Get Mystery Box with random crypto!

Кәсіп бастарда жасалатын 3 нақты қадам. Бірдеңе жасауға ниет | О, Идея 🙇

Кәсіп бастарда жасалатын 3 нақты қадам.

Бірдеңе жасауға ниеттеніп жүрсеңіз, сақтап алыңыз.

Алдымен, немен айналысатыныңызды анықтауыңыз керек. Оны тек Сіз ғана білесіз.

1. Тауарға/ қызметке сұраныс мөлшері қандай?

Ол үшін дәл сондай кәсіппен айналысатын 30 инстапарақшаны зерттейсіз.
— Соңғы екі айда не салды?
— Қандай суммаға сатты?
— Клиенттер коментарийде қандай сұрақтар қояды?
Осы мәліметтерді жазып аласыз.

2. Өзіңіздің ерекшелігіңізді табыңыз.
Жұртпен бірдей болу — ештеңе жасамау. Адамдар білмейтін дүниені алуға құмар. Изюминкасын тауып, соны көрсетіңіз.

3. Табыс пен шығысты есептеу. Бастамай жатып қайдан білемін деп отырсыз ба? Конкуренттерден.
Манағы зерттеген парақшалар арқылы мұны да есептей аласыз.

Бұл қадамдарсыз, ісіңіз жүруі екіталай. Рас, кейде сәттілік алға түсіп кетуі мүмкін. Бәрібір, ортаға келгенде тоқырайды. Сол себепті, анализ жүргізіп алыңыз.

Сәттілік, бизнесмендер! Зерттемей-ақ кәсібін дөңгелетіп отырғандар бар ма? Бұлай жасамай бастай берем дегендер қол көтеріп қойыңыздар.