Get Mystery Box with random crypto!

JOO | ҰБТ 2023, ЕНТ, ГРАНТ

Telegram арнасының логотипі jookzchannel — JOO | ҰБТ 2023, ЕНТ, ГРАНТ J
Telegram арнасының логотипі jookzchannel — JOO | ҰБТ 2023, ЕНТ, ГРАНТ
Арна мекенжайы: @jookzchannel
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 10.80K
Арнадан сипаттама

Талапкерлерге арналған канал 🧡
ТЕГІН пробный тест: https://bit.ly/3b94McK

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 162

2021-05-03 14:30:14 Танымал адамдардан 10 ақыл-кеңес

"Айтқан істі орындамайтын және айтқан істен артық ештеңе жасамайтын адам ешқашан жоғары көтерілмейді" - Эндрю Карнеги

"Күнделікті өмірдегі қиындықтарға емес, өзіңнің мақсатыңа көңіл аудар" - Argentaire

"Адамда өз арманының орындалуына керек нәрсенің барлығы бар" - Пауло Коэльо

"Көптеген адамның табысқа жете алмауының бір себебі - бар уақытын ұсақ-түйекке арнайды" - Джим Рон

"Еңбекке дағдыланып алсаң болды, онсыз тіршілік ете алмайсың. Бұл дүние дегеннің бәрі еңбекке байланысты" - Луи Пастер

"Тәжiрибе дегенiмiз - әркiмнiң өз қателiктерiне беретiн атауы" - Оскар Уайльд

"Үш фактор: қорқыныш, батылсыздық және күдiк туралы ұмытпаңыз, олармен белсендi күресiңiз" - Оскар Уайльд

"Өзіңмен өзің бол. Басқа рөлдер бос емес" - Оскар Уайльд

"Сәтсіздік - бәрін де ақылға салып жаңадан бастауға берілетін мүмкіндік" - Генри Форд

"Ынта болса, адамның қолынан келмейтін нәрсе жоқ" - Генри Форд
4.2K views11:30
Ашу / Түсініктеме
2021-05-02 20:45:51 Грантқа түсе алмаймын деп қорқамын

ҰБТ тапсыратын түлек саны 120.000-ға жуық десек

Осы жылы 60.000-ға жуық грант бөлінеді десек

Почти 2 оқушының 1 грантқа түсе алады!

Ең бастысы: Грант конкурсына 4 таңдауды дұрыс жасау!

Именно саған арнап видео дайындап қойдық. Видеоны қара! Сілтеме



4.4K views17:45
Ашу / Түсініктеме
2021-05-01 12:54:14
2-ші ҰБТ-ға тіркелмес бұрын оқы!

Бүгін, 1 мамыр, сағат 17:00-де ҰБТ-ны тапсыруға ЕКІНШІ МҮМКІНДІККЕ тіркелу басталады.

ТІРКЕЛУ ҮШІН app.testcenter.kz сайтына кіріп тапсыратын күніңді және орыныңды таңдайсың

Екінші мүмкіндіктің күнін бірінші тіркелген күннен ертерек таңдай аласың.

Мысалы: бірінші мүмкіндік-10 маусым, екінші мүмкіндікке-30 мамыр тіркелуге болады

Және екі мүмкіндікте екі түрлі бейіндік пән таңдай аласың

Мысалы: бірінші мүмкіндікке - Дүниежүзі тарихы/Адам және қоғам, екінші мүмкіндікке - химия/биология

Тіркелгеннен кейін ҰБТ-ны тапсыру КҮНІН және ОРНЫН өзгерте алмайсың.

Егер сен бірінші мүмкіндікке әлі тіркелмеген болсаң, сенің мүмкіндігің жойылмайды. Әлі де екі күнді таңдап тапсыра аласың.

Барлықтарыңа сәттілік
5.2K views09:54
Ашу / Түсініктеме
2021-04-29 16:03:21 ҰБТ-да уақытты тиімді пайдаланудың алты тәсілі

ҰБТ-ны сәтті тапсыру дұрыс жауаптарды таба алу мен қатар, уақытты тиімді пайдаланумен де тікелей байланысты. Себебі әр тапсырмаға жуықтап алғанда 2-ақ минут беріледі.

Талапкерлерден уақыттың жетпей қалғандығы немесе “тағы уақытым болғанда мына есепті де шығара алатын едім” деген уәждерін көп естиміз.

Үнемдеген әрбір секундыңыз өте маңызды. Мысалы қарапайым тапсырманы 30 секундта орындасаңыз, қиын есепке 2 минут емес 3,5 минутыңыз болады.

Төменде сіздерге ҰБТ кезінде уақытты тиімді пайдаланудың 6 түрлі тәсілін көрсеттік:

1 - Дайындық тестілеулерді (пробное тестирование) нағыз ҰБТ секілді тапсырып шынығыңыз

2 - Адамның миы "фильтр” сияқты жұмыс жасайды. Мысалы, оқу сауаттылығындағы мәтінге байланысты тест сұрақтарын мәтіннен бұрын оқу керек. Артынан мәтінді оқығанда миыңыз керекті жауапты мәтіннің ішінен сұрыптап алады

3 - Қиын есептерде ұзақ түрып қалмаңыз. Себебі сол уақытта сіз бірнеше қарапайым тапсырманы орындайтын уақытты жоғалтасыз

4 - Оңай тапсырмаларды бірінші орындаңыз. Осылай жасасаңыз өзіңізге деген сенімділік артады, себебі сіз қанша тапсырманы орындағаныңызды және қалған қиынырақ тапсырмаларға қанша уақытыңыз қалғанын нақты біле аласыз. Оған қоса оңай тапсырмалардан үнемдеген уақытыңызды күрделі есептерге жұмсайсыз. Ал кей жағдайларда шығарып қойған оңай есептеріңіз күрделі есептердің шешімінің маңызды бір бөлігі болып жатады

5 - Жауапты білмейтініңіз анық болса, ол тапсырмаға көп уақыт жұмсамаңыз. Себебі көп ойланудың пайдасы бола бермейді, керсінше әртүрлі күдік ішінде қаласыз

6 - Түйсігіңізге сеніңіз. Психологтардың айтуынша ойыңызға келген бірінші жауап көп жағдайда дұрыс болады
5.6K views13:03
Ашу / Түсініктеме
2021-04-29 11:05:37
Тест тапсыру ТЕГІН!

Сендер сұрадыңдар, біз жасадық.

ҰБТ-ға аз уақыт қалғанда Қазақстанда тұратын барлық оқушыларға көмек ретінде қосымшадағы тест тапсыруды ТЕГІН қылдық.

Тест тапсыру уақыты 4 сағат. Тест бастағаннан кейін уақыт тоқтамайды.

Тест тапсыр да, бүкіл тест тапсырған оқушылардың ішіндегі өз рейтингіңді көр

Әр апта бір жаңа тест тапсыра аласың. Әр дүйсенбі демалыс күні және жалпы рейтинг шығатын күн.

Жуырда қатемен жұмысты, басқа пәндерден тестті және орысша нұсқаны қосамыз

Тестті біздің приложениеден "Дайындық" бөлімінен табасың. Сілтеме арқылы өтіп, приложениені жүктеп ал

https://joo.kz/app-link-redirect
5.0K views08:05
Ашу / Түсініктеме
2021-04-29 08:57:47 Осы постты ата-анаңа жібер!

Құрметті ата-аналар!

Қазір ұл-қыздарыңыз ҰБТ-ға қатысып жатыр. Бәріңіз уайымдап жатырсыздар. Балаңыз жақсы тапсырып шыққанын қалайсыздар.


Бірақ осы қысылтаяң кезеңде мынаны ұмытпаңызшы: бұл емтиханға қатысып жатқан талапкерлердің арасында математиканы аса қажет етпейтін суретші отыруы мүмкін.

Химия немесе биологияны сүйіп оқымайтын болашақ кәсіпкер отыруы мүмкін.

Физикаға мұқтаж емес болашақ сазгер не музыкант отыруы мүмкін.

Бұл жерде отырған болашақ спортшыға дүниежүзі тарихынан гөрі дене шынықтыру пәні маңыздырақ.

Ұл-қызыңыз жоғары балл жинаса, керемет! Егер төмен балл жинап қалса, оның үмітін сөндіретін сөздер айтпауыңызды сұраймыз. Оның өзіне сенімділігін азайтпаңыз. «Ештеңе етпес. Бұл жай ғана емтихан ғой» деп арқасынан қағып қойыңыз.

Өмірде олардың алдынан түрлі емтихан шығады. Олар қанша сүрінсе де, үміті өшпейтін, сенімі сарқылмайтын, жігері мықты, мақсаты айқын тұлға болуы тиіс. Балаңызға қандай баға алса да, бәрібір жақсы көріп, қолдайтыныңызды айтып, күш беріп қойыңыз. Олардың алатын асуы әлі алда. Олар әлі елге пайдасын тигізетін үлкен азамат болады.

Бір ғана емтихан немесе нашар баға олардың армандарын жоймайды. Оқуға түсіп кеткендер ғана бақытты, түспей қалғандар тегіс бақытсыз деген ұғым ақылға сыймайтынын өзіңіз де анық білесіз.
4.2K views05:57
Ашу / Түсініктеме
2021-04-28 11:04:47
Мамандық жалақылары

Мамандығым бойынша оқығаннан кейін қандай жұмыс жасайтыным және жалақысы қанша екенін қайдан көрсем болады?

Енді біздің приложениесінен көре аласың

Приложениеде кез-келген мамандыққа кірсең, "Сала жалақылары" бөлімінде вакансияларды көресің.

Вакансиялар HeadHunter желісінен алынған. Және дәл қазіргі сәтте актуалды

Яғни компаниялар вакансияда белгілі бір маман үшін қанша төлеуге дайын екенін және ол маман не істеу керек екенін жазған.

Сол арқылы сен мамандығыңды бітіргеннен кейін шамамен қанша таба алатыныңды және немен айналысатыныңды көре аласың

Тура қазір төмендегі сілтеме арқылы өтіп приложениені обновить ет!

https://joo.kz/app-link-redirect
4.4K views08:04
Ашу / Түсініктеме