Get Mystery Box with random crypto!

Informburo_kaz

Telegram арнасының логотипі informburo_kaz — Informburo_kaz I
Telegram арнасының логотипі informburo_kaz — Informburo_kaz
Арна мекенжайы: @informburo_kaz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.72K
Арнадан сипаттама

Күннің басты жаңалықтары, қызықты сұхбаттар мен танымдық-сараптамалық материалдар біздің арнада
Біздің сайт: https://informburo.kz/kaz
Біздің арна орыс тілінде: t.me/informburo_kz
Білім саласы жаңалықтары: t.me/informburo_bilim

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 2

2022-07-29 13:01:00
Банктердің берген несиесі рекордтық 20 трлн теңгеден асты

Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі бір айда 2,7 пайызға ұлғайып, 2022 жылғы маусымның соңында 20 050,8 млрд теңгені құрады (жылдық мәнде өсу 27,5% болды). Заңды тұлғаларды кредиттеу бір айда 8 080,9 млрд теңгеге дейін 2,4 пайызға, жеке тұлғаларды кредиттеу 11 969,9 млрд теңгеге дейін 2,9 пайызға өсті, деп хабарлайды naryk.kz сайты.

Ұлттық валютадағы кредиттер көлемі бір айда 18 245,9 млрд теңгеге дейін 1,9 пайызға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредиттер 0,1 пайызға төмендеді, жеке тұлғаларға берілген кредиттер -2,9 пайызға өсті. Шетел валютасындағы кредиттер көлемі 1 804,9 млрд теңгеге дейін 11,8 пайызға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредиттер 11,9 пайызға өсті, жеке тұлғаларға берілген кредиттер 5,1 пайызға төмендеді. 2022 жылғы маусымның соңында теңгелік кредиттердің үлес салмағы 91,0% (2021 жылғы желтоқсанда – 89,7%) болды.

t.me/informburo_kaz
54 viewsedited  10:01
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 12:38:11
2023-2024 жылдары мектеп формасы қалай өзгереді?

Келер жылы Қазақстанда мектеп формасына қойылатын талаптар өзгереді. Бұл туралы ҚР оқу-ағарту министрінің тиісті бұйрығында хабарланды. Бұйрық 2023-2024 оқу жылында күшіне енеді.

Келесі тармақтарға өзгерістер енгізілген:

9-тармақ:
"Қыздардың мектеп формасы: пиджак, жилет, белдемше, шалбар, түймелері немесе бекіткіші бар трикотаж кардиган (бомбер), классикалық жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады".

14-тармақ:
"Мектеп формасына орта білім беру ұйымының ерекшелік белгілерін (белгілер, тігіспелер, шеврон және т.б.) орналастыруға рұқсат етіледі".

19-тармақ:
"Мектеп формасының түсін, фасонын таңдауды және юбканың ұзындығын орта білім беру ұйымы мен кеңес (мектеп кеңесі, қамқоршылық кеңес, ата-аналар кеңесі) айқындайды, жалпымектептік ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітіледі".

t.me/informburo_kaz
58 viewsedited  09:38
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 12:30:04
"Оқуға тұрарлық ешкім жоқ емес, оқитын адам жоқ". Жазушы Бақытгүл Сәрмековамен сұхбат

Жазушы Бақытгүл Сәрмекова жақында лондондық Tilted Axis Press баспасымен "Ақындары құрысын" (To hell with poets) атты кітабын басып шығаруға келісімшартқа отырды. Кітапты ағылшын тіліне Миргүл Қали аударған. Баспа кітапты 2000 фунт стерлинг және он жыл бойы сатылымнан түскен қаржының 8 пайызына бағалаған.

Informburo тілшісі Қазақстанда Муракамидің кітаптарын он орап кететін жақсы шығармалар бар деп есептейтін жазушы Бақытгүл Сәрмекованың өзімен сұхбаттасты.

Толығырақ https://bit.ly/3oBF58b
58 viewsedited  09:30
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 10:17:03
"Азаптап өлтірген". Адам өліміне қатысты істер қалай ашылып жатыр?

"Бас сүйегін, қабырғаларын сындырған. Үш жерінен пышақ салған. Атқан. Азаптап өлтірген". Алматы облысында күйеуінің денесін осындай күйде көрген келіншек марқұмның қазасына бір ғана адам емес, бірнеше адамның қатысы бар екенін, бірақ полиция тек бір күдіктіні ғана қамағанын айтады.

Дәл осы Талғар ауданында өткен жылдың қазан айында қайтыс болған Дінмұхаммед Жеңісовтің де жақындары сол кезде полиция қызметкері болған күдіктінің жазадан сытылып кеткенін айтып, шағымданды.

31 арнаның "Сөздің шыны керек" бағдарламасы адам өліміне қатысты екі деректі сараптап көрді.

t.me/informburo_kaz
92 views07:17
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 08:55:10 "408 150 теңге қолдан жасалған". Жалған ақшаны қалай анықтауға болады?

Биылғы жылдың алғашқы алты айында қолдан жасалған 408 150 теңге анықталды, деп хабарлады Ұлттық банк.

Қолдан жасалған ақшаны ажыратуға көмектесетін қағидалар:

Арнайы мөр. Банкноттарда бедер тудыратын арнайы мөр бар. Сол сияқты барлық банкноттарда көру қабілеті нашар адамдарға арналған, қолмен ұстағанда жақсы білінетін дөңес тәрізді жоғары бедерлі элемент түріндегі белгілер бар.

Банкноттың түсі. Ақшаның түсі анық және контрастылы болуға тиіс, су таңбасы мен номиналдың цифрлық бейнесін көру үшін банкнотты жарыққа бағыттап көру қажет.

Магниттік жіп. Банкнот бетіндегі жазулары бар тұтас жіп тәріздес, жарықта анық көрінетін жазулар бар үзік сызық түріндегі тұтас магниттік және сүңгуір жіпке де назар аударған жөн.

Түс ауысуы. Номиналы 1 000, 2 000, 5 000, 10 000 және 20 000 теңгелік банкноттарда түрлі-түсті бояумен салынған сурет түріндегі бейнелер бар. Банкноттың көлбеу бұрышы өзгерген кезде бейнелердің түсі жасылдан алтын түске дейін өзгереді.

t.me/informburo_kaz
97 views05:55
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 08:33:59
Қазақстандықтардың жеке дерегі арнайы сайтта қолжетімді болмақ

Қазақстандықтардың жеке дерегі арнайы сайтта қолжетімді болмақ. Онда, азаматтың жеке куәлігінен бастап, бұрынғы қызметінен кету себебі туралы мәліметтерге дейін жазылады.

Алайда, ақпаратты кез келген адам ала алмайды, деп хабарлады 31 арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы.

t.me/informburo_kaz
101 views05:33
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 07:53:47
"Жолаушылар құқығын бұзған". Fly Arystan авиакомпаниясына айыппұл салынды

Азаматтық авиация комитеті 5 маусым күні Fly Arystan әуетасымалдаушысының Алматы – Шымкент бағыты бойынша КС-7105 рейсі 15 сағат 10 минутқа кешіккенін анықтады.

Сонымен қатар, осы рейстің жолаушыларына ұшуды күту кезінде қонақ үйде орналастыру қызметтері дұрыс деңгейде көрсетілмеген.

Осыған байланысты 28 шілде күні авиакомпанияға 1000 АЕК (3 000 063 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Бұл Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 567-бабының 2-бөлігінде көзделген шара.

t.me/informburo_kaz
34 viewsedited  04:53
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 07:36:37
Енді қазақстандықтар медициналық сақтандыру қызметін бір жыл бұрын ала алады

Қазақстан азаматтары бұдан былай міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қызметін бір жыл бұрын ала алады. Ол үшін 12 айға алдын ала төлем жасауы тиіс.

Бұл өзгерістер қыркүйек айынан бастап енгізіледі, деп хабарлады 31 арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы.

t.me/informburo_kaz
40 views04:36
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 06:50:47
Пияз бағасы неге қымбаттап жатыр? Министрлік түсіндірді

Жыл басынан бері пияз бағасы екі есе өсті, бұл соңғы төрт жылдағы ең жоғары өсім. Апта сайынғы өсімі орта есеппен 2-3 пайызға жетіп отыр, деп хабарлады Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі.

"Қазақстанның ішкі нарығында пияздың қымбатуы көршілес нарықта пиязға сұраныстың артуы және экспорттық бағаның жоғары болуымен байланысты. Сондықтан Қазақстаннан көрші нарыққа пияз экспортының көлемі артты", – деп жазылған хабарламада.

Алайда арнайы жүргізілген талдау ішкі нарықта пияз тапшылығының жоқ екенін көрсеткен. Бүгінгі таңда облыстар 34 мың тонна пиязбен қамтамасыз етілген. Бұл ай сайынғы тұтынудың 132 пайызын құрайды.

t.me/informburo_kaz
61 viewsedited  03:50
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 14:35:47
"Инвестмент-18" қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар 7 жылға сотталды

WhatsApp желісінде топтық чаттар ашып, 35-тен астам жәбірленушіден ақша жинап, соңғыларына аса ірі көлемде материалдық залал келтірген азаматтар кінәлі деп танылды.

Олар 7 жылға дейін ақша қаражатын тартумен байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырыла отырып, қаржы пирамидасын құрғаны үшін 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруға сотталды.

t.me/informburo_kaz
97 viewsedited  11:35
Ашу / Түсініктеме