Get Mystery Box with random crypto!

Адамдардың қабілеті туа біткен ба? Атақты психолог Кэрол Дуэк | JOO | ҰБТ 2023, ЕНТ, ГРАНТ

Адамдардың қабілеті туа біткен ба?

Атақты психолог Кэрол Дуэк (Carol Dweck) адамадрдың қабілеті жайлы жылдар бойы зерттеу жүргізіп, "Дамушы сана" (Growth mindset) кітабын жазады.

Көбісі адамдардың қабілеттері туа біткен деп санайды. Адам өзінің қабілеттерін дамыта алады ма? Жаңа қабілеттер иелене алады ма?

Әр адамның өмірге әртүрлі көзқарасы бар. Бірақ солардың барлығын екі топқа бөлуге болады: "дамушы сана" және "тұрақты сана".

Тұрақты сана - қабілеттің барлығы туа біткен деп санайды.

Дамушы сана - кез-келген қабілетті дамытуға болады деп санайды.

Ал енді осы екі түрлі сананың айырмашылығын түсінейік.

Үш жағдай:
1. Мектептегі бақылаудан 3 алдыңыз
2. Жол ережесін бұзғаныңыз үшін полиция айыппұл жазып берді
3. Кездесу керек досыңыз келмей қойды.

Не сезінер едіңіз? Не ойлар едіңіз? Не істер едіңіз?

Тұрақты сана шамамен мына жауаптарды береді:
1. Есептер қате, дұрыс жауаптары жоқ, басқалар көшірген ғой
2. Өмір әділетсіз, жоғарыдағылар маған қарсы
3. Досым лақтырып кетті

Дамушы сана шамамен мына жауаптарды береді:
1. Сабағыма жүйелі түрде дайындалуым қажет
2. Жол ережесіне мұқият болуым қажет
3. Досыма бірдеңе болып қалды ма екен, мүмкін көмегім керек шығар

Тура сол сияқты кешегі тест нәтижесін көріп кейбір оқушылар: "матем есептері нетоо ғо в общем", "адам көрмеген сұрақтар ғой" десе, ал енді дамушы сана иелері: "ойланып шешу керек еді", "қайта тапсыра аламыз ба біз ұтайық подарко " дейді.

Жалпы өмірде дамушы сана иелері көбірек жетістікке жетеді. Сондықтан әрқашан дамушы сана иесі болуға тырысайық!

Айтпақшы, "пробный" тест тапсыру мүмкіндігі апта сайын беріледі. Және ол ТЕГІН.

Біздің қосымшасындағы "Дайындық" бөліміне өтіп, тапсыра аласың.

Барлықтарыңызға сәттілік!

P.S. Жақын арада қатемен жұмыс енгіземіз!