Get Mystery Box with random crypto!

Бүгін аптаны орталап қалдық. Тақырыпты жалғастыра берейін. Иә. | О, Идея 🙇

Бүгін аптаны орталап қалдық. Тақырыпты жалғастыра берейін. Иә.

Кәсіпке керекті адамдарды қалай жинаймын деген сұраққа жауап берсек.

Табысты болу үшін команда керек. Бәрің бір арнада ағатын болсаңыз, міне, жолыңыз болды. Жаныңызға жақын туманы жақындатпаңыз. Келіспей қалсаңыз туыстығыңызға сызат түседі. Алыстан сыйласыңыз.

Кімді алу керек? Таныстарыңыздан іздеңіз. Әріптес, кластас, курстас. Сізді сыйлайтын жандарды.

Өзіңіз білмейтін істің мастерін таңдаңыз. Білімі артық болса, тіптен жақсы. Өз ісін дөңгелентіп отырса болғаны.

Мінезіміз, көзқарасымыз ұқсас болсын деу дұрыс емес. Біріңіз көрмегенді екіншіңіз байқап, түзетеді. Әртүрлі идеялар болады. Қарамағыңыздағыларға ойын айтуына мүмкіндік беріңіз. Бір адамның айтқанымен жүру қүлдырауға әкеледі. Көбірек ақыл сұраңыз. Ойларын ортаға салуын өтініңіз. Айтылған ұсыныстың бәрін жазып отырыңыз. Бірде болмаса бірде кәдеге жарайды. Команда мүшелерін тең дәрежеде ұстаңыз. Қаншалықты қарапайым болсаңыз, соншалық беделді боласыз.

Жұмысқа қабылдарда арнайы анкета дайындаған дұрыс. Көкейіңізде жүрген сұрақтарды жазыңыз. Еркін көсілетін пункттер қосыңыз. Жауаптарға қарап адамның ішкі дүниесін тануға болады. Өзі туралы айтуына жол ашыңыз. Адамдар өздерін мақтағанды жақсы көреді.

Бұл негізгі шарттары. Әр кәсіпкердің жеке әдісі бар. Көппен жұмыс жассған сайын жұмысшы психологиясын тани бастайсың. Басында қателіктер болуы мүмкін. Одан қорқудың қажеті жоқ. Ол тәжірибе.

Ісіңіз берекелі болсын!
#қызмет