Get Mystery Box with random crypto!

JOO | ҰБТ 2023, ЕНТ, ГРАНТ

Telegram арнасының логотипі jookzchannel — JOO | ҰБТ 2023, ЕНТ, ГРАНТ J
Telegram арнасының логотипі jookzchannel — JOO | ҰБТ 2023, ЕНТ, ГРАНТ
Арна мекенжайы: @jookzchannel
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 10.80K
Арнадан сипаттама

Талапкерлерге арналған канал 🧡
ТЕГІН пробный тест: https://bit.ly/3b94McK

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 156

2021-06-04 09:38:12 Консультация дегеніміз не?

Сілтеме:

2.8K views06:38
Ашу / Түсініктеме
2021-06-04 08:00:46 ​​Өміріңді жақсы жаққа өзгерткің келсе...

1. Жан-жағыңа саған қолдау көрсетіп, үнемі көмектесуге дайын тұратын адамдарды жина.

2. Ең алдымен, өз-өзіңді құрметтеп үйрен. Өзіңді және өз армандарыңды бағалап, жақсы көрсең ғана, өзгелерді құрметтей аласың.

3. Қателесу - прогресске бастар жол екенін есіңнен шығарма. Тек ештеңеге қызықпайтын, алға қойған мақсаты жоқ адамдар ғана қателік жасамайды.

4. Өткенге қайта-қайта үңіліп, болашаққа ерте жүгірме. Одан да бүгініңді ойлап, қазірмен өмір сүруге асық.

5. Басқа адамдардың жетістігіне риза болып, шын жүректен қуана біл. Бұл сені басқалардың алдында өзіне сенімді адам ретінде көрсетеді. Көр де тұр, уақыт өте келе өзгелер де сенің жетістігіңе дәл солай шынайы қуанып, сені қолдайтын болады.
3.1K views05:00
Ашу / Түсініктеме
2021-06-03 17:26:15 Грантқа шектік балл 2021

Қашан шығады?

Сілтеме:

3.7K views14:26
Ашу / Түсініктеме
2021-06-03 13:40:44 ​​Ауыл квотасына балл қосыла ма?

Ауыл квотасына ешқандай балл қосылмайды.
Сонда қалай есептеледі?

Барлық гранттардың 70 проценті жалпы конкурспен тағайындалады. Ал қалған 30 проценті ұпай санына қарай ауыл жастарының арасында таратылады. Квотасы бар басқа азаматтар алдымен жалпы конкурсқа қатысады. Одан өтпесе, квоталық гранттарға таласады. Онда да ҰБТ-ның ұпай саны ескеріледі.

Және бүкіл түлектер ең алдымен жалпы грант конкурсына қатысады. Ал ауылдық елді мекенде бітірген түлектер ЖАЛПЫ ГРАНТ КОНКУРСЫНАН грант иегері атанбаса, ауылдық квотаға бөлінген грант конкурсына қатысады!

Жалпы ГРАНТ конкурсынан ұта алмай қалсам, ауыл квотасына қалай тапсырамын?

Егер сен ауылдық елді мекенде бітірсең сені автоматты түрде ауыл квотасына бөлінген ГР АНТ конкурсына қатыстырады.

Арнайы құжат тапсыруы қажет пе?

Жоқ, ешқандайда құжат қажет емес.

Барлық мамандықта ауыл квотасы болады ма?

Жоқ, тек ауылды жерде жұмыс істеуге болатын мамандықтарда ғана болады! Қай мамандықтарда ауылдық квота бар екенін приложенияда “МАМАНДЫҚТАР” бөлімінен көре аласың!

Сонда оқу бітірген соң ауылда жұмыс істеу қажет пе?

Әрине, міндетті түрде оқуды тәмәмдаған соң ауылға барып, мамандығың бойынша 3 жыл жұмыс жасайсың!

Ал, ауылда жұмыс істегім келемесе ше?

Ол кезде ауылдық квота бойынша оқыған мамандығыңнын 4 жылдық оқу ақысын толығымен мемелекетке қайтарасың!
4.2K views10:40
Ашу / Түсініктеме
2021-06-02 14:31:10 Грант ұтқан оқушылар:

Тікелей эфиріміз сәтті шықты

7 оқушымызға гранттарын табыстадық. Сол шетте отырып өздеріне тікелей хабарластық.

Эмоцияларын естігенде қуанышымызда шек болмады

Эфирді сақтап қойдық. Сілтеме:



1.8K viewsedited  11:31
Ашу / Түсініктеме
2021-06-01 10:04:35 КОНКУРС

Сілтеме: https://www.instagram.com/p/CPkXV4NlsyC/?utm_medium=copy_link
473 views07:04
Ашу / Түсініктеме
2021-05-31 13:15:53 ҰБТ-ДАН ЕКІ АПТА БҰРЫН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Қайталау керек!

Енді жаңадан бір нәрсе үйреніп қажет емес. Жыл бойы үйренген нәрселеріңізді бір қайталап шығыңыз. Асықпай, мән беріп. Тарихи даталар, адам аттары, формулалар, жер аттары адамды көбіне шатастырады. Қайталау арқылы соны санада шегелеп аласыз.

Әсіресе, таңертең ерте тұрып қайталаудың пайдасы зор. Ыстық кофе не шай ішіп, жаттығу жасап, ыстық-суық сумен душ қабылдап сергіп алыңыз. Таңда ерте тұрсаңыз, күніңіз өнімді өтеді.

Телефон, теледидар, бәдік достар, жаңалықтар сізге білімді қайталауға кедергі жасамасын.
2.3K views10:15
Ашу / Түсініктеме
2021-05-30 18:30:37 - ҰБТ-да коррупция азайды ма?

- Оқушы мамандықты қалай таңдайды?

- Университтердегі білім жағдайы қандай?


"Мамандық таңдау" тақырыбына байланысты "Неге?" ток шоуы бағдарлама жасаған болатын.

Сол бағдарлама директорымыз Қанат ағай қонақ ретінде барып, өз ойымен және JooKz-тің қандай жұмыс атқарып жатқанымен бөлісті.

Сілтеме:

3.8K views15:30
Ашу / Түсініктеме
2021-05-30 00:30:09 Челсиді чемпион болады деп ойладың ба?
1.6K views21:30
Ашу / Түсініктеме
2021-05-29 10:50:19 Оқу ақысының төмендігі

Қытайдың ең атақты жеке коммерциялық университеттерінің қатарына жататын "Синьдунфан" университетінің басшысы Юй Миньхун қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. Миньхун мектепте үштік бағаға оқып, жоғарғы оқу орнына тапсыратын емтиханнан екі рет құлайды. Кейін Пекин университетінің шет тілдер факультетіне оқуға түсіп, TOEFL және GRE секілді емтихандарды жақсы тапсырып шықса да, бірде-бір шетелдік оқу орнына қабылданбайды. 

Пекиндегі қымбат өмір, таусылмайтын емтихандар Юйдің отбасына қаржылай жағынан ауыр тиіп, Миньхун ағылшын тілінің мұғалімі ретінде қосымша жұмыс істеуге мәжбүр болады. Алайда ол кезде студенттерге жұмыс істеуге тыйым салынғандықтан, бұл жұмысын Минхунь ұзақ алып, жүре алмайды. 

Әр аяқ басқан сайын сәтсіздікке тап бола берсе де, берілмей, 1993 жылы ол "Синьдунфан" атты ағылшын тілін үйрететін курс ашады. Бастапқы кезде жарнамаға ақшасы болмай, курсқа шақыру жарнамаларын үйлердің сыртына өзі іліп, курстың алғашқы 20 сабағын тегін етіп қояды.  

Оқу ақысының төмендігі мен жарнаманың арқасында курсқа жазылғысы келетіндер ағылып келе бастайды. Бірте-бірте "Синьдунфан" курстары дамып, міне, бүгінде Қытайдағы шет тілдерді үйрететін, ең ірі білім беру орталықтарының біріне айналып отыр. 

Юй Миньхун өзінің бұл жетістігі туралы: "Сенің жастық шағың өз армандарыңды алдап соқпасын" деп айтқан екен. Бұл өз арманын жүзеге асырып, қалағанына қол жеткізген, Қытайдың атақты адамдарының бірі берген ең керемет кеңес десек те, артық емес.
3.3K views07:50
Ашу / Түсініктеме