Get Mystery Box with random crypto!

JOO | ҰБТ 2023, ЕНТ, ГРАНТ

Telegram арнасының логотипі jookzchannel — JOO | ҰБТ 2023, ЕНТ, ГРАНТ J
Telegram арнасының логотипі jookzchannel — JOO | ҰБТ 2023, ЕНТ, ГРАНТ
Арна мекенжайы: @jookzchannel
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 10.80K
Арнадан сипаттама

Талапкерлерге арналған канал 🧡
ТЕГІН пробный тест: https://bit.ly/3b94McK

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 161

2021-05-08 11:04:06 ҰБТ тапсырған оқушы #2

География-Ағылшын таңдапты. 80+ балл алған.

Қандай сұрақтар келгенін, ҰБТ қалай болғанын айтып берді.

Сілтеме:

4.2K views08:04
Ашу / Түсініктеме
2021-05-07 15:56:58 ҰБТ-ға бір күн қалғанда...

Не істеу керек? / Не істемеу керек?

Сілтеме:

4.5K views12:56
Ашу / Түсініктеме
2021-05-07 13:38:53 ҰБТ тапсырған оқушы

Кеше голосовой чатта Саят деген ҰБТ тапсырған оқушы болды ғой?

ҰБТ қалай өткенін, қандай тақырыптар келгенін, өзінің әсерімен бөлісті. YouTube каналға салдық.

Сілтеме:

4.6K views10:38
Ашу / Түсініктеме
2021-05-06 21:53:37 Голосовой чатта көп оқушылардың сұрағы:

ҰБТ-дан кейінгі 4 таңдауды қалай жасаймыз?

Сендерге арнайы YouTube каналымызға 1 сағаттық видео түсірдік. Ішінде барлығы айтылған.

Сілтеме:

4.4K views18:53
Ашу / Түсініктеме
2021-05-06 13:03:09 ҰБТ-дан бір күн бұрын не істеген жөн? 

Иә, ҰБТ уақыты жақындады. Сен бұған кәдімгідей дайындалдың. Уайымдама, Алла қаласа өте жақсы тапсырып шығасың. Дәл қазір айнаға немесе сотканың алдыңғы камерасына назар салшы. Өзіне сенімді, білімді, мақсаты айқын адамның бейнесін көресің.

Сонда да мына кеңестерге құлақ сал. ҰБТ-дан бір күн бұрын не істеген жөн? Не істемеген жөн?

1
ДЕМАЛ
Бір күн қалғанда кітапты құшақтап, тестке дайындалу деген болмасын. Одан ешбір пайда көрмейсің. Одан да ағзаңды рахаттандырып, саябаққа барып, бассейнге түсіп, жақсы кинолар болып жатса, оған барып уақыт өткіз.

2
ҰЙҚЫНЫ ҚАНДЫР
Жатын бөлменің ауасын тазартып, жылы және суық сумен душ қабылдап, ертерек жатып қал. Ұйқың қанық болса, жауабын білмейтін сұрақтардың дұрыс жауабын логикамен тауып алуға болады.

3
ТАҢҒЫ АСТЫ ТАСТАМА
Бұл маңызды. Аздап мейіз, кепкен өрік, грек жаңғағын жеп ал. Каша жеуді ұмытпа. Сонда стреске көп түспейсің, көңіл күйің жақсы, қарның да ашпайды. Сытырлатып дұрыс жауаптар өзі көріне береді).

4
СТРЕСТЕН АРЫЛ
Адам уайымдағанда қанға адреналин бөлінеді. Ұшып кетуге дайын тұрасың. Даусың дірілдеп, тамағың кеуіп, саусақтарыңа дейін терлеп кетесің. Ал бұл емтихан алдында тек зиян. Сондықтан бір орында тұрып секір, жылдам жүр, турникке тартыл (ұлдар), ауаны ұрып-ұрып жібер. Сонда артық энергия шығып кетеді.

5
ӨЗІҢЕ СЕН
Бұл емтиханды күн сайын болып жатқан емтихандай қабылда. Бұрынғылардан да жақсы қылып тапсырамын деп өзіңе сендіріп айт. Сен – адамсың! Ал сенің қолыңнан келмейтін нәрсе жоқ!
4.8K viewsedited  10:03
Ашу / Түсініктеме
2021-05-05 11:00:20 Өткен жылдардағы ҰБТ базасы

Оқушылардан:

"Қаңтар-наурыз ҰБТ-сында болған сұрақтар нағыз ҰБТ-да келеді ма?", "Қанша пайыз өзгереді?", "Базаның тек 30% ғана өзгере ма?", "Пробный тестте неге ҰБТ базасын қолданбайсыздар?" деген сияқты сұрақтар көптеп келуде.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетовтың ҰБТ базасына байланысты ең соңғы айтқаны:

"Сұрақтардың мазмұны әлі де көңілімізден шықпайды. Соңғы бірнеше жылда тестілеу сұрақтарының базасын жаңарту бойынша жұмыс жүргізілгендігіне қарамастан, сұрақтардың басым бөлігі әлі де қажетсіз фактілерді жаттап, есте сақтауға бағытталған.

Содан кейін бірінші орынға сыни ойлау мен функционалдық сауаттылықты қоймаса, жаттанды ақпаратты автоматты түрде айту арқылы оқу процесінің маңыздылығы жоғалады.

Функционалдық сауаттылыққа мән беру және білімді өмірде қолданатын кез келді. Енді, алдымызда тестің базасын SAT, PISA секілді тестердің үлгісі бойынша толық жаңарту мәселесі тұр.

Бұл мүлдем басқа сипаттағы тапсырмалар, яғни тесте жаттап алуға, көшіруге мүмкіндік бермейтін сұрақтар болуы керек."

ҰБТ-ға дайындалғанда бұрынғы жылғы тапсырмаларды жаттап алуға емес, берілген тапсырманың шешімін түсінуге тырыс.

Сондықтан да біз өз тесттерімізде бұрынғы жылғы ҰБТ сұрақтарымен қатар, жаңа сұрақтар да енгіздік.

Біздің приложениеде "Дайындық" бөліміне өту арқылы ТЕГІН тест тапсырып өз деңгейіңді байқап көр!
5.5K views08:00
Ашу / Түсініктеме
2021-05-05 09:02:56 Ешқашан...

Ешқашан өткеніңе қайтып оралма.

Ешқашан уақытыңа шексіз нәрсе ретінде қарама.

Ешқашан артық сөйлеме, сөзіңнің қадірі кетеді.

Ешқашан ешкімді өз қателіктерің мен сәтсіздіктерің үшін кінәлама.

Ешқашан маңызды шешімдерді ашу үстінде немесе қатты қуанған кезде қабылдама.

Ешқашан ешкімнің ала жібін аттама.

Ешқашан өзіңе ұнамайтын жерде жұмыс жасама.

Ешқашан өзгелердің алдында басқа адам болып көрінуге ұмтылма.

Ешқашан кешірім сұраған кезде ақталуға тырыспа.
3.8K viewsedited  06:02
Ашу / Түсініктеме
2021-05-04 19:21:12 Адамдардың қабілеті туа біткен ба?

Атақты психолог Кэрол Дуэк (Carol Dweck) адамадрдың қабілеті жайлы жылдар бойы зерттеу жүргізіп, "Дамушы сана" (Growth mindset) кітабын жазады.

Көбісі адамдардың қабілеттері туа біткен деп санайды. Адам өзінің қабілеттерін дамыта алады ма? Жаңа қабілеттер иелене алады ма?

Әр адамның өмірге әртүрлі көзқарасы бар. Бірақ солардың барлығын екі топқа бөлуге болады: "дамушы сана" және "тұрақты сана".

Тұрақты сана - қабілеттің барлығы туа біткен деп санайды.

Дамушы сана - кез-келген қабілетті дамытуға болады деп санайды.

Ал енді осы екі түрлі сананың айырмашылығын түсінейік.

Үш жағдай:
1. Мектептегі бақылаудан 3 алдыңыз
2. Жол ережесін бұзғаныңыз үшін полиция айыппұл жазып берді
3. Кездесу керек досыңыз келмей қойды.

Не сезінер едіңіз? Не ойлар едіңіз? Не істер едіңіз?

Тұрақты сана шамамен мына жауаптарды береді:
1. Есептер қате, дұрыс жауаптары жоқ, басқалар көшірген ғой
2. Өмір әділетсіз, жоғарыдағылар маған қарсы
3. Досым лақтырып кетті

Дамушы сана шамамен мына жауаптарды береді:
1. Сабағыма жүйелі түрде дайындалуым қажет
2. Жол ережесіне мұқият болуым қажет
3. Досыма бірдеңе болып қалды ма екен, мүмкін көмегім керек шығар

Тура сол сияқты кешегі тест нәтижесін көріп кейбір оқушылар: "матем есептері нетоо ғо в общем", "адам көрмеген сұрақтар ғой" десе, ал енді дамушы сана иелері: "ойланып шешу керек еді", "қайта тапсыра аламыз ба біз ұтайық подарко " дейді.

Жалпы өмірде дамушы сана иелері көбірек жетістікке жетеді. Сондықтан әрқашан дамушы сана иесі болуға тырысайық!

Айтпақшы, "пробный" тест тапсыру мүмкіндігі апта сайын беріледі. Және ол ТЕГІН.

Біздің қосымшасындағы "Дайындық" бөліміне өтіп, тапсыра аласың.

Барлықтарыңызға сәттілік!

P.S. Жақын арада қатемен жұмыс енгіземіз!
4.0K views16:21
Ашу / Түсініктеме
2021-05-04 08:00:04 ОҚУҒА ҚАЖЕТТІ ЛАЙФХАКТАР

Кітап оқу барысында үнемі астын сызып, белгілеп, боя.

Кей жағдайларда кесте құрып, тақырыпты ашатын сурет сал;

Жаттау керек ақпарат үшін миға сенбе. Конспект жасап, керек тұстарын белгілеп, кейде тіпті толығымен көшіріп ал.

Есте сақтауға қиын материалды жаттау үшін қиялдан көмек сұра. Мысалы, ертегі секілді құрастырып, кейбір кейіпкерлерге қызықты есім қойып көр.

Әзіл, қызықты оқиғаларды қолдансаң, тақырыпты жеңіл түсінесің. Бұл әдісті көп қолдан.
4.0K views05:00
Ашу / Түсініктеме
2021-05-03 18:00:14 ​​ҰБТ-ға топ болып дайындалу!

Мұндай дайындық тобы қандай болу керек, пайдасы қандай, не үшін қажет екенін талқылап көрейік.
Әрине мұндай топта көп оқушы болмауы тиіс, ең аз 4, ең көп 6 оқушы.
Топ мүшелерінің таңдау пәндері бірдей болған абзал.
Топқа білім деңгейі өзіңмен қатарлас оқушыдарды таңдаған жөн.
Топ мүшелері ең жақын достар болмаса да, бір-бірін жек көретіндер болмауы керек.
Әр топ мүшелері тапсырмаларды бөлісе орындай алады. Мысалы тарих сабағынан өтілген тақырыпқа қатысты қосымша материалдарды бөлісіп оқып, бір-біріне түсіндіреді
Топ мүшелері бір-бірін қолдап, алға қойған жоспарларынан ауытқымауына жәрдемші болады.

Сен ҰБТ-ға қалай дайындалып жүрсің?
4.1K views15:00
Ашу / Түсініктеме