Get Mystery Box with random crypto!

2-ші ҰБТ-ға тіркелмес бұрын оқы! Бүгін, 1 мамыр, сағат 17:00- | JOO | ҰБТ 2023, ЕНТ, ГРАНТ

2-ші ҰБТ-ға тіркелмес бұрын оқы!

Бүгін, 1 мамыр, сағат 17:00-де ҰБТ-ны тапсыруға ЕКІНШІ МҮМКІНДІККЕ тіркелу басталады.

ТІРКЕЛУ ҮШІН app.testcenter.kz сайтына кіріп тапсыратын күніңді және орыныңды таңдайсың

Екінші мүмкіндіктің күнін бірінші тіркелген күннен ертерек таңдай аласың.

Мысалы: бірінші мүмкіндік-10 маусым, екінші мүмкіндікке-30 мамыр тіркелуге болады

Және екі мүмкіндікте екі түрлі бейіндік пән таңдай аласың

Мысалы: бірінші мүмкіндікке - Дүниежүзі тарихы/Адам және қоғам, екінші мүмкіндікке - химия/биология

Тіркелгеннен кейін ҰБТ-ны тапсыру КҮНІН және ОРНЫН өзгерте алмайсың.

Егер сен бірінші мүмкіндікке әлі тіркелмеген болсаң, сенің мүмкіндігің жойылмайды. Әлі де екі күнді таңдап тапсыра аласың.

Барлықтарыңа сәттілік