Get Mystery Box with random crypto!

ҰБТ-дан бір күн бұрын не істеген жөн?  ⠀ Иә, ҰБТ уақыты жақынд | JOO | ҰБТ 2023, ЕНТ, ГРАНТ

ҰБТ-дан бір күн бұрын не істеген жөн? 

Иә, ҰБТ уақыты жақындады. Сен бұған кәдімгідей дайындалдың. Уайымдама, Алла қаласа өте жақсы тапсырып шығасың. Дәл қазір айнаға немесе сотканың алдыңғы камерасына назар салшы. Өзіне сенімді, білімді, мақсаты айқын адамның бейнесін көресің.

Сонда да мына кеңестерге құлақ сал. ҰБТ-дан бір күн бұрын не істеген жөн? Не істемеген жөн?

1
ДЕМАЛ
Бір күн қалғанда кітапты құшақтап, тестке дайындалу деген болмасын. Одан ешбір пайда көрмейсің. Одан да ағзаңды рахаттандырып, саябаққа барып, бассейнге түсіп, жақсы кинолар болып жатса, оған барып уақыт өткіз.

2
ҰЙҚЫНЫ ҚАНДЫР
Жатын бөлменің ауасын тазартып, жылы және суық сумен душ қабылдап, ертерек жатып қал. Ұйқың қанық болса, жауабын білмейтін сұрақтардың дұрыс жауабын логикамен тауып алуға болады.

3
ТАҢҒЫ АСТЫ ТАСТАМА
Бұл маңызды. Аздап мейіз, кепкен өрік, грек жаңғағын жеп ал. Каша жеуді ұмытпа. Сонда стреске көп түспейсің, көңіл күйің жақсы, қарның да ашпайды. Сытырлатып дұрыс жауаптар өзі көріне береді).

4
СТРЕСТЕН АРЫЛ
Адам уайымдағанда қанға адреналин бөлінеді. Ұшып кетуге дайын тұрасың. Даусың дірілдеп, тамағың кеуіп, саусақтарыңа дейін терлеп кетесің. Ал бұл емтихан алдында тек зиян. Сондықтан бір орында тұрып секір, жылдам жүр, турникке тартыл (ұлдар), ауаны ұрып-ұрып жібер. Сонда артық энергия шығып кетеді.

5
ӨЗІҢЕ СЕН
Бұл емтиханды күн сайын болып жатқан емтихандай қабылда. Бұрынғылардан да жақсы қылып тапсырамын деп өзіңе сендіріп айт. Сен – адамсың! Ал сенің қолыңнан келмейтін нәрсе жоқ!