Get Mystery Box with random crypto!

JOO | ҰБТ 2023, ЕНТ, ГРАНТ

Telegram арнасының логотипі jookzchannel — JOO | ҰБТ 2023, ЕНТ, ГРАНТ J
Telegram арнасының логотипі jookzchannel — JOO | ҰБТ 2023, ЕНТ, ГРАНТ
Арна мекенжайы: @jookzchannel
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 10.80K
Арнадан сипаттама

Талапкерлерге арналған канал 🧡
ТЕГІН пробный тест: https://bit.ly/3b94McK

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 157

2021-05-28 13:31:07 ҰБТ тапсырдың ба?

Грант конкурсы жақындап қалды.
4 таңдау жасауға дайынсың ба?

Мына видео саған 4 таңдау жасауға көмектеседі:




Айтпақшы, жақында біз консультацияны бастаймыз. Толық ақпаратты 1 маусым күні айтамын
2.5K viewsedited  10:31
Ашу / Түсініктеме
2021-05-28 09:47:24
Осы жылы ең алғашқы болып түлектер ҰБТ-ны электронды тапсырды.

Бұдан келесі жылғы түлектер оның қалай болатынын, қандай плюстары мен минустары болатынын білмейді. Мүмкін қорқады

Егер сен осы жылы ҰБТ тапсырған болсаң, астына электронды ҰБТ-ның "+" мен "-" жазып кет.

Келесі жылғы түлектерге пайдалы болсын.
3.0K views06:47
Ашу / Түсініктеме
2021-05-27 11:30:43 ​​Мамандық таңдау

Дұрыс таңдалған мамандық ішкі потенциалыңды ашып, ертеңгі күнге деген сенімсіздіктен құтылуға жол ашады. Сонымен мамандықты қалай таңдаған дұрыс?

1. Ең алдымен еңбек нарығындағы сұранысты бақыла. Жыл сайын еңбек нарығы жаңарып, жаңа мамандықтар пайда болып отырады. Сондықтан алдын-ала сол мамандықтармен танысып, немен айналысатынын қарап, өзіңнің қызығушылықтарыңа сәйкес келе ме, келмей ме, соны ойлан.

2. Ата-анаң немесе достарың үшін табысты, беделді болып көрінетін мамандық сен үшін де солай көрінуі шарт емес. Мамандықтың барлығы бірдей, бәрі де қоғамға қандай да бір пайда әкеледі. Сол себепті мамандық таңдағанда өзгелердің көзқарасымен емес, өзіңнің көзқарасыңмен таңдауға тырыс.

3. Мамандықтың тек сыртқы бейнесіне ғана қызықпа. Өзің білетін актер, актриса секілді мамандықтар танымал, табысты болып көрінгенімен, бұл мамандықтардың артында ауыр еңбек пен қайтпас табандылық тұр.

4. Бір ғана мамандыққа тіреліп қалма. Мысалы ағылшын тілін таңдап, оқуға түскің келсе, тіл білімін қажет ететін тек аудармашы мамандығы ғана емес, экскурсовод, ұлтаралық байланыстар телефонисті, лигвист секілді мамандықтарды да таңдауыңа болады.

5. Кейбір мамандықтар өзіңе ұнағанымен, денсаулығыңа зиянын тигізуі мүмкін. Сол үшін мамандық таңдағанда асықпай қарап, денсаулық жағдайыңды да ескергенің жөн.
7.6K views08:30
Ашу / Түсініктеме
2021-05-26 20:32:46 Ағылшын + ДЖТ 87 балл алдым.

Қандай мамандыққа түсе аламын? Грантқа түсе аламын ба? 4 таңдауды қалай жасайын?

Осындай хабарламамен дайректке жазатындар көп.

Осыдан 2 ай бұрын түлектерге пайдалы болсын деп видео түсірдік.

- ГРАНТқа түсуге мүмкіндігің көп болуы үшін 4 таңдауды қалай жасау керек?

- Гранттардың қандай түрлері бар?

- 4 таңдауды қалай жазуға болмайды?

Осы ақпараттың бәрі бір видеода. Асықпай қарап, 4 таңдау жасауға дайын бол!

Сілтеме:

3.6K views17:32
Ашу / Түсініктеме
2021-05-26 09:00:06 ​​Мақсатыңа жетуге көмектесетін 5 лайфхак

1. Алдыңа мақсат қояр кезде тек позитивті нәрсені ғана ойла. "Мен мақсатыма жете алмай, қалағаныма қол жеткізе алмай қалсам" деп ойлаудың орнына "Мен міндетті түрде мақсатыма жетіп, арманыма қол жеткіземін" деп ойла

2. Егер мақсатың нақты әрі жоспарсыз болса, онда ол жай ғана арман болып қалады. Сол себепті мақсатыңа жету үшін оны үтір-нүктесіне дейін жоспарлап, айқындап алғаның жөн.

3. Мақсатқа жетудің басты құпиясы - тәртіпке бағыну мен мотивацияның болуы. Соның ішінде мотивацияның алатын орны бөлек. Сондықтан өзіңе күн сайын күш беріп, құлшынысыңды арттырып отыратын мотивацияны табуға тырыс.

4. Әр жетістігіңді, тіпті, кішігірім болса да, атап өтіп, арасында өзіңді мақтап қой. Бұл өзіңе деген сенімділігіңді күшейтіп, бұдан да жоғары белестерді бағындыруға итермелейді

5. Сәтсіздікке бола тоқтап қалма. Көбі осы сәтсіздікке тап болудан қорқып, жоспарлаған мақсатына жетпей, жарты жолда беріліп жатады. Есіңде болсын: арман мен мақсат бар жерде, сәтсіздік міндетті түрде болады. Тек ең мықты деген адамдар ғана соңына дейін барып, мақсатына жете алады
4.1K views06:00
Ашу / Түсініктеме
2021-05-25 18:24:59
Мұны есту бізге ауыр

ҰБТ-ға кіріп, тапсырып, өз күшіммен білімімді тексеремін дейсің. Грантты өз күшіммен аламын дейсің. Осындай шешім қабылдаған соң, соған лайық дайындаласың. Сөйте тұра, ҰБТ-ға кіргенде не үшін ереже бұзасың? Онда тест тапсырудың не мағынасы бар?

Өзіңе адал бола алмасаң, онда үлкен өмірде не адалдық танытпақсың? Үйдің іргетасын алдаумен қаласаң, шатыры өз басыңа түспей ме?

Мұны есту бізге ауыр. ҰБТ-ны 75 мыңнан астам түлек тапсырды. 287 оқушы тестілеу ережесін бұзғаны үшін аудиториядан шығарылып, нәтижесі жойылды.

Адам деген атың бар, атыңа затың сай болсын. ҰБТ ережесін сақтап, өз біліміңді шынайы көрсет. Қалай дайындалдың, соның нәтижесін көресің. Жақсылыққа жаман жолмен жетуге болмайды. Яғни, шпор қолданып, грантқа түссем, мықты дәрігер, мұғалім боламын, халқыма пайдалы боламын дей алмайсың. Өмірге басқан алғашқы қадамыңда әділдіктің үстінен аттап кетсең, кейінгі қадамыңнан не қайыр?!

Әділ болайық, адал болайық. Өзің ереже бұзба, біреудің бұзуына жол берме.
1.2K views15:24
Ашу / Түсініктеме
2021-05-25 08:30:12 Студенттеріне ноутбук беретін университет туралы естідің бе?

Қазір нарықта студенттің ноутбугі шамамен 180 000 тг. Оған жатақханаға бір жылға төлемді қос. Қалтаңның түбі көрініп қалады, солай емес пе?

Сендерге қуанышты жаңалығымыз бар: Логистика және көлік академиясы өзіне грантқа түскен әр оқушыға ноутбук береді. Қашықтықтан оқыту кезінде, біздіңше, бұл керемет мүмкіндік. Ата-анаңа артық күш салмайсың.

Әрине, ол үшін таңдау пәнің Физика-Математика, География-Математика болғаны дұрыс. 

Академияда қандай мамандықтарды оқытады? Оқу орнының техникалық базасы қандай? Әскери кафедра бар ма? Қандай үйірмелер бар? т.б. сұрақтарың туындайтыны сөзсіз. 

Оған академияның кеңесшілері көмектеседі. Ол үшін МЫНА сілтеме арқылы өтіп, инстаграм парақшаларының дайректіне жаз.

Сәттілік! Бір-бір ноутбуктың иесі боп шығуларыңа тілектеспіз.
1.9K viewsedited  05:30
Ашу / Түсініктеме
2021-05-24 14:00:11 90/30-?

90/30 дегеніміз - тайм-менеджментте қолданылатын әдістердің бір түрі

Бұл әдісті қалай қолданамыз?

Сен 90 минут бойы қандай да бір маңызды іспен айналысып, содан кейін 30 минут үзіліс жасайсың. Жарты сағаттан соң қайтадан 90 минут бойы басқа шаруаңмен айналысып, сосын тағы да 30 минут демаласың

90/30 әдісін жазушы және блогер Тони Шварц, әдеби критик Бенджамин Че Кай Вай және кәсіпкер Томас Оппонг қолданады.

Бұл ережені қолданудағы басты талап - алғашқы 90 минутты ең маңызды деген істерге арнап, қалған уақытты онша маңызды емес шаруаларға қалдыру қажет. Йель университетінің маманы Перетза Лафидің зерттеулеріне сәйкес 90 минут - адамның бір іске көңіл аударып, эффективті атқаруы үшін ең оптималды уақыт, ал 30 минут - адамның толық демалуы үшін молынан жететін уақыт екені анықталды.
2.4K views11:00
Ашу / Түсініктеме
2021-05-24 08:00:10 Жоғарғы оқу орнына тапсыратын емтихан

Қытайдың ең атақты жеке коммерциялық университеттерінің қатарына жататын "Синьдунфан" университетінің басшысы Юй Миньхун қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. Миньхун мектепте үштік бағаға оқып, жоғарғы оқу орнына тапсыратын емтиханнан екі рет құлайды. Кейін Пекин университетінің шет тілдер факультетіне оқуға түсіп, TOEFL және GRE секілді емтихандарды жақсы тапсырып шықса да, бірде-бір шетелдік оқу орнына қабылданбайды

Пекиндегі қымбат өмір, таусылмайтын емтихандар Юйдің отбасына қаржылай жағынан ауыр тиіп, Миньхун ағылшын тілінің мұғалімі ретінде қосымша жұмыс істеуге мәжбүр болады. Алайда ол кезде студенттерге жұмыс істеуге тыйым салынғандықтан, бұл жұмысын Минхунь ұзақ алып, жүре алмайды.

Әр аяқ басқан сайын сәтсіздікке тап бола берсе де, берілмей, 1993 жылы ол "Синьдунфан" атты ағылшын тілін үйрететін курс ашады. Бастапқы кезде жарнамаға ақшасы болмай, курсқа шақыру жарнамаларын үйлердің сыртына өзі іліп, курстың алғашқы 20 сабағын тегін етіп қояды.

Оқу ақысының төмендігі мен жарнаманың арқасында курсқа жазылғысы келетіндер ағылып келе бастайды. Бірте-бірте "Синьдунфан" курстары дамып, міне, бүгінде Қытайдағы шет тілдерді үйрететін, ең ірі білім беру орталықтарының біріне айналып отыр

Юй Миньхун өзінің бұл жетістігі туралы: "Сенің жастық шағың өз армандарыңды алдап соқпасын" деп айтқан екен. Бұл өз арманын жүзеге асырып, қалағанына қол жеткізген, Қытайдың атақты адамдарының бірі берген ең керемет кеңес десек те, артық емес.
93 views05:00
Ашу / Түсініктеме
2021-05-23 15:56:31 Универді қалай таңдау керек?

Сілтеме: https://vm.tiktok.com/ZSJ53Xoun/
1.8K views12:56
Ашу / Түсініктеме