Get Mystery Box with random crypto!

Өлім — жаратылыстың бұлтартпай бұғаулайтын тұзағы. Біреуге ерт | Кітап үзіндісі

Өлім — жаратылыстың бұлтартпай бұғаулайтын тұзағы. Біреуге ерте, біреуге кеш келеді. Уақыт шіркін мидың ине көзіндей тесігінен құмсағаттай сырғып өте шығады. Смерть— это приговор природы, не подлежащий обжалованию! Соны анық біле жүріп өмір сүру — адамзаттың ұлылығы. Қалай десең де, өлімнің аты ызғарлы, тіпті асарын асап, жасарын жасап, немере, шөбере, туажат сүйіп өлсе де, тіршіліктен қайтады. Қурай сынды дей алмайсың. Суық қара жерге, қараңғы көрге мәңгі жалғыздыққа аттанады. Айналасындағыларды дір еткізіп, бір сәт алды-артына көз жіберуге мәжбүр етеді. Күйкі-күйбеңмен қоқыс дүние үшін кеткен асыл уақытына өзегі өртене өкініп, алдағы күнін басқаша барлайды. Той үстінде өкпелескен, өлім тұсында татуласады. Жүз көріспей жүрген ағайын арасындағы араздық осындайда ымыраға келіп, жымдасады. Тірілер тірлігіне іштей тәубе етіп, жарық дүниенің қадіріне жетуге тырысады. Міне, не үшін құрметтеу керек өлімді!

Зейнеп Ахметова "Шуақты күндер"