Get Mystery Box with random crypto!

JOO | ҰБТ 2023, ЕНТ, ГРАНТ

Telegram арнасының логотипі jookzchannel — JOO | ҰБТ 2023, ЕНТ, ГРАНТ J
Telegram арнасының логотипі jookzchannel — JOO | ҰБТ 2023, ЕНТ, ГРАНТ
Арна мекенжайы: @jookzchannel
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 10.80K
Арнадан сипаттама

Талапкерлерге арналған канал 🧡
ТЕГІН пробный тест: https://bit.ly/3b94McK

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 154

2021-06-13 18:12:02 Қай сынып оқисың?

Қай сыныпты бітіргендер көбірек отырады мында көрейік
2.6K views15:12
Ашу / Түсініктеме
2021-06-13 12:25:09 ҰБТ-ға дайындалуға ең күшті мотивация

Уақытты босқа жоғалтпай, оны тиімді пайдалану қажет. Бос уақытты интернет желісіне жұмсау орнына, жаңа тақырыпты игеруге жұмсаған әлдеқайда пайдалы

Дәл қазір қолыңызға кітап алып, дайындықты бастауға бірден-бір себептер:

Дайындықпен ҰБТ сіз үшін оңай болады.

ҰБТ баллдарыңыз жететін, ұнатпайтын мамандық емес, өзіңіз ұнататын мамандық таңдайсыз.

Ата-анаңыз сізді мақтаныш етеді (көптеген оқушыларға бұл үлкен мотивация).

Өзіңізді бірнеше жылдан кейін елестетіңіз - сіз аз ғана қиындықтан өтіп, керемет ЖОО-ға түсіп, үлкен компанияда немесе қалаған жұмысты атқарғыңыз келе ме, әлде әлі де жалқаулық басып, дайындық бастамай, ҰБТ-ға шала дайындықпен кіріп, жарқын болашақты ұмытқыңыз келе ме?
3.0K views09:25
Ашу / Түсініктеме
2021-06-12 20:32:23 Кім мамандығын қалай таңдап жатыр?

Комментке өтіп пікір алмас
3.3K views17:32
Ашу / Түсініктеме
2021-06-12 17:02:08 ҰБТ-ның деңгейі өсіп жатыр. Ал сенің ше?

Байқайсыңдар ма? ҰБТ-да жыл сайын талапкерге қарай бейімделіп келеді. Халықтың дейгейі қандай болса, басшы да сондай. Демек, біздің әділдік, таным деңгейіміз де өсіп келе жатыр. Мысалы, биылдан бастап ҰБТ-ны екі рет тапсырып жатырмыз. Бірін сәуірде тапсырып тастадық

ҰБТ-ның жауабын тест тапсырып бола сала, бірден көре аласың. Бұрын кешке не түнге дейін күтуші едік

Қай сұрақтарға қате жауап бергеніңді де бірден көре аласың. Қай сұрақтан қате кеттім екен деп, арманда жүрмейсің

Қате берілген деп санайтын сұрақтарға апелляцияны да сол жерден тапсыра аласың

Әр 60 минут сайын 2 минут жаттығу жасап, көзіңді демалдырып алуға қақың бар. 120 минут өткенде 15 минутқа тағы да демалыс аласың. Ол кезде жаттығу жасап, сергіп алуға әбден болады.

Бұрын ұяшықты толтыру деген бір жағымсыз нәрсе еді. Шеңбердің сыртына шығып кетсең, жауабыңды есептемейтін. Оны бояуға қаншама уақыт кететін. Оны арнайы қара қаламмен бояушы едік. Ал қазір ондай нәрсе келмеске кетті.

Бұрын біреудің орнына біреу боянып кіріп, керек десең ұлдың өзі қыз боп кіріп кетуші еді Сөйтіп грантты қағып әкететін. Қазір Face ID технологиясын алдай алмайсың. Бетіңе бір батпан бояу жақсаң да, кім екеніңді сақ еткізіп, айтып береді.

Келесі жылы тағы да жаңалықтар енетіні анық. Бәрі де талапкердің жайлы тапсыруына, әділдіктің орнауына қарай бейімделіп жатыр. Ал, сенің дайындығың қандай? Грантқа түсетініңе сенімдісің бе? Егер, сенімсіз болсаң консультацияға жазыл! Біз саған көмектесеміз Ол үшін https://consult.joo.kz/ сілтемені бас
3.6K views14:02
Ашу / Түсініктеме
2021-06-12 12:17:55 Joo.kz - ҰБТ, грант, мамандық pinned «​СТУДЕНТТЕРДІҢ ШӘКІРТАҚЫСЫ 20%-ҒА АРТАДЫ 2021 жылы студенттердің шәкіртақысы 20%-ға, магистранттар мен докторанттардың стипендиясы 15%-ға артады Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. «2021 жылы студенттер стипендиясының…»
09:17
Ашу / Түсініктеме
2021-06-11 18:25:05СТУДЕНТТЕРДІҢ ШӘКІРТАҚЫСЫ 20%-ҒА АРТАДЫ

2021 жылы студенттердің шәкіртақысы 20%-ға, магистранттар мен докторанттардың стипендиясы 15%-ға артады

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

«2021 жылы студенттер стипендиясының мөлшері 31 мың теңгеден астам, магистранттар – шамамен 76 мың теңге, докторантар үшін 172 мың теңгеден астам болады. Президенттің тапсырмасы бойынша 2025 жылға қарай студенттердің, магистранттар мен докторанттардың стипендиясын кезең-кезеңмен ұлғайту көзделген. Егер студенттерге келсек, 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап болашақ педагогтердің шәкіртақысы 42 000 теңгеге дейін ұлғайтылған еді», – деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Айына 31 мың теңге шәкіртақы алып, грантта оқығың келсе https://consult.joo.kz/ сілтемені басып жеке кеңеске өтініш бер
2.2K views15:25
Ашу / Түсініктеме
2021-06-11 13:31:15 Ақылды болу үшін не істеу керек?

1. Ақылды болу үшін саған әлемдегі ең қиын деген кітаптарды оқу міндетті емес, бастысы - өзіңе ұнап, қызығушылық танытқан кітабың болса болғаны.

2. Шығармашылықпен көбірек айналысуға тырыс. Сурет салудың өзін алып қарасақ, суретті тек хобби ретінде ғана емес, ішкі сезімдерің мен эмоцияларыңды білдіру үшін де саласың ғой, солай ма?

3. Жаңа әсерлер алуға әрдайым ашық бол. Яғни, көбірек саяхаттап, жаңа таныстықтар орнатуға тырыс. Сондай-ақ әр күніңді қызықты өткізіп, күн сайын жаңа бірнәрсе үйренуге ұмтыл.

4. Ми жақсы жұмыс істеуі үшін оны үнемі жаттықтырып отыру қажет. Әсіресе, когнитивті жаттығуларды көбірек жасау керек. Бұл жаттығулардың барлығын "Lumosity", "Brain Wars", "Elevate" және "Peak" секілді қосымшалардан таба аласың.

5. Біліміңді кеңейтіп, өзіңді дамытқың келсе, "Coursera", "Khan Academy", Stanford eCorner" сияқты онлайн курстарға қатысып, болашақ портфолиоңның негізін қазірден бастап қалыптастыра берсең болады. Және де егер қазір ГРАНТҚА түсетініңе сенімсіз болсаң, консультацияға өтініш қалдыр. Біз саған 100% ГРАНТҚА түсетініңе гарантия береміз!

Ол үшін МЫНА сілтемені бас!
2.6K views10:31
Ашу / Түсініктеме
2021-06-10 12:30:41 ҰБТ білімнің көрсеткіші емес

Өмірде керемет үйлесім бар Оны өмірдің мызғымас заңдылығы деп атауға болады. Ақ пен қара, суық пен ыстық, жақсы мен жаман деген сияқты. Бейнетіңе қарай зейнеті деген формула – ең кереметі. Кім қанша еңбек етті, сол сонша зейнетін көреді. Мейлі сен көрмей қалсаң да, сенің балаң, ата-анаң, бауырың көреді. Сенің ата-анаң біреуге жақсылық жасайды. Ол адам қайтарымын ата-анаңа емес, саған қайтарып жатады. Барлық жерде әділдік орнайды.

ҰБТ-да сондай ҰБТ білімнің көрсеткіші емес, дайындықтың көрсеткіші. Қанша еңбек еттің, соның нәтижесін аласың. Таңертең ерте тұрып дайындалған, мұғалімнің ізінен қалмай сабақ алған, кітаптан кітап қалдырмай оқыған оқушының оқуға түсе алмай, үйінде отырып қалғанын естіген емеспіз.

Иә, кейде сондай оқушылар сүрінеді. «Сонша дайындалса да, біреу ақша беріп, алдын орап кетті. Өмір әділетсіз» деп ойлайсың. Бірақ өмір сен ойлағаннан да әлдеқайда құпия жіптерге толы. Ол талапкерді одан да мықты сыйлықтар алда күтіп тұр деген сөз. Оны сол сәтте түсінбейсің. Арада біраз уақыт өткенде өзі санаңа білінеді.

Арманы биік адамды бірнәрсе сүріндіре ала ма? Мұқағали де Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға бірден түсе алмаған. Бірнеше жыл қатарынан тапсырған. Қаншама ұлы тұлғалар бар, оқуға бірден түсе алмаған. Оларға бұл ешқашан кедергі болмаған. Франклин, Авраам Линкольн дегендер тіптен өздері оқыған. Кітаптан кітап бітіріп, өзін жетілдірген. Одан кейін шыққан биігін өздерің білесіңдер.

Бұның бәрі жоғарыда айтқан бейнетіне қарай зейнеті деген заңдылықтың сырын ашады. Бір түнде түс көріп, ағылшынша сөйлеп кете алмайтының секілді, дым дайындалмай ҰБТ-дан жоғары балл алу – қиынның қиыны. Кездейсоқ грант ұтып алғандар оны дұрыс оқи алмайды  

Ал сен, ҰБТ баллыңмен 100% грантқа түскің келсе, біз саған кепілдік береміз

Грантқа түспесең, төлемді қайтарып береміз

Консультацияға өтініш қалдыр. Ол үшін МЫНА сілтемені бас!
2.2K viewsedited  09:30
Ашу / Түсініктеме
2021-06-10 08:33:20 ҰБТ баллыңмен грантқа түсуіңе 100% кепілдік береміз

Грантқа түспесең, төлемді қайтарып береміз

2020 жылы бізден консультация алған 837 түлектің 828-і грантқа түсті.

Консультацияға жазыл, грантқа түс!

Сілтеме: https://consult.joo.kz
2.7K views05:33
Ашу / Түсініктеме
2021-06-09 18:27:10 СҰРАНЫСҚА ИЕ МАМАНДЫҚТАР

ҚР Еңбек және Халықты әлеуметті қорғау министрлігінің 2025 жылға болжаммен жасалған сұранысқа ие мамандықтар тізімінің бөлігі:

IT - специалист ( программист, компьютер маманы т. б.)
3D модельдеу инженері
Геолог
Геодезист және Картограф
Өнеркәсіп және құрылыс инспекторы
Логистика маманы
Графикалық дизайнер
Техник - механик
Өнеркәсіп жұмысшылары (шахтер, т. б.)
Бұл тізімде жоқ мамандықтар жұмыс берушілерден сұранысқа ие емес дегенді білдірмейді

Жұмысқа орналасу ықтималдығы сіздің қаншалықты сапалы кадр, білімді екеніңізге байланысты екенін ұмытпаған жөн

Ал сол сапалы білімді оқып шығу үшін ЖОО-ға түсу керек. Егер ГРАНТҚА түсетініңе сенімсіз болсаң https://consult.joo.kz/ сілтемені басып, жеке кеңес ал
2.4K views15:27
Ашу / Түсініктеме