Get Mystery Box with random crypto!

JOO | ҰБТ 2023, ЕНТ, ГРАНТ

Telegram арнасының логотипі jookzchannel — JOO | ҰБТ 2023, ЕНТ, ГРАНТ J
Telegram арнасының логотипі jookzchannel — JOO | ҰБТ 2023, ЕНТ, ГРАНТ
Арна мекенжайы: @jookzchannel
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 10.80K
Арнадан сипаттама

Талапкерлерге арналған канал 🧡
ТЕГІН пробный тест: https://bit.ly/3b94McK

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 159

2021-05-19 16:00:09 ​​Мамандық таңдауда ескер!

Мамандық таңдайтын кезде, біріншіден, өз армандарыңды ескер. Өзгенің сөзін емес, өзіңнің мотивацияңды ізде. Қаламайтын мамандық таңдап, кейін өкініп отырғанша, саған қуаныш сыйлап, құлшынысыңды оятатын мамандық әлдеқайда артық

Екіншіден, бойыңдағы бар қабілеттерің мен таланттарыңды ескер. Қандай іске икемдісің, қолыңнан келетін қандай да бір өнерің бар ма, осылардың барлығын міндетті түрде анықтап ал. Сондай-ақ психологиялық типіңді, мінез-құлқыңдағы ерекшеліктер мен мықты жақтарыңды да саралап, алғаның жөн

Үшіншіден, қазіргі таңдағы сұранысқа ие, болашағы жарқын мамандықтарға назар аударып, көңіліңдегі мамандық оқу бітіріп шыққан соң актуалды бола ма, соны да ескеруің керек. Ол үшін қызығушылық танытқан мамандығың туралы айтқан эксперттердің пікірлерін, сол салада жүрген адамдардың ойларын оқып, өз бетіңше анализ жүргізіп көруіңе де болады
1.6K views13:00
Ашу / Түсініктеме
2021-05-19 08:31:37 КазАТК лицензиясынан айырылды ма?

Сілтеме:



2.0K views05:31
Ашу / Түсініктеме
2021-05-18 11:39:33 Бүгін ГОЛОСОВОЙ ЧАТ

Сағат 21:00 ( Нұр-Сұлтан уақытымен)

Тақырып:

- ҰБТ 2-ші мүмкіндік
- Грант конкурсына қатысу
- Сенің сұрақтарыңа жауап береміз

Ал әзірше, өткен голосовой чаттағы сұрақтардың жауабын тыңда:

1) Университетке құжаттарды қалай тапсырамыз?




2) Тамызда 3-ші ҰБТ бола ма?




3) 2 ҰБТ-ға 2 грант беріле ме?




4) 1 пәннен шектік баллым жетпей қалса, ақылы оқуға түсе аламын ба?




5) ҰБТ-да таңдау пәнін ауыстыруға бола ма?




6) 2-ші ҰБТ тапсырсам 1-ші ҰБТ жарамай қала ма?


482 viewsedited  08:39
Ашу / Түсініктеме
2021-05-18 10:52:18 Біз ойнатып жатқан ІШКІ ГРАНТТАР КОНКУРСЫ

- қашан болады?
- қалай болады?

Келесі видеода толық ақпарат бердік. Сілтеме:

https://www.instagram.com/p/CPAaHktlw6f/?utm_medium=copy_link
773 views07:52
Ашу / Түсініктеме
2021-05-17 14:02:52 Руминацияға жол бермеуге тырыс! Жарайды ма?

Жақсыыыы - 426
77%
Тырысамын - 126
23%
552 человека уже проголосовало.
2.2K viewsedited  11:02
Ашу / Түсініктеме
2021-05-17 14:01:22 ҰБТ туралы әр ойлағаныңа 1 теңгеден берсе, осы кезде миллионер боп кететін едің, солай ма? Түсіңе кіргендерін қосқанда, ақшаң еселене түсер еді. Ал бұл зиян екен.

Бір мәселені немесе сұрақты қайта-қайта ойлап, уайымдай беру - руминация деп аталады.

Руминацияның зиянды жақтары қандай?

Негативті эмоциялар мен жағымсыз жағдайларды қайта-қайта есіне түсіре берсең, өкінуге және ренжуге алып келеді.

Бір мәселеге тіреліп қалу:

Ас қорытудың бұзылуына;
Жүрек, қан-тамыр ауруларына;
Ми құрылысы мен жұмысында ақаулардың пайда болуына әсерін тигізетін көрінеді.

Негативті ойларды шамадан артық ойламауға тырыс Оны он толғанып, жүз ойланғаныңмен одан нәтиже шықпайды. Тек денсаулығың мен алтын уақытың бостан-босқа кетеді.
2.7K views11:01
Ашу / Түсініктеме
2021-05-17 10:02:02 Құрметті түлектер, сендер маңызды қадамның алдында тұрсыңдар. Ол – мамандық таңдау. Одан қателесу деген, әрине, өмірді соңы емес. Қайтса де дұрыс таңдау әрдайым жақсы емес пе? Ендеше, біз сендерге бір жоба ұсынайық. Өздерің жасауларың керек. Ол бақылау деп аталады.

Алдымен сыртқы әлемді бақыла.
Интернеттен қара, газеттен оқы, ізден. Сөйтіп мына сұрақтарға жауап жаз.
- Болашақтың мамандықтары қандай?
- Сұранысқа ие болатын мамандықтар қандай?
- Қандай жаңа технологиялар шығып жатыр?
- Қандай әлемдік трендтер боп жатыр?
- Қандай өндірістер өмірге еніп жатыр?
- Қазақстанда қандай сала дамуы керек?

Енді екінші бақылау бар, оны «өзіңді бақылау» делік. Оған жауап табу үшін мына сұрақтарға жауап бер.
- Қалауларың қандай?
- Қандай нәрсеге құштарсың?
- Қандай қызығушылықтарың бар?
- Мінез-құлқың қандай?
- Қажеттіліктерің қандай?
- Мақсаттарың қандай?
- Құндылықтарың қандай?
- Үміттерің қандай?
- Болашақта қандай жаңалық күтесің?

Осы екі нұсқаны жазып болғасын, мамандық туралы ойлан. Осылардың бәрінен ортақ бір шешім шығуы тиіс. Асықпа.
2.9K views07:02
Ашу / Түсініктеме