Get Mystery Box with random crypto!

JOO | ҰБТ 2023, ЕНТ, ГРАНТ

Telegram арнасының логотипі jookzchannel — JOO | ҰБТ 2023, ЕНТ, ГРАНТ J
Telegram арнасының логотипі jookzchannel — JOO | ҰБТ 2023, ЕНТ, ГРАНТ
Арна мекенжайы: @jookzchannel
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 10.80K
Арнадан сипаттама

Талапкерлерге арналған канал 🧡
ТЕГІН пробный тест: https://bit.ly/3b94McK

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 153

2021-06-24 10:44:30 Қызықты идея

1. Өмірге қалай қарайтының, сенің қаншалықты креативті ойлайтыныңның көрсеткіші. Уолт Дисней өзін Дисней кейіпкерлері ретінде елестетіп, мультфильмдерінің желісін соған сүйеніп құрса, Никола Тесла өзін болашақта өмір сүріп жатқандай елестетіп, соған сай өнертабыстар ойлап шығарған.

2. Эйнштейн өзін бала секілді сезініп, үнемі үлкен қызығушылықпен жан-жағындағы адамдарға әлем, кеңістік, уақыт туралы сұрақтар қойып отырған. Егер оны қандай да бір мәселе мазаласа, ол оны шешудің креативті жолдарын ойлап табуға тырысқан. Әлгі мәселені әр қырынан қарап, толықтай зерттеп болмайынша, ол бір шешімге келмейтін болған.

3. Пабло Пикассоның айтуынша суретші сурет салғанда ішіндегі барлық ойларын және сезімдерін ақтарып отырып, сурет салады. Егер Пикассоға орманның суретін салу қажет болса, ол орманға барып, тек жасыл түс жайлы ойлауға тырысатын болған. Жасыл түске әбден қанығып алғаннан кейін ғана ол картина салуға кіріседі екен. Сен де осы Пикассоның әдісін қолданып, қандай да бір мәселені шешу үшін сол мәселе жайлы барлық материалдарды жинап, танысып, ойыңа жаңа идеялар келсе, соларды негізге ала отырып, бір шешім шығаруыңа болады.

4. 20 әртүрлі затты таңдап алып, оларды екі топқа бөліп, он-оннан жазып шық. Енді сол жағындағы бір затты алып, оны оң жағындағы бір затпен байланыстырып, біріктіріп көр. Бір-біріне ұқсамайтын екі затты байланыстыру сенің креативті ойлауыңды дамытып, қызықты идеялардың туындауына әкелуі мүмкін.

Осы постты 7 досыңа тарат, саған рахмет айтсын)))
2.0K views07:44
Ашу / Түсініктеме
2021-06-23 08:27:53 ҰБТ-да 50 баллдан төмен жинасам

Не істеуге болады?

Грантқа түсе алмайтының анық. 50 баллдан төмен жинасаң ЖООлар ақылы бөлімге де қабылдамайды.

Енді не істеуге болады? Бір шешімі бар!

Талапкерді шартты түрде оқуға қабылдау деген бар.
50 балды жинай алмаған түлектер үшін жоғары оқу орнына «Шартты түрде қабылдау» жүргізіледі.

Шартты түрде оқуға қабылдау тәртібі:

Талапкер келесі құжаттарды тапсырады:
• арнайы бланктегі өтініш;
• аттестат немесе жалпы орта, техникалық және кәсiптiк (бастауыш кәсіптік немесе орта кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi) оқу орнын бiтiргенi туралы диплом қосымшасымен (түпнұсқа);
• кешенді тестілеу өткізу үшін төленген түбіртегі;
• 3×4 көлеміндегі 8 фотосурет;
• 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама (флюорографиялық сурет);
• жеке куәлігінің көшірмесі;

Жоғары оқу орнымен келісімшарт бір академиялық оқу мерзіміне жасалады (қыркүйек-желтоқсан).

Талапкер келесі жылғы қаңтардағы ҰБТ тапсыру қажет.

Ол үшін шартты түрде қабылданған студент жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына Қаңтардағы ҰБТ қатысу үшін арнайы бланктегі өтініш толтырып және қаңтардағы ҰБТ үшін төленген түбіртегін тапсыру қажет.

Және қаңтардағы ҰБТ-дан әр пәннен кемінде 5 балл және жалпы 50 баллдан асырып жинау керек.

Егер қаңтардағы ҰБТ-да 50 баллдан асырып жинап берсе, онда оқуын ақылы түрде жалғастырады.

Егер бұл ҰБТ-дан да 50 балл жинай алмаса, шартты орындамаған болып оқудан шығарылады.

Түлектер үшін актуалды ақпараттарды бірінші болып оқығың келсе, приложениені жүктеп ал:

https://rr.joo.kz/app-link-redirect
15.7K viewsedited  05:27
Ашу / Түсініктеме
2021-06-22 15:37:03 Бәсекелестік үздіксіз дамуды талап етеді!

Бәсекелестік - жетістікке жетуге көмектесетін ең үздік жол, себебі ол:

1. Сәтсіздіктің дәмін сезініп, тәжірибе жинауға мүмкіндік береді. Бәсекелестік болған соң бір адам жеңімпаз атанып, бір адам жеңіліс табады. Жеңіліс тапқан адам қарсыласына ашу-ыза ұстамай, керісінше, соған қарап бой түзеуге тырысады. Міне, бәсекелестіктің екі адамға үйреткісі келетіні де осы нәрсе.

2. Адам бойындағы жауапкершілік және тәртіп секілді маңызды қасиеттерді дамытады. Мақсатқа жету үшін алдын-ала барлығын жоспарлап, өз іс-әрекетіңе жауапкершілік ала білу керек. Әйтпеген жағдайда қарсыластарың сенен озып кетуі мүмкін. Сол үшін де, өз уақытың мен күш-қуатыңды дұрыс саралап, тайм-менеджменттің сырларын меңгеріп алғаның жөн.

3. Өзіңе деген сенімділікті арттырып, көпшіліктің назарына ұшырау қорқынышынан арылтады. Қасыңдағы қарсыластарыңның арасынан бөлініп шыққың келсе, өз қабілеттеріңді өзгелерге көрсетіп, жауапты істерді мойныңа алудан қорықпауың керек.

4. Қолыңа алған әрбір істі сапалы және эффективті атқаруға итермелейді. Қарсыластарыңнан озғың келсе, өзіңе берілген жұмысты максималды түрде жақсы орындап шығуға тырыс.

5. Әр адамның таланттары мен қабілеттерін дамытуға көмектесіп, алға қарай жылжуға мотивация береді. Сол себепті де, жетістікке жетіп, лидер болғың келсе, бәсекелесіп үйренуің қажет.

Жақында 2021 жылы әр мамандыққа қанша грант бөлінетіні туралы пост шығарамыз. Приложениені жүктеп ал:

https://rr.joo.kz/app-link-redirec
2.2K views12:37
Ашу / Түсініктеме
2021-06-19 09:14:18 ҰБТ-ға тіркелуге 1 күнге база ашылады.

Ия, 21 маусым күні сағат 10:00 - 23:59 арасы ҰБТ-ға бос орындарға тіркелу үшін 1 күн бойы база ашық тұрады.

Бұл мүмкіндік кімдерге?

- Бір де бір ҰБТ-ға тіркеліп үлгермегендер

- ҰБТ-ның екінші мүмкіндігіне тіркеліп үлгермегендер

Бұл мүмкіндікті кім қолдана алмайды?

- ҰБТ-ның 2 мүмкіндігін де тапсырып қойғандар қолдана алмайды

- ҰБТ-ның 2 мүмкіндігіне де тіркеліп қойып, енді орын, уақыт, күн ауыстырғысы келетіндер қолдана алмайды

Қазақстан бойынша 17 аймақтық тестілеу орталықтарында бос орындар мүлдем жоқ екен

Егер сенің аймағыңда орын жоқ болса, өзіңе жақын пункттің бос орнына өтініш бер.

22-30 маусым аралығына ғана тіркеле аласың.

21 маусым күні МЫНА сілтеме арқылы ҰБТ-ға тіркеле аласың.
6.3K viewsedited  06:14
Ашу / Түсініктеме
2021-06-18 13:36:02 Мамандық таңдауға лайфхак

Осы уақытқа дейін біз мамандық таңдарда былай деп айтып келдік: қай іске икемің бар, соған қатысты мамандық таңда, арманың не, соны қуалап, соған қатысты мамандық таңда.

Ал икемің қандай нәрсеге келетінін білмесең ше? Қандай мамандық таңдайтыныңды білмесең ше?

Дұрыс қой, өмірің енді басталып жатыр. Қандай мамандықтың қандай екенін егер оны істеп көрмесең, қалай білесің???

Сондықтан керемет лайфхак ұсынбақпыз. Ол былай:
НЕНІ ҚАЛАМАЙСЫҢ, НЕНІ ҰНАТПАЙСЫҢ, СОҒАН МӘН БЕР! Ол қалай?

Мысалы, жасы қырыққа келсе де басында үйі жоқ, астында көлігі жоқ, жақсы жұмысы жоқ, қарызы көп, жарасымды киімі жоқ, бір іске ебі жоқ бір кісіні көріп: «Дәл осы жасқа келгенде мен мына кісі сияқты болғым келмейді» деп өзіңе серт бер.

Анаң кредит төлеп, бір көйлегін тойға бірнеше рет киіп, үйдің шаруасынан аса алмай жүрсе: «Мен анамның бұлай жүргенін қаламаймын. Ол кредит төлеп қиналмауы тиіс. Әдемі көйлегі көп болуы тиіс. Үйде емес, әлемнің көрікті жерлерінде қыдырып, демалуы тиіс» деп өзіңе серт бер.

Мұндай нәрсе мықты шабыт береді. Бұдан кейін сен қай мамандықты таңдасаң да сол салада мықтысы боласың.

Қаржылық сауаты жоғары, айлығы жақсы, бизнесі бар, бірнеше тілді меңгерген, денсаулығы мықты адам болуға тырысасың. Және соған жетесің.

Жақында 2021 жылы әр мамандыққа қанша грант бөлінетіні туралы пост шығарамыз. Приложениені жүктеп ал:

https://rr.joo.kz/app-link-redirect
14.1K views10:36
Ашу / Түсініктеме
2021-06-18 11:01:35 ҰБТ кезінде ішуге арналған 5 пайдалы шырын

1. Апельсин шырыны
Апельсин шырынында адам ағзасынан токсиндерді шығарып, асқазан жұмысының белсенділігін арттыратын С дәрумені және қан қысымын ретке келтіріп, жүрек-қан тамыр жүйесін жақсартатын гесперидин атты белсенді зат бар.

2. Грейпфрут шырыны
Цитрустар тұқымының тағы бір белгілі жемісі - грейпфрут біздің организмімізге өте пайдалы. Грейпфруттың құрамында С, Е, РР дәрумендері мен көптеген микроэлементтер кездеседі. Бұл жемістің шырыны жүйке жүйесінің жұмысын қалыпқа түсіріп, ұйқыны реттеп, тіпті, шаршау сезімін де баса алады.

3. Анар шырыны
Анар - ежелден келе жатқан жемістердің бірі. Оның шырыны А, Е, РР және В дәрумендеріне бай. Анар шырынын күніне 3 рет бір стакан ішу ұсынылады.

4. Қызанақ шырыны
Қызанақ - денсаулыққа өте пайдалы, оның құрамында жүйке жүйесінің жұмысын жақсартатын калий, магний, фосфор, сондай-ақ қан-тамырларына қажетті С және А дәрумендері бар. Сонымен қатар қызанақ шырыны стресс деңгейін қалыпқа түсіріп, көңіл-күйді жақсартуға көмектеседі.

5. Сәбіз шырыны
Сәбіз шырыны - дәрумендер мен микроэлементтер жөнінен лидер болып саналады. Ол жүйке жүйесін тыныштандырып қана қоймай, стрессті түсіруде де, таптырмас эффективті шырын.

Жақында 2021 жылы әр мамандыққа қанша грант бөлінетіні туралы пост шығарамыз. Приложениені жүктеп ал:

https://rr.joo.kz/app-link-redirect
3.0K viewsedited  08:01
Ашу / Түсініктеме
2021-06-18 06:45:30 Аттестат, ауыл квотасы, алтын белгі грантқа түсуге қалай әсере ететінін білмейсің бе?

Атаулы гранттар, арнайы квоталардың 4-5 түрі, әкімдік гранттар қалай, қашан жұмыс істейтінін білмейсің бе?

Біз бұл туралы хабардармыз және сенің ҰБТ-дан алған баллың бойныша осының бәрін ескере отырып 100% грантқа түсуіңе көмектесеміз

Консультацияға соңғы орындар қалды, 20% жеңілдікпен тіркеліп үлгер. Сілтеме:

https://consult.joo.kz
17.2K views03:45
Ашу / Түсініктеме
2021-06-15 18:17:19 2020 жылы жалпы 124.000 түлек ҰБТ тапсырды

80.000 түлек шекті балл (яғни проходной) жинады. Соның грант конкурсына қатысқаны 62.000 оқушы ғана.

80.000 - 62.000 = 18.000

18.000 түлек "менің гранттан үмітім жоқ екен" деп қатыспады. Бұл бірінші проблема.

Содан 62.000 оқушы грант конкурсына қатысты. Мемлекет 53.000 грант бөлді. Осының ішінен 44.000 оқушы ғана грант ұтып алды.

53.000 - 44.000 = 9.000

Ортада 9.000 грант бос қалып кетті. Бірақ, оқушылардың бұл гранттарды ұтып алуына мүмкіндігі бар еді.

62.000 - 44.000 = 18.000

Яғни 18.000 оқушы грант конкурсына қатысса да 4 таңдауды дұрыс жасамағаны үшін грант ұта алмады.

Мысалы біз 2020 жылы 837 түлекке көмектестік. Олардың жинаған баллдары 50-ден бастап 127-ге дейін болдв.

Бір бөлігі грант ұтуыма үмітім жоқ деп келсе, екінші бөлігі 4 таңдауды дұрыс жасау үшін келді.

Және солардың арасынан
828-і грант ұтты.

Бірінші бөлігіне біз грантқа түсе алатынын дәлелдеп, үміттерін қайта жақтық және екінші бөлігіне 4 таңдауды дұрыс жасауға көмектесіп, олар үшін ең үздік ЖОО-ға түсірдік.

Консультация кімге керек?

1. Шекті балл (проходной балл) жинап, бірақ гранттан үмітін үзген оқушылар және

2. ҰБТ-дан жақсы нәтиже көрсетсе де 4 таңдауды дұрыс жасағысы келетін оқушыларға бұл консультация ауадай маңызды

Консультацияға өтініш бер:
https://consult.joo.kz
3.0K viewsedited  15:17
Ашу / Түсініктеме
2021-06-15 12:04:37 Ең актуалды сұрақтың жауабы:



3.3K views09:04
Ашу / Түсініктеме
2021-06-14 10:02:03 ​​ҰБТ алдында ұйқының маңызы

Уайымнан ұйқының қашатыны анық. Оған қоса, түнімен дайындалам деп, ұйқыны екінші орынға ысырып қоясың. Осылай жасау арқылы бәрінен бұрын бір жылдық дайындыққа зиян келтіресің

Ұйқың келген уақытта бір мызғып ал. Ұйқы келмесе, онда оқу мен спортты алмакезек жаса.

Ұйқы келтірмеу үшін кофе, энергетикалық сусын ішпе.

Ерте жатып, ерте тұрсаң, ұтасың. Түнде миың ояу болса да, организм биологиялық сағатпен ұйықтай бастайды. Содан денең болбырап, ауыр қимылдайсың.

Ерте тұрсаң, таңғы уақыт берекелі өтеді. Ми тынық, ақпарат жақсы қабылданады. Түнгі екі сағаттың ақпаратын таңда жарты сағатта қабылдайсың

Ұйқы келтіру үшін дәрі қабылдама. Ағазның ритмін бұзасың. Айран ішіп, жылы душ қабылдап, қараңғы бөлмеде ұйықта. Ұйқы келмесе, аздап кітап оқы. Детектив болмасын

Түскі уақытта сағат бірден кейін жиырма минут ұйықтап ал. Бұл мықты сергектік сыйлайды.

Күн шығарда және күн батарда ұйықтама. Мең-зең боп оянасың
1.6K views07:02
Ашу / Түсініктеме