Get Mystery Box with random crypto!

JOO | ҰБТ 2023, ЕНТ, ГРАНТ

Telegram арнасының логотипі jookzchannel — JOO | ҰБТ 2023, ЕНТ, ГРАНТ J
Telegram арнасының логотипі jookzchannel — JOO | ҰБТ 2023, ЕНТ, ГРАНТ
Арна мекенжайы: @jookzchannel
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 10.80K
Арнадан сипаттама

Талапкерлерге арналған канал 🧡
ТЕГІН пробный тест: https://bit.ly/3b94McK

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 158

2021-05-22 15:29:41 ҰБТ-дан 70 балл алдым, қай мамандыққа грантқа түсе аламын?

Грантқа түсу мүмкіндігіңді көру үшін өткен жылғы сенің мамандығыңа грантқа шектік балл қанша болғанын білу керек.

Ол жайлы ақпарат JooKz-те бар. Приложениені жүктеп ал.

Сілтеме: https://joo.kz/redirect/t
9.9K viewsedited  12:29
Ашу / Түсініктеме
2021-05-22 14:01:06 Құрметті түлектер

Сендер маңызды қадамның алдында тұрсыңдар. Ол – мамандық таңдау. Одан қателесу деген, әрине, өмірді соңы емес. Қайтса де дұрыс таңдау әрдайым жақсы емес пе? Ендеше, біз сендерге бір жоба ұсынайық. Өздерің жасауларың керек. Ол бақылау деп аталады.

Алдымен сыртқы әлемді бақыла. Интернеттен қара, газеттен оқы, ізден. Сөйтіп мына сұрақтарға жауап жаз.
- Болашақтың мамандықтары қандай?
- Сұранысқа ие болатын мамандықтар қандай?
- Қандай жаңа технологиялар шығып жатыр?
- Қандай әлемдік трендтер боп жатыр?
- Қандай өндірістер өмірге еніп жатыр?
- Қазақстанда қандай сала дамуы керек?

Енді екінші бақылау бар, оны «өзіңді бақылау» делік. Оған жауап табу үшін мына сұрақтарға жауап бер.
- Қалауларың қандай?
- Қандай нәрсеге құштарсың?
- Қандай қызығушылықтарың бар?
- Мінез-құлқың қандай?
- Қажеттіліктерің қандай?
- Мақсаттарың қандай?
- Құндылықтарың қандай?
- Үміттерің қандай?
- Болашақта қандай жаңалық күтесің?

Осы екі нұсқаны жазып болғасын, мамандық туралы ойлан. Осылардың бәрінен ортақ бір шешім шығуы тиіс. Асықпа.
2.3K views11:01
Ашу / Түсініктеме
2021-05-22 10:00:26 ҰБТ, мектептегі емтихан

Көзді ашып-жұмғанша, әне-міне деп ҰБТ, мектептегі емтихан, одан қалса бітіруші сыныптың шаруалары шаш етектен болып, жүйкең әбден жұқарып, шаршап жүргеніңді түсінемін.

Алайда ойлап қарашы, осындай қарбалас, қапылған кездеріңнің өзі естелік емес пе? Бес, он жыл өткеннен кейін жан-жақта тарыдай шашылып жүрген сыныптастарыңды сағынып, іздей бастайсың. Тіпті, апайлардың айқайына дейін бір естуге құмартып, сағынып жүресің.

"Шіркін еш алаңсыз, сыныптастарыммен ойнап-күліп жүретін мектебім жақсы екен ғой!"- деп айтып отыратын кезге де жетерсің. Сол үшін мектепте өткізіп жүрген аз ғана уақытыңды қадірлей біл. Сыныптастарыңмен босқа ұрсысып-керіспей, тату болып, бірге тестке дайындал. Сен де оқу жолын қуып, үлкен өмірге аяқ басарсың. Сондықтан уақытша қиындықтарға бола ұнжырғаңды түсірмей, қайта қуан! Және ең бастысы, шыдамды бол!
758 views07:00
Ашу / Түсініктеме
2021-05-21 16:02:05
ТЕГІН 10 консультация

11-сынып бітірген 10 оқушыға тегін 10 консультация береміз

Консультацияда саған жеке хабарласып, грантқа түсетін мүміндігіңді айтамыз. 4 мамандық, 4 универ таңдауға көмектесеміз.

Консультацияны қалай ұтып алу керектігі жайлы толық ақпарат 27 мамыр күні біздің телеграм каналда шығады.

Әзірше біздің YouTube каналға тіркел.

Сілтеме: https://youtube.com/c/JooKz
1.5K viewsedited  13:02
Ашу / Түсініктеме
2021-05-21 13:42:21 Мамандық таңдауға 3 кеңес:

https://vm.tiktok.com/ZSJ5M6K66/
1.8K views10:42
Ашу / Түсініктеме
2021-05-21 10:02:13 ​​Жетістікке ұмтылғандардың 3 ұстанымы

1. Адам аптасына ең кем дегенде 50 сағатын әлеуметтік желіні ақтаруға, яғни ешқандай пайдасы жоқ нәрселерді қарауға жұмсайды екен. 

Бұндай жағдайды болдырмас үшін күнделікті жасайтын істеріңнің тізімін құрып, барлық уақытыңды тек пайдалы істерге жұмсап үйрен. Бір минутың да бос кетпеуін қадағала. 

2. Басқалардың батылы жетпеген істі сен істе. Саған біреу ешқашан жетістікке жетіп, лидер бола алмайсың десе, сен керісінше жаса. Тәуекелге барудан қорықпай, қателіктер жіберіп, содан тәжіриебе ал. 

3. Айына ең болмағанда 2 кітап оқуға тырыс. Көптеген жетістікке жеткен адамдар уақытының аздығына қарамастан, кітап оқуға әрдайым уақыт табуға тырысады. Айына 2 кітап көп те, аз да емес. Ал егер сен осы қалыппен жалғастыра берсең, 10 жылда 240 кітап, 40 жылда 960 кітап оқып, шығасың. Көзқарасың кеңейіп, біліміңнің қаншалықты толыққанын, тіпті, елестете де алмай қаласың.
2.4K views07:02
Ашу / Түсініктеме
2021-05-20 16:32:10 Қалай 2 грант ұтуға болады?

1-ші грантты ҰБТ тапсырып, шектік баллдан асырып, грант конкурсына қатысып ұтуға болады.

2-ші грантты біздің марафонға қатысып ұтуға болады.

Ол қалай?

Біздің марафонға қатысып жатқан оқушылардың арасында КазГЮУ, Нархоз, AIU университеттерінің 5 ішкі гранттарын ойнатамыз. 30 маусым күні 5 оқушымызға тікелей эфирде осы 5 грантты табыстаймыз.

Ойлап қарашы, 5 оқушы жалпы грант конкурсы басталмай жатып қолдарында гранттары болады.

Жалпы грант конкурсынан да грант ұтып алса, оның басты проблемасы 2 гранттың қайсысын қолданайын деп бас қатырады. Неткен керемет проблема!

Осы оқушылардың бірі болғың келсе, дәл қазір марафонға қатыс:

Таңдау пәнің Физика-Математика болса, МЫНА сілтемені бас:

Таңдау пәнің Биология-Химия болса, МЫНА сілтемені бас:

Таңдау пәнің География-Биология болса, МЫНА сілтемені бас:

Таңдау пәнің География-Математика болса, МЫНА сілтемені бас:
3.5K viewsedited  13:32
Ашу / Түсініктеме
2021-05-20 13:02:31 Ал сен күніңді жоспарлайсың ба?

әринеее - 193
40%
жооқ, өкінішке орай - 284
60%
477 человек уже проголосовало.
3.3K viewsedited  10:02
Ашу / Түсініктеме
2021-05-20 13:00:31 Күнді пайдалы өткізудің құпия тәсілдері

1 Жұмыс үстеліңе логиканы дамытып, бас қатыратын қандай да бір ойыншық қойып қой. Өзіңді шаршаңқы сезінген кезде әлгі ойыншықпен ойнап, ойлау жүйеңді бір қозғап алсаң, шаршағаның әп-сәтте басылатын болады.

2 Гарвард университеті жүргізген зерттеу бойынша, күніне бар болғаны 10 минут жаяу жүрудің өзі адамның зейінін ашып, концентрациясын арттыраны белгілі болды.

3 Атақты невролог дәрігер Анита Коллинздің айтуы бойынша, музыка ми жүйесінің барлық бөлігіне әсер етіп, миды жаттықтырады. Сондықтан миыңды дамытқың келсе, музыкалық аспаптарда ойнап, музыка тыңдағаның жөн.

4 Егер ештеңе істеуге құлқың болмай тұрса, өзіңе 5 минут қана жұмыс істеуге уәде бер де, шаруаңды бастап кет. Бастысы, бастап кетсең болғаны, ары қарай 5 минут емес, бір сағаттың қалай өтіп, жұмысыңды аяқтап тастағаныңды байқамай да қаласың.

5 Түскі уақытта 15-20 минут болса да, миыңды тынықтырып, тынығып ал. Бұл саған кешке дейін энергия беріп, сергек жүруге көмектеседі.
3.2K views10:00
Ашу / Түсініктеме
2021-05-20 08:00:50 Мамандық таңдаудағы жауапкершілік!

Бала кезіңде таңдауды көп жағдайда сен үшін ата-анаң жасап еді. Ал кәмелеттік жасқа келген соң, мамандықты өзің таңдауың қажет. Үлкен адам болдың ғой енді.

Себебі таңдау – жауапкершілік. Өзіңнің мамандығыңа жауапкершілікті өзің көтересің. Мысалы, саған мамандықты ата-анаң таңдап берсе, ал сен оны оқи алмасаң, «ата-анам кінәлі, солар таңдап берген» деп кінәлай алмайсың. Соңғы сөз сенде қалуы тиіс.

Ата-анаң, көршің, достарың, туыстарың, мектеп, интернет – бәрі саған жақсы ақпарат береді. Ал шешімді солармен ақылдаса отырып, соңында өзің қабылдайсың.

Мамандықтың жілігін шағып, майын ішкен маман болу – бұл үлкен жетістік. Оған жетпей жатсаң, өзіңді кінәлау орынсыз. Дұрысы: ерік-жігеріңді қайта қолға алып, жаңа күшпен қайта кірісу қажет. Дайындықты күшейту керек. Бір істі жасауға шешім қабылдау, жауапкершілігін көтеруге дайын екеніңді білдіру, соны жасау – сенің толыққанды тұлға болып қалыптасқаныңды білдіреді.
Біреудің сенен күткен үмітіне сай келуге міндетті емессің. Өзіңнің өзіңнен күткен үмітіңе сай кел, тырыс.
3.8K views05:00
Ашу / Түсініктеме