Get Mystery Box with random crypto!

'Нәпсі' деген не? Шәкәрімше айтсақ 'сырт айналса жүрекке жал | Кітап үзіндісі

"Нәпсі" деген не?

Шәкәрімше айтсақ "сырт айналса жүрекке жалын салған". Нәпсі құмары бір көрмеге сондай сұлу, мінсіз десе де болады.
...Қысқасы бастағы көзге сенуге болмайды. Ол - алдайды. Ол - жалған: бастағы көз арқылы нәпсі (жануарлық жан, құмарлық) көреді. Ол сені алдап тұр. Шаруасын бітіріп алған соң айнып шыға келеді. Сөйтіп адам танымы қателікке ұрынады. Сондай бір нәпсі жалғанның арбауына түскен қазақтың "сырқатынан" айығып, құмарлықтың мастығы тарқаған кезде шығарған бір мақалы бар: "Қыз күнінде бәрі жақсы, жаман қатын қайдан шығады" - деген. Ал шын мәнінде "жаман қатын" қыз кезінде де жаман болған. Бірақ оны көретін көз қайда? Егер ол жігіт бас көзімен қарамай, ақыл көзімен (жүректің көзімен) қараса, дәл мұндай опынатын жағдайға түспес еді.
Нәпсінің қорлығын әбден көрген жан одан құтылуды армандайды. Ол құтылуды Шәкәрім "өлім" деп атайды. Өлім болғанда адамның өз өлімі емес, оның жануарлық нәпсісінің өлімі. Нәпсісі өлмей адам құмарлықтың азабынан әсте құтылмақ емес. Сондықтан ойшыл өлімді армандайды, нәпсінің қазасын аңсайды. Бірақ бұл оп-оңай бола қалатын шаруа емес. Оның да жөн-жобасы бар, жолы бар. Нәпсіден қалай құтылуды Ынсап біледі, бірақ ол нәпсінің үйіндегі зынданда жатыр. Енді қалай болғанда Ынсапты босатып алу керек, сонан соң ол Нәпсіден құтылудың жолын көрсетеді, құмарлық ауруының емін табады.

Омар Жәлелұлы "Харекет"