия. Сабақтан басқа әр заттың құрамын анықтау арқылы табысын еселеп отырғандар бар. Кәсіпорындарға консультация беріңіз. Химиялық реакцияны түсіндіру де табыс көзі.

Физика. Кванттық физика+ психология. Тартылыс күшін дәл есептеп, құрылыста, медицинада (кт, флюро кабинеттерінде) қосымша ақы алсаңызшы.

География. Ел ішінде, шетелдегі әдемі жерлерді жақсы білсеңіз, жер бедерін тани алатын қабілетіңіз болса, біліміңізді арттырыңыз. Сол тақырыпта курстық жұмыстар дайындаңыз.

Дене шынықтыру. Дап-дайын тренерсіз. Кез келген спорт түрінен тренинг, марафон ұйымдастырыңыз.

Технология. Изо. Арт терапия бүгінгі трендте. Қолөнерге да сұраныс көп.

Информатика. Презентация жасау, Exsel, вордпен жұмыс жасауды үйренем деушілер жетеді. Немесе тапсырыспен дайындаңыз.

Тарих. Шежірелер кестесі барлық қазаққа керек.

Әдіскер болсаңыз, аттестациядан өтуге қосышалар құрастырыңыз. Бәрі қолыңызда бар.

Музыка мұғалімі онлайн да үйрете алады. Музыканы өңдей алсаңыз, тамаша.

Класс жетекшілер қолыңыздағы дайын материалдарды сатып та пайда табасыз.

Оған қол жеткізу мүмкін емес қой. Адамды қайдан табамын? Деееп ойланып қалдыңыз ба?

Бүгінде ватсап пен телеграмда жүздеген чаттар бар.
Кіріңіз де жарнамаңызды жіберіп отырыңыз.
Өзіңіздің каналыңыз бен чатыңызды ашып, адам жинаңыз. Таныстарыңызға айтыңыз.
Сторис, статусқа салыңыз.
Барлық әлеуметтік желіге жазыңыз.
Тегін арналарға да беріңіз.

Жасауға ниет етіңіз. Тоқтамастан клиент іздеңіз. Нәтиже ұзақ күттірмейді. Сәттілік!
#о_идея
#мамандық