Get Mystery Box with random crypto!

Бизнесмендер! Алға басыңдар! ⠀ Кәсіп бастау қиын емес. Қалаға | О, Идея 🙇

Бизнесмендер! Алға басыңдар!

Кәсіп бастау қиын емес. Қалаған ісіңді зерттесең болғаны. Әрине, ақшасыз да жасауға болады. Тек мимен жақсы дос болу керек. Клиенттің ақшасына кәсіп жүргізудің бір түрі — Дропшоппинг.

Бұны қалай жүргіземін десеңіздер:
кез келген складпен келісесіз;
тауардың суретін ғана жарнамалайсыз;
тапсырыс бергенде 100% төлем аласыз.
сатып алушы да, сатушы да басқа қалада бола береді.

Қолыңда жоқ затты ұсыну ыңғайсыздау. 2017 жылы Ахметбек Нұрсиланың Бизнес бастауында оқығанда, осы әдіспен қытай тауарларын сатқанмын. Мен Астанада, клиент Атырауда, склад Алматыда. Басында қорқыныш, сенімсіздік болды. Алғашқы клиент ақшасын аударғандағы қуанышымды айтсаңызшы.

Бәрі де мүмкін. Дропшоппинг немен айналысарға білмей жүрген адамға жақсы. Дайын тауарды сатасың. Қазақша айтқанда делдалсың. Тіл байлығың мен кішкене ұятсыздау мінезің болса, тамаша.

Кім Дропшоппингпен айналысқысы келеді?