Get Mystery Box with random crypto!

Бизнес жасауға ниетті жандар ⠀ Уәде етілгендей, бизнесплан жас | О, Идея 🙇

Бизнес жасауға ниетті жандар

Уәде етілгендей, бизнесплан жасау жолына қысқаша түсіндірме жасай кетейін.

Алдымен, не кәсіппен айналысатыныңызды нақтылап алыңыз. Қазір жаңалық енгізуді сұрайды.Оның түк қиындығы жоқ. Гугл әпкемізден сұрасақ, бірнеше вариантын береді. Ал, кеттік.

Түйіндеме (бизнес-резюме) дайындауымыз керек. Оған не жатады?

1.Бизнес жоспарды іске асыру мерзімі мен негізігі кезеңдері
2. Обьектінің сипаттамасы
3. Маркетинг жоспары
4. Құрал-жабдықтың техника-экономикалық мәліметтері
5. Қаржы жоспары
6.Тәуекелділікті бағалау
7.Қорытынды
8.Қосымша

Мысал үшін бір жобаны келтірейін

Ұсынылып отырған жоба: би мектебін құрудың бизнес жоспары.
Жобаның жетекшісі: Аспандияров М.С.
Жобаның идеясы: Би мектептерін құру келесі мақсаттарды көздейді:
Кәсіпорынды құру
Пайда табу
Би үйрету сабақтарын нарықта ұсыну
Жобаны қаржыландыру: коммерциялық несие алу арқылы. Несиенің мөлшері (соммасы) 353 592 тенге.
Кәсіпорынның сипаттамасы: би үйрету кызметін көрсету.
Жобаның құны: 353 592 тенге.
Жоба өзін-өзі ақтау мерзімі 4 ай.
Инвестордың табысы — 3 660 000 тенгені құрайды.
Алған несие бойынша төлемдер жобаның бірінші айынан басталады.
Іске асыру жобасының қарызын қайтару— бірінші айдан басталады.
Несие жылына 17% мөлшерлемесінде алынады.
Жобаның өмірлік циклы 1 жыл.
Жобаның жалпы экономикалық тиімділігінің соммасы 802 808 теңгені құрайды.

Жобаның сәтті болуы үшін кіріс пен шығысты қатар есептеген дұрыс. Кірісті есептеу оңай. Ал, шығыс дегеніңіз қарапайым пол жуатын трәпкіден бастап, крупный зат алуға жұмсалған, жалдау ақшасы, барлық төлемдерді есептеу.

Беріліп отырған қысқа нұсқасы. Атамекенге тапсырарда әр пунктті бөлек ашып, есептеп бересіз.

Осы мысалға қарап, өз ісіңізге жоспар құрып көріңіз. Сәттілік!