Get Mystery Box with random crypto!

Шағын бизнеске кім қолдау көрсетеді? ⠀ Қазақстанда кәсіпкерді | О, Идея 🙇

Шағын бизнеске кім қолдау көрсетеді?

Қазақстанда кәсіпкерді қолдауға арналған бағдарламалар көп. Соларға тоқтала кетсек.

Тізімді бастап тұрған «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы. Онда «Бизнес кеңесші», «Бизнес өсу» секілді кәсіпкерлікке даярлайтын курстары бар. Әрі түрлі қаржылай да грант иесі атануға мүмкіндік туғызады.

Екінші ретте — «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры. Жаңа іс бастаушылар мен қосымша ақшалай көмек керек болса, несие алуға болады.

Одан кейін — «ҚазАгро» холдингі. Ауыл шаруашылығына арналған қаржылай көмек, қарыз, мәлімет пен кеңес береді.

Біз біле бермейтін жергілікті атқару органдары да кәсіппен айналысуға ниеттенген әйелдерге арналған бағдарлама ұсынған. ИП үш жылға жетпесе, акиматқа барып, көмек сұрауларыңызға болады.

Екінші деңгейлі банктер де бизнесті қолдауға несиемен көмектесуге дайын. Бұл да ақшасыз бастаймын деген адамға жақсы. Тек ескеретіні — несиені кірісіңізге сенімді болсаңыз ғана алыңыз.

Қазақстанда кенжелеп келе жатқан инвесторлық пен краунфандинг.

Келесіде осы тақырыптарға да ашып тоқталатын боламыз.

Ішімізде осы бағдарламаларды қолданғандарыңыз бар ма? Тәжірибелеріңізбен бөліссеңіздер.