Get Mystery Box with random crypto!

Осы постты ата-анаңа жібер! Құрметті ата-аналар! Қазір ұл- | JOO | ҰБТ 2023, ЕНТ, ГРАНТ

Осы постты ата-анаңа жібер!

Құрметті ата-аналар!

Қазір ұл-қыздарыңыз ҰБТ-ға қатысып жатыр. Бәріңіз уайымдап жатырсыздар. Балаңыз жақсы тапсырып шыққанын қалайсыздар.


Бірақ осы қысылтаяң кезеңде мынаны ұмытпаңызшы: бұл емтиханға қатысып жатқан талапкерлердің арасында математиканы аса қажет етпейтін суретші отыруы мүмкін.

Химия немесе биологияны сүйіп оқымайтын болашақ кәсіпкер отыруы мүмкін.

Физикаға мұқтаж емес болашақ сазгер не музыкант отыруы мүмкін.

Бұл жерде отырған болашақ спортшыға дүниежүзі тарихынан гөрі дене шынықтыру пәні маңыздырақ.

Ұл-қызыңыз жоғары балл жинаса, керемет! Егер төмен балл жинап қалса, оның үмітін сөндіретін сөздер айтпауыңызды сұраймыз. Оның өзіне сенімділігін азайтпаңыз. «Ештеңе етпес. Бұл жай ғана емтихан ғой» деп арқасынан қағып қойыңыз.

Өмірде олардың алдынан түрлі емтихан шығады. Олар қанша сүрінсе де, үміті өшпейтін, сенімі сарқылмайтын, жігері мықты, мақсаты айқын тұлға болуы тиіс. Балаңызға қандай баға алса да, бәрібір жақсы көріп, қолдайтыныңызды айтып, күш беріп қойыңыз. Олардың алатын асуы әлі алда. Олар әлі елге пайдасын тигізетін үлкен азамат болады.

Бір ғана емтихан немесе нашар баға олардың армандарын жоймайды. Оқуға түсіп кеткендер ғана бақытты, түспей қалғандар тегіс бақытсыз деген ұғым ақылға сыймайтынын өзіңіз де анық білесіз.