Get Mystery Box with random crypto!

Informburo_kaz

Telegram арнасының логотипі informburo_kaz — Informburo_kaz I
Telegram арнасының логотипі informburo_kaz — Informburo_kaz
Арна мекенжайы: @informburo_kaz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.72K
Арнадан сипаттама

Күннің басты жаңалықтары, қызықты сұхбаттар мен танымдық-сараптамалық материалдар біздің арнада
Біздің сайт: https://informburo.kz/kaz
Біздің арна орыс тілінде: t.me/informburo_kz
Білім саласы жаңалықтары: t.me/informburo_bilim

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 7

2022-07-25 08:32:52
"Күн сайын 10 адам қаза табады". Жол апатының негізгі себептері қандай?

Күн сайын еліміздің жолдарында 10-ға жуық адам қаза тауып, 70-ке жуық адам түрлі дене жарақаттарын алады, деп хабарлады ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Жандос Мұратәлиев.

Жол апаттарын талдау барысында олардың негізгі себептері анықталған. Олар:

жылдамдық режимін асыру;
маневр жасау ережесін бұзу;
қарама-қарасы жүріс жолағына шығу;
аударылу;
жаяу жүргіншілерді басып кету.

t.me/informburo_kaz
93 viewsedited  05:32
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 07:42:04
Қазақстандықтар көбінесе қандай смартфон ұстайды?

Қазақстанда маусым айында ең танымал болған смартфон брендтері:

Samsung – 35,68 пайыз;
Apple – 25,37 пайыз;
Xiaomi – 18,64 пайыз;
Oppo – 7,54 пайыз;
Huawei – 5,73 пайыз.

Қазақстанда смартфондардың құны бір жыл ішінде 3,1 пайызға қымбаттады. Оның ішінде Алматы қаласы, Ақтөбе және Алматы облыстарында баға айтарлықтай жоғары.

t.me/informburo_kaz
103 viewsedited  04:42
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 06:33:39
121 views03:33
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 14:37:09 Қазақстанның оңтүстігінде демалыс күндері 46 градусқа дейін ыстық күтіледі

"Қазгидромет" Қазақстан бойынша 23-25 шілдеге арналған ауа райын ұсынды.

Республика аумағының басым бөлігінде әлі де тұрақсыз ауа райы сақталып, жаңбыр жауады. 25 шілдеде елдің солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауып, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Еліміздің оңтүстік-шығысында ғана кезең бойы жауын-шашынсыз ауа райы болмақ, солайша Қазақстанның оңтүстігінде шаңды дауыл болжанады.

Күндізгі уақытта республиканың батыс жартысында ауа температурасы +27 +42°С-тан +23 +35°С-қа дейін төмендейді. Ал ауа температурасының аздап көтерілуі елдің солтүстік-батыс, орталық өңірлерінде күтіледі: мұнда термометрлер + 25 +38°С белгісіне жетеді, республиканың солтүстігінде, шығысында болса температуралық фон +22 +30°С-қа, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында +34 + 46°С дейін өте қатты ыстық сақталады.

t.me/informburo_kaz
111 views11:37
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 13:59:28
Балаларға ойнауға рұқсат беруге болатын қазақстандық 5 видеоойын

DFC Intelligence мәліметінше, жер бетінде 3,1 миллиард адам видеоойын ойнайды. Бұл Жер бетіндегі халықтың шамамен 40 пайызы. Мұнымен қатар, зерттеу компаниясы 2024 жылға қарай компьютер ойыншыларының шығысы 73 млрд долларды құрайтынын мәлімдеді. Осы орайда, Informburo.kz Қазақстанда жасалған танымал 5 видеоойынды ұсынады.

Толығырақ https://bit.ly/3BbocbY
114 views10:59
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 13:06:35
"Америкадан Ресейге дейін". Алматылық саяхатшылар автокөлікпен жер жүзін аралауға шықты

Қазақстан тарихында тұңғыш рет "Жаңа Қазақстанмен жер шарына" деген атаумен автомобильмен жер жүзіне саяхаттау басталды. Саяхатшылар сапар барысында АҚШ (Сан-Франциско-Нью-Йорк), Еуропа (Алматы-Сан-Себастьян), Ресейді (Алматы-Владивосток) басып өтеді. Жолдың жалпы ұзындығы – 35 мың шақырымнан асады.

Топ мүшелері 2022 жылдың мамыр айында АҚШ-тың Тынық мұхиты жағалауынан Сан-Францискоға дейін Нью-Йорктегі Атлант жағалауына дейін жол жүріп келді. Жалпы саяхат 20 күнге созылды және 6,5 мың шақырымды құрады.

Бұл жолы Алматылық саяхатшылар автокөлікпен Испанияға Атлант мұхитының жағалауына дейін барады.

Жобан авторы – "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпазы, қауымдастырылған профессор және тележурналист Мадина Ашилова. Бұл саяхатқа Мадинаның жолдасы және төрт баласы бірге бармақ.

http://t.me/informburo_kaz
119 viewsedited  10:06
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 11:23:48
"Қазақстан халқына" қорының білім беру грантын алуға тамызда өтінім беруге болады

"Қазақстан халқына" қоры 2022-2023 оқу жылына білім беру гранттары байқауының шарттарын жариялады.

Қор бакалавриат бағдарламалары бойынша жоғары білім алу ақысын төлеу үшін мемлекеттік немесе өзге грант ала алмаған, ауылдық жерлердегі жағдайы төмен отбасылардан шыққан түлектерге, жетім балаларға және мүгедектігі бар балаларға шәкіртақы төленетін гранттар береді.

"Қазақстан халқына" қоғамдық қорының гранттары мен шәкіртақысына үміткерлер (түлектер) өзі таңдаған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының қабылдау комиссиясына 10 тамыздан бастап 17 тамыз аралығында өтінім береді.

"Қазақстан халқына" қоғамдық қорынан грант пен шәкіртақы алу үшін студенттер 1 тамыздан бастап 15 тамыз аралығында Taiburyl қоғамдық бірлестігінің сайтында онлайн-өтінім береді.

t.me/informburo_kaz
253 views08:23
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 10:50:14
Қазақстанда мектеп формасы түрлерінің саны 20-ға қысқарады

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов zakon.kz порталына берген сұхбатында мектеп формасы туралы түсініктеме берді. Оның айтуынша, қазіргі қолданыстағы бұйрық бойынша, әр мектеп қамқорщылық кеіестің мақұлдауымен мектеп формасының түсі мен оның фасонын өз бетінше таңдай алады.

"Сәйкесінше, бізде 7,5 мың мектеп болса, теориялық тұрғыда 7,5 мың түрлі форма болуы мүмкін. Бұл ыңғайсыз. Мәселен, Павлодар қаласын алайық. Бала бір мектептен екіншісіне ауысса, оған мектеп формасын ауыстыру керек", – деп атап өтті министр.

Асхат Аймағамбетов алдағы оқу жылынан бастап енгізілетін жаңа талаптар бойынша, әр өңір (облыс не республикалық маңызы бар қала) өз мектептеріне ортақ мектеп формасын таңдайды. Қазақстанда 20 өңір болса, сәйкесінше енді мектеп формасы түрлерінің саны 20-дан аспайтын болады.

t.me/informburo_kaz
115 views07:50
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 10:14:40
"Бастау Бизнес" аясында кәсіпкерлік негіздерін онлайн оқуға болады

2022 жылғы 25 шілдеден бастап "Бастау Бизнес" жобасымен кәсіпкерлік негіздерін онлайн оқуға болады. Өз ісін бастауды жоспарлап отырған қазақстандықтар енді Skills.enbek.kz платформасы арқылы бизнес жүргізу үшін базалық білім мен дағдыларды игереді, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Оқу курсына жазылу үшін Business.enbek.kz порталда тіркелу, оқыту шарттарына сәйкестігіне автоматты тексеруден өту қажет.

Оқыту қорытындысы бойынша қатысушы бірегей нөмірі бар электрондық сертификат алады. "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы сертификаттың қолданылу мерзімі 3 жылды құрайды.

Оқыту 14 күнтізбелік күннен аспайды. Әр қатысушы курсты жеке-жеке оқиды. Оқу толығымен тегін.

t.me/informburo_kaz
115 views07:14
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 09:23:53
ҚМА World Business Consulting қаржы пирамидасына қатысты тергеу жүргізіп жатыр

ҚМА елордалық департаменті World Business Consulting қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлады ҚР қаржылық мониторинг агенттігі.

Тергеу органы қаланың сенгіш тұрғындарымен түрлі сипаттағы инвестициялық бағдарлама келісімдерін жасап, ойдан шығарылған инвестициялық жобаларға қаражат салуды ұсынған тұлғаларды анықтады.

"Бұл ұйым өзін қоржындық инвестиция және қаржылық кеңес ұсынатын халықаралық қаржылық және аналитикалық компания ретінде көрсетеді. Департаментте қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде. ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері тергеу мүддесі аясында жария етуге жатпайды", – делінген ҚМА хабарламасында.

ҚМА азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырады.

t.me/informburo_kaz
123 views06:23
Ашу / Түсініктеме