Get Mystery Box with random crypto!

Қуаныш Шонбай мырзадан кеңес Қоржындарыңызға салып қойыңыздар. | О, Идея 🙇

Қуаныш Шонбай мырзадан кеңес
Қоржындарыңызға салып қойыңыздар.

Аққала техникасымен қарызыңнан құтыл

Әрбір Қазақстан азаматы орташа есеппен санағанда банктерге 900.000 теңге қарыз екен.

Мысалы, Азамат мырзаның банкте 4 кредиті бар. Оның айлық табысы - 350.000 теңге. Енді Азамат мырзаның қарызын Аққала техникасын қолданып жауып көрейік.

Аққала техникасының маңызды бөлігі - қосымша қаржы көзі. Азамат мырза қосымша табысты біреуге көмектесу арқылы тапты. Тапқан ақшасы - 20.000 теңге.
Бұл ақша Азамат мырзаның жалпы табысыңның жанында әрине түк те емес. Бірақ бұл ақшаны қарызын төлеуге жұмсаса, құндылығы жоғары болады.

1. Ең кіші қарызы сағат 17 500 (өзінің
төлейтін сомасы) + 20 000 (қосымша табысы). Екеуін қоссақ, 12 айда бөліп төлейтін қарызынан 5 айда құтылады.

2. Телефон 20 000 теңге (өзінің төлейтін сомасы) + 17 500 (сағаттан қалған сома) + 20 000 (қосымша табыс). Ойлаңызшы, 2 жылға алған кредитінен 6 айда құтылады.

3. Көлік 35 000 (өзінің төлейтін сомасы) + 17 500(сағат) + 20 000(телефон) + 20 000(қосымша табыс).

Шамамен, 5 айдың ішінде машинаның қарзынан құтылады.

4. Ипотека 45 000 (өзінің сомасы) + 35 000(көлік) + 20 000(телефон) + 17 500(сағат) + 20 000(қосымша табыс)

1 жылда Азамат мырза ипотека қарызынан да құтылады

Қарызсыз өмірге қадам басыңыздар!

Осы әдісті жасап көргендеріңіз бар ма?
#о_идея