Get Mystery Box with random crypto!

ҰБТ-да уақытты тиімді пайдаланудың алты тәсілі ҰБТ-ны сәтті | JOO | ҰБТ 2023, ЕНТ, ГРАНТ

ҰБТ-да уақытты тиімді пайдаланудың алты тәсілі

ҰБТ-ны сәтті тапсыру дұрыс жауаптарды таба алу мен қатар, уақытты тиімді пайдаланумен де тікелей байланысты. Себебі әр тапсырмаға жуықтап алғанда 2-ақ минут беріледі.

Талапкерлерден уақыттың жетпей қалғандығы немесе “тағы уақытым болғанда мына есепті де шығара алатын едім” деген уәждерін көп естиміз.

Үнемдеген әрбір секундыңыз өте маңызды. Мысалы қарапайым тапсырманы 30 секундта орындасаңыз, қиын есепке 2 минут емес 3,5 минутыңыз болады.

Төменде сіздерге ҰБТ кезінде уақытты тиімді пайдаланудың 6 түрлі тәсілін көрсеттік:

1 - Дайындық тестілеулерді (пробное тестирование) нағыз ҰБТ секілді тапсырып шынығыңыз

2 - Адамның миы "фильтр” сияқты жұмыс жасайды. Мысалы, оқу сауаттылығындағы мәтінге байланысты тест сұрақтарын мәтіннен бұрын оқу керек. Артынан мәтінді оқығанда миыңыз керекті жауапты мәтіннің ішінен сұрыптап алады

3 - Қиын есептерде ұзақ түрып қалмаңыз. Себебі сол уақытта сіз бірнеше қарапайым тапсырманы орындайтын уақытты жоғалтасыз

4 - Оңай тапсырмаларды бірінші орындаңыз. Осылай жасасаңыз өзіңізге деген сенімділік артады, себебі сіз қанша тапсырманы орындағаныңызды және қалған қиынырақ тапсырмаларға қанша уақытыңыз қалғанын нақты біле аласыз. Оған қоса оңай тапсырмалардан үнемдеген уақытыңызды күрделі есептерге жұмсайсыз. Ал кей жағдайларда шығарып қойған оңай есептеріңіз күрделі есептердің шешімінің маңызды бір бөлігі болып жатады

5 - Жауапты білмейтініңіз анық болса, ол тапсырмаға көп уақыт жұмсамаңыз. Себебі көп ойланудың пайдасы бола бермейді, керсінше әртүрлі күдік ішінде қаласыз

6 - Түйсігіңізге сеніңіз. Психологтардың айтуынша ойыңызға келген бірінші жауап көп жағдайда дұрыс болады