Get Mystery Box with random crypto!

Кітаптың «ең әулиесі» дейтін құранға, оның өкшесін баса жүреті | Кітап үзіндісі

Кітаптың «ең әулиесі» дейтін құранға, оның өкшесін баса жүретін шариғатқа бақса, ең алдымен әйелді солар қорлайды. Өйтуі емей немене? Дін кітаптарының бәрінде де бір еркектің бірнеше әйелді қатар иемденуіне болады, ал бір әйелдің бірнеше ері болуына ұлықсат жоқ. Еркектің де, әйелдің де некеден бұрыла басуын «зина» дейді, шариғатта ол – күнә. Айжанның ойынша, «бірнеше әйелі бар еркек бұрыла басып қайтеді? Ал, көптің бірі болатын әйел, бұрыла баспағанда қайтеді?..» Ендеше, шариғат оны неге қылмыс санайды?!.. Шариғаттың бұл әйелге деген бірінші әділетсіздігі.

Екінші шариғаттың айтуынша, «зина» жасаған күндерде, қиямет қайым кезінде әйелдің тартар азабы, еркектен әлдеқайда ауыр және ұзақ. Айжанның ойынша, «күнә атаулының бәрі бір емес пе? Ендеше, жазасын да неге тең тартпайды?!

Үшінші, бұл дүниедегі хұқұқ (право) жағынан әйел шариғатта жарты кісі, ал анау дүниеде тіпті теңсіз. Олай дейтіні, күнәсіз я күнәсінен арылған еркек ол дүниеде жұмаққа кіреді де, хордың қызын құшады, ал, әйел ол дүниеде өзгелер түгіл, өз ерінен де құралақан қалады... Бұл да сорақы әділетсіздік емес пе?

Сәбит Мұқанов "Аққан жұлдыз"