Get Mystery Box with random crypto!

Шайға отырған соң, Шеген маған тағы үш түрлі өсиет айтты... — | Кітап үзіндісі

Шайға отырған соң, Шеген маған тағы үш түрлі өсиет айтты...
— Алтын жатса — алмаймыз! Бір ме?
— Бір
— Өтірік aйтпаймыз Екі ме?
— Екі
— Алдау үшін өтірік айтсаң, кешіреді екен деме, алданбау үшін өтірік айтсаң, іркілме! — деп, бір тоқтағанда мен:
— Үш, деп қалдым.
— Жоқ, үш емес, әлі екеу-ақ, — деді Шеген. — Үшіншім үш күннің ішінде бізбен бірге қуанып, бізбен бірге мұңаятын боласың. Өз бетіңмен оңаша қуанып, оңаша мұңаятын болсаң сен бізге жолдас та емессін. Қуана біліп, мұңая білмесең тіпті жақсы. Осымен үш болады! — деді.
— Үш! — дедім ризалығымды білдіріп...
— Уәде ғой?
— Уәде!

Ғабит Мүсірепов "Қазақ солдаты"