Get Mystery Box with random crypto!

Мына өмірде әр дүниенің басы мен аяғы бар екендігі туралы ойла | Кітап үзіндісі

Мына өмірде әр дүниенің басы мен аяғы бар екендігі туралы ойланып па едіңіз? Бұл ақиқатты бәріміз білетін секілдіміз, бірақ оны бойлай зерттеп, түсінуге тырыспағандықтан, ол жүрекке жетпей жатады.

Иә, бұл өмірде бәрі өткінші. Бәрі қас-қағым. 365 күн, 24 сағат бойы тек қана жарқырап тұрған күнді, керемет ауа-райын, ашық көк аспанды ғана көрмейміз ғой. Арасында жел тұрады, дауыл соғады, жаңбыр жауады, сосын кемпірқосақ көрінеді, қайтадан аппақ қар жауады. Табиғаттың төрт мезгілі ауысады. Біздің өміріміз де тура сондай. Тек қана жарқыраған күнді көргісі келген адам тамшылап жауған жаңбырдан рахат алмайды. Күшті соққан желге қарсы тұруға тырыспайды. Ол бар қуатын күнді аңсауға ғана жұмсайды. Ал олай болуы мүмкін емес. Сосын сол адам, «Менің жолым болмады» деп, тастүйін болады. Шын мәнінде, жел де, дауыл да, жаңбыр да - бәрі өткінші. Қарым-қатынаста да дәл сондай. 24/7 махаббатқа мас болып, сүйіп-күйіп өмір сүргілері келеді. Бұл мүмкін емес. Кез-келген жағдайда ақыл-ойға жүгінуге тырысыңыз. Өміріміздегі кез-келген жағдай - болуы мүмкін нәрселердің ішіндегі қайырлысы.

Мәрзия Бекайдар "Қисық қабырға"

@kitapuzindisi