Get Mystery Box with random crypto!

Қыстың соңғы айына да келіп жеттік. Көктемнің де ауылы алыс е | О, Идея 🙇

Қыстың соңғы айына да келіп жеттік. Көктемнің де ауылы алыс емес. Бойымызға энергия құйылғандай, жанымыз жадырайды. Күннің қызуы жүрегімізді жылытады. Осы кез жаңалыққа ұмтылатын, жеңіске тез жететін кез.

Сенбі күні тайлық баланың бизнес жасаймын деген талпынысын, шарықтауы мен құлдырауын көркем көрсеткен фильм ұсынғанбыз. Ондағы мақсат — кәсіп бастарда қызбалыққа салынбай, жоспар құрудың артықшылығын түсіндіру.

Жоспарланбаған істің дамуы екіталай. Сондықтан, әр қадамыңды бағамдап алу керек. Қайда барсаң да, жаз дейді. Сол балақай секілді қойындәптерлеріңіз болсын. Қағазға түсірілген дүниенің орындалу қасиеті бар.

Ортамызда жаңа іске құлшынып, неден бастарын білмей отырғандар бар. Көп қойылатын сұрақтың бірі осы.

Сіздерге бұрынырақ та айтқанбыз, ьағы қайталаймыз. Қолыңыздан не келетінін анықтаңыз. Онсыз бірдеңе жасау мүмкін емес. Ертеңге дейін айналысатын кәсіптеріңізді белгілеп үлгеріңіз.

Өйткені, ертең осы жерде бизнес план құрудың алғышарты туралы білгенімізбен бөлісеміз.

Кішкене ғана ғұмырда иық тіресе бірге жүріп, бірге дамиық. Қолдап, қолпаштап отырыңыздар.