Get Mystery Box with random crypto!

Біздің каналымыздың мақсаты — білетінімізбен бөлісіп, ойымызд | О, Идея 🙇

Біздің каналымыздың мақсаты — білетінімізбен бөлісіп, ойымызды ортаға салу. Бүгінде жұмыссыз құр отырған адам жоқ. Тіпті, үйде болсаңыз да, өзіндік тірліктер жасап жүрсіз. Нақты шытырлатып ақша санамаған соң, сондай клеймо таққан. Бұл сонау СССР-дің айтқаны. Жаппай еңбекке салу еді.
Ер, әйел, бала деп бөлмей, үйде бос отырғызбаған. Негізі олай емес.

Кішкене ойланыңызшы. Түк бітірмейтін адам болмайды. Оймен болса да, еңбек етеді.

Қоғамның айтқанына құлақ аса бермеңіз. Бүгін болмаса, ертең болады. Үміттеніп, фокусты, ниетті бір нәрсеге қойыңыз. Қолынан түк келмейтін адам жоқ. Тек қозғалуға қорқады. Өзіне сенімі жоқ.

Оған да сіз кінәлі емессіз.
Бала кездегі қателікті терген мұғалім мен айтқаныңызға сенбеген ата-ана. Олардың санасына сіңдірген тағы да — қоғам. Балам мықты болсын, қалт баспасын деді.

Сондықтан, ешкімді кінәламай, орныңыздан тұрыңыз. Алған бетіңізбен жүріңіз. Тоқтамаңыз. Құласаңыз, ештеңе етпейді. Тұру оңай. Басқаға мойын бұрмаңыз. Ақылын тыңдаңыз, айтқанымен жүрмеңіз. Сіздің өз жолыңыз бар. Адаспайсыз.

Отырған әрқайсысыңыз огиналсыз. Осы жерге «Мен — МЫҚТЫМЫН» деп жаза кетіңіз. Қанша екенбіз?
#о_идея
#шабыт