Get Mystery Box with random crypto!

Бір кісі аты аңызға айналған қаһарман Бауыржан Момышұлынан: – | Кітап үзіндісі

Бір кісі аты аңызға айналған қаһарман Бауыржан Момышұлынан:
– Бауке, айтыңызшы, жер бетіндегі ең батыр адам кім өзі? – деп сұрапты. Сонда батыр атамыз еш ойланбастан:
– Жер бетіндегі ең батыр жан – қыз баласы, – деп жауап берген. Оның мәнісін сұрағанда былай түсіндіреді:
– Мен қанша батыр болсам да, бөтен, танымайтын елде бір сағат та тұрғым келмей, бойымды үйретуге жүрексініп қашамын. Ал қыз барған жерінде өмірінде көрмеген, танымайтын адамдармен тіл табысып, сол елді біріктіре, сыйлата да алады, қаймықпастан ұрпағын көбейтіп, сол елді жеңіп, мәңгі билейді, – деген екен.

Хадиша Ермекқызы "Ана болуға дайындық"