Get Mystery Box with random crypto!

Өткен жылдардағы ҰБТ базасы Оқушылардан: 'Қаңтар-наурыз ҰБ | JOO | ҰБТ 2023, ЕНТ, ГРАНТ

Өткен жылдардағы ҰБТ базасы

Оқушылардан:

"Қаңтар-наурыз ҰБТ-сында болған сұрақтар нағыз ҰБТ-да келеді ма?", "Қанша пайыз өзгереді?", "Базаның тек 30% ғана өзгере ма?", "Пробный тестте неге ҰБТ базасын қолданбайсыздар?" деген сияқты сұрақтар көптеп келуде.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетовтың ҰБТ базасына байланысты ең соңғы айтқаны:

"Сұрақтардың мазмұны әлі де көңілімізден шықпайды. Соңғы бірнеше жылда тестілеу сұрақтарының базасын жаңарту бойынша жұмыс жүргізілгендігіне қарамастан, сұрақтардың басым бөлігі әлі де қажетсіз фактілерді жаттап, есте сақтауға бағытталған.

Содан кейін бірінші орынға сыни ойлау мен функционалдық сауаттылықты қоймаса, жаттанды ақпаратты автоматты түрде айту арқылы оқу процесінің маңыздылығы жоғалады.

Функционалдық сауаттылыққа мән беру және білімді өмірде қолданатын кез келді. Енді, алдымызда тестің базасын SAT, PISA секілді тестердің үлгісі бойынша толық жаңарту мәселесі тұр.

Бұл мүлдем басқа сипаттағы тапсырмалар, яғни тесте жаттап алуға, көшіруге мүмкіндік бермейтін сұрақтар болуы керек."

ҰБТ-ға дайындалғанда бұрынғы жылғы тапсырмаларды жаттап алуға емес, берілген тапсырманың шешімін түсінуге тырыс.

Сондықтан да біз өз тесттерімізде бұрынғы жылғы ҰБТ сұрақтарымен қатар, жаңа сұрақтар да енгіздік.

Біздің приложениеде "Дайындық" бөліміне өту арқылы ТЕГІН тест тапсырып өз деңгейіңді байқап көр!