Get Mystery Box with random crypto!

Қызық айтайын ба? ⠀ Біз мында отырып алып, бизнес деп жар сала | О, Идея 🙇

Қызық айтайын ба?

Біз мында отырып алып, бизнес деп жар саламыз. Өйту керек, бүйтейік деуден кенде емеспіз. Біріміз түсінбей далмыз.

Шулаап отырғанымызда мектептің 11 класында бәрін өтіп тастапты. Масқара. Кәсіпкерлік деген сабақ бар екен ғой. Ау, мектепте жұмысжасап жүрген мұғалімдер! Неге айтпайсыңдар?

Бүгін біліп жатырмын.

«Питчинг» деген термин бар екен. Бірінші рет естідім.

Питчинг — өз ісіңді презентациялау, таныстыру. Бизнес жүргізгің келсе, әдемі сөйле.«Шешен сөйлей алмаған адам мансап иесі бола алмайды»,— депті Напалеон.

Болашақ кәсіпкерлер! Биікке өрлеп, табысты болғыларыңыз келсе, ойыңызды жеткізіп үйреніңіз. Осы жер Сіздер үшін тәжірибе алаңы. Әр күні түрлі ақпараттар жіберіледі. Соған бір ауыз лебіз білдіріп жіберіңіз.

Қалай демалдыңыздар? Ертең жаңа апта. Не план? Кімде қандай ұсыныс, жаңалық бар?

Ортаға салыңыз. Әңгіме айтып, шәй ішейікші .