Get Mystery Box with random crypto!

Informburo_kaz

Telegram арнасының логотипі informburo_kaz — Informburo_kaz I
Telegram арнасының логотипі informburo_kaz — Informburo_kaz
Арна мекенжайы: @informburo_kaz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.72K
Арнадан сипаттама

Күннің басты жаңалықтары, қызықты сұхбаттар мен танымдық-сараптамалық материалдар біздің арнада
Біздің сайт: https://informburo.kz/kaz
Біздің арна орыс тілінде: t.me/informburo_kz
Білім саласы жаңалықтары: t.me/informburo_bilim

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 10

2022-07-19 13:32:59
Киік санын реттеуге қатысты ғылыми зерттеулер 1-2 жылға созылуы мүмкін

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев президент сынынан кейін Қазақстанда киіктер популяциясын реттеу мәселесі қалай шешілетіні туралы түсініктеме берді.

Оның айтуынша, алдағы уақытта терең ғылыми зерттеулер жасалады. Яғни киіктердің көші-қон жолдары, тіршілік ету ортасы, жем-шөп базасы зерттеледі.

Министр киік саны ұдайы артып отырмайтынын айта келе, белгілі бір санға жеткеннен кейін олардың арасында жем-шөп үшін өзара бәсекеге басталатынын түсіндірді.

"Ішкі бәсеке жануардың өзін әлсіретеді. Бірақ, жалпы тарихи тұрғыдан алсақ, Кеңес заманында киіктердің популяциясын реттеу тәжірибесі болды", – деді Серікқали Брекешев.

Министрдің сөзінше, киік популяциясына қатысты ғылыми зерттеулер 1-2 жылға созылуы мүмкін. Ал оған дейін киіктердің популяциясын реттеу немесе пайдалану туралы шешім қабылданбайды.

t.me/informburo_kaz
96 viewsedited  10:32
Ашу / Түсініктеме
2022-07-19 13:23:47
Сәнгер Алмас Керімбек: Сән – жай ғана жылтыр көйлек емес, ол – тарих пен философия

Отандық Qanaker брендінің негізін қалаушы, жас сәнгерлерге арналған New Generation Open Way 2020 байқауының жеңімпазы, Аида Кәуменова сән үйінің креатив директоры Алмас Керімбек Қазақстанның сән әлемі туралы әңгімеледі. Жас сәнгер елде мата өндірісінің жолға қойылмауы, сәнге қатысты отандық зерттеулердің жоқтығы және халықтың қазақстандық брендтерді тұтынуға дайын еместігі сынды проблемалар барын айтады.

– Қазіргі таңда кім екенімізді танып-білуге тырысып жатқандықтан, қазақы ұлттық нақыштағы киімдер өте танымал. Алматыда көп адам қазақ тілінде сөйлемейді, ал кейбірі тіпті төл тарихын білмейді. Дегенмен жан өз түп тамырын тапқысы келеді. Ол не деген сөз? Біріншіден, біз – адамбыз, екіншіден, біз – қазақпыз. Ал бұл мәдениет, сән, музыка және тағы басқа арқылы көрініс табады. Тағы бір жағынан қазақы нақыштағы киімдерді кию арқылы тіл білмеуіміздің орнын толтырғымыз келетін сияқты.

Толығырақ https://bit.ly/3zenNUS
99 viewsedited  10:23
Ашу / Түсініктеме
2022-07-19 09:37:07
Инфекция қаупі жоғары: Жеміс-жидектен уланбас үшін нені ескеру керек?

Гастроэнтеролог бірнеше пайдалы кеңес берді.

Жидектерді бір қабатта дуршлагқа салып, 5 минут бойы ағын сумен шаю керек. Құлпынайдың сыртындағы кір мен топырақтан тазарту үшін 5-10 минут бойы суға салып қойып, кейін шаю қажет.

Көк шөптерді 15 минут бойы салқын суға салып, жапырақтарын мұқият сұрыптап, шаң-тозаңы ыдыстың түбіне түскенше суды қайта-қайта ауыстырып отыру керек. Тұзды немесе сірке суы қосылған суға 30 минут (1 литр суға 1 ас қасық сірке суы немесе тұз) салып қоюға болады.

Қабығы қалың жемістерді (банан, апельсин және т.б.) ағын судың астында щеткамен жақсылап жуған жөн. Көптеген импортталған өнімдер ұзақ уақыт сақталуы үщін парафинмен қапталады. Сондықтан оларды жылы, сабынды суда жуып, кейін жақсылап шаю қажет. Егер қабығы өте әдемі және тегіс болса, бұл жеміс парафинмен мұқият өңделген деген сөз. Бұл жағдайда қабығын толығымен аршып тастаған жөн.

Толығырақ https://bit.ly/3B0tNlq
70 viewsedited  06:37
Ашу / Түсініктеме
2022-07-19 08:50:07 "Әскери баспана" ипотекасы: Өтініштер 2022 жылғы тамызда қабылданады

Нақты датасы әзірге белгісіз, бірақ құжаттар бір ай ішінде қабылданады.

"Әскери баспана" бойынша келесі шарттармен несиеге алуға болады:

несие мөлшерлемесі – 8% (СЖТМ 8,3%-дан бастап), кейіннен несие мөлшерлемесі 3,5%-ға дейін төмендейді;
бастапқы жарна – 15%;
несиенің максималды сомасы – 45 млн теңге.

Өтінімді Отбасы банкінің hcsbk.kz сайты арқылы беруге болады. Ескере кетерлігі, өтінім тек компьютерден немесе ноутбуктен қабылданады.

t.me/informburo_kaz
86 views05:50
Ашу / Түсініктеме
2022-07-19 08:20:30
Оқу-ағарту вице-министрі: Лицензиялау балабақшаларды жабуға әкелмейді

Оқу-ағарту вице-министрі Шолпан Қаринова балабақшаларды лицензиялау ісіне қатысты түсініктеме берді. Оның жазуынша, мемлекет балабақшаларды жабу міндетін қоймайды, лицензиялау мұндай салдарға әкелмейді.

Лицензиялау тексеру тетігі ретінде 2011 жылға дейін жүргізілген.

"Қазір бұл процедураны қайтару қажеттілігі туындады, өйткені балаларға қатысты көптеген резонанстық жағдайлар ата-аналар мен қоғамды әділеттілікті қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдарға жүгінуге мәжбүр етті. Бұл қоғамның сұранысы", – деді Шолпан Қаринова.

Бірінші кезеңде жаңадан ашылған мектепке дейінгі ұйымдар лицензиялауға жатады.
Кейін лицензиялау қайта мемлекеттік аттестаттаудан өтпеген жұмыс істеп тұрған ұйымдар үшін көзделген.
Басқа барлық жұмыс істеп тұрған балабақшалар тәуекелдерді бағалау негізінде лицензия алатын болады.

t.me/informburo_kaz
97 viewsedited  05:20
Ашу / Түсініктеме
2022-07-19 06:46:11
Түркістан облысының тұрғыны Ту мен Елтаңбаны өрттен қорғап қалды

Түркістан облысында 27 жастағы азамат өртеніп жатқан ғимараттың шатырына шығып, мемлекеттік туды тілсіз жаудан қорғап қалды, деп хабарлады 31 арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы.

Өрт Ақсукент ауылындағы Жұмыспен қамту орталығы мен дүкен орналасқан бір қабатты ғимараттың шатырынан шыққан.

Арнаның хабарлауынша, Мұхаммед Қансейіт – дәл осы жұмыспен қамту орталығының қызметкері. Үйленген, төрт айлық баласы бар.

"Көк ту мен Елтаңбамызды алып шықтым. Көк туымызды көрші тұрған мекемеге өтіп, сол арқылы өзіміздің шатырымызға шығып, өрт болып жатқан жерден алып шықтық. Әрбір азамат мұндай әрекетті істеуі тиіс деп ойлаймын", – дейді ол.

t.me/informburo_kaz
92 viewsedited  03:46
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 15:03:49
Балабақшаларды лицензиялау 2024 жылы басталады

2022-2023 жылдары тиісті жұмыстар жүргізіледі. 2024 жылдан бастап лицензиялауды басталады.

Бірінші сатыда жаңадан ашылған балабақшалар лицензиялауға жатады. Комитет төрағасының айтуынша, орта есеппен бір жылда 200 балабақша ашылуы мүмкін.

Екінші сатыда мемлекеттік аттестациядан екі мүмкіндікте де өте аламаған балабақшалар лицензиялаудан өтеді.

Үшінші сатыда тәуекелдерге қарай талдау жасалады. Қай жерде көбіне рисктер бар сол балабақшалар лицензиялынатын болады.

"Содан кейін ғана басқалары лицензиялаудан өтеді. Сондықтан бұл жұмыс бірнеше жылға созылады", – деді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова.

t.me/informburo_kaz
99 viewsedited  12:03
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 14:33:55
"Шілдеде" неге қырық күн? Қазақ халқының ауа райы болжамдары

Қазір 25 маусымнан 5 тамызға дейін созылатын "қырық күн шілденің" белортасына жеттік.

"Қазгидромет" 20 шілдеден бастап Қазақстанның орталық, оңтүстік және оңтүстік-шығысында +45 градусқа дейін аптап ыстық болатынын хабарлады. Шілденің шіліңгір ыстығы қазірдің өзінде Қазақстанның барлық өңірінде байқалып тұр.

Аптап ыстықтан қалай қорғану керек?

Оқу https://bit.ly/3uW5Pns
209 viewsedited  11:33
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 13:58:32
Ақтауда көпфункционалды туристік кешен салынады. Қаржы қайдан?

Бұл туралы Қазақстан экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында белгілі болды.

"Бұл 170 млрд теңге инвестиция тартуға, 4000-ға жуық тікелей және жанама жұмыс орнын ашуға, сондай-ақ Маңғыстау облысына туристік ағынды 850 мың адамға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді", – деп жазылған үкіметтің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов жобаны жедел іске асыруды және құрылысы басталған барлық объектіні аяқтау үшін "Қазақстан Даму банкі" АҚ бюджеттік несие бөлу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

t.me/informburo_kaz
107 viewsedited  10:58
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 13:17:13
Алматыда өткен форумға Jas Leader Akademiiasy бағдарламасының 450-ге жуық түлегі қатысты

Болат Өтемұратов қорының Jas Leader Akademiiasy бағдарламасы 2021 жылы Түркістан облысы мен Шымкент қаласының 50 мектебінде іске қосылды.

Оқу жылы ішінде 5-11-сыныптардың 12,5 мыңға жуық оқушысы сыни тұрғыдан ойлауға, топта жұмыс істеуге, көпшілік алдында сөз сөйлеп, өз пікірін дәлелді жеткізуге үйренді.

Жоғары белсенділік пен ынта танытқан 450 мектеп оқушысы Алматыда екі лекпен өтіп, 17 шілдеде аяқталған бірінші Jas Leader форумының қатысушысы болды.

t.me/informburo_kaz
105 views10:17
Ашу / Түсініктеме