Get Mystery Box with random crypto!

Informburo_kaz

Telegram арнасының логотипі informburo_kaz — Informburo_kaz I
Telegram арнасының логотипі informburo_kaz — Informburo_kaz
Арна мекенжайы: @informburo_kaz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.72K
Арнадан сипаттама

Күннің басты жаңалықтары, қызықты сұхбаттар мен танымдық-сараптамалық материалдар біздің арнада
Біздің сайт: https://informburo.kz/kaz
Біздің арна орыс тілінде: t.me/informburo_kz
Білім саласы жаңалықтары: t.me/informburo_bilim

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 9

2022-07-20 14:52:56
Тұрмысы төмен өңір – қақтығыс ошағы. Депрессивті аймақтарды дамыту картасы не үшін қажет?

Informburo осы мәселелерді шешу үшін көптен "Депрессивті аймақтарды дамытудың жол картасын" қабылдауды ұсынып жүрген әлеуметтанушы, PhD Айсұлу Молдабекпен сұхбаттасты.

"Қазақстанда депрессивті аймақтар көп облыстар – Жамбыл, Түркістан, Атырау, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстары. Әр облыстың ішінде, әсіресе шекаралас ауылдарда, аудандарда және моноқалаларда депрессивтілік деңгейі жоғары. Елімізде депрессивті аймақтардың көбеюіне тікелей сол елді мекендердегі әлеуметтік-экономикалық, инфрақұрылымдық және экологиялық ахуалдың нашарлауы тікелей әсер етті. Ондай елдімекендерде жұмыссыздық жоғары. Негізгі жұмыс көзі – ауыл шаруашылығы және бюджетттік мекемелер. Ал онымен қамтылғандар саны өте аз, одан бөлек өңдеу өнеркәсібінде жұмыс істейтіндер жоқтың қасы", – дейді әлеуметтанушы.

Толығырақ https://bit.ly/3v2mp4Z
49 viewsedited  11:52
Ашу / Түсініктеме
2022-07-20 14:12:38
Абай, Ахмет, Ыбырай. Павлодар мектептеріне тарихи тұлғалардың есімі беріледі

Ашық НҚА сайтында жарияланған Үкімет қаулысының жобасына сәйкес, Павлодар облысындағы 12 мектепке қазақтың тарихи тұлғаларының есімін беру көзделіп отыр.

Павлодар қаласының №20 лицей-мектебіне Әлихан Бөкейханның, №1 жалпы орта білім беру мектебіне Малайсары батырдың, №23 жалпы орта білім беру мектебіне Рафика Нұртазинаның, №16 лицей-мектебіне Аманжол Шәмкеновтің, №9 жалпы орта білім беру гимназия-мектебіне Шапық Шөкиннің, №28 жалпы орта білім беру мектебіне Сұлтанмахмұт Торайғыровтың, №19 жалпы орта білім беру мектебіне Мәшһүр Жүсіптің, №34 инновациялық үлгідегі жалпы орта орта білім беру мектебіне Ахмет Байтұрсынұлының, №37 жалпы орта білім беру мектебіне Жұмабек Тәшеневтің есімі беріледі.
Ақсу қаласының №1 қазақ орта мектебіне Ыбырай Алтынсаринның, №2 жалпы орта білім беру мектебіне Абайдың, дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясына Қаныш Сәтбаевтің есімі беріледі.

t.me/informburo_kaz
61 viewsedited  11:12
Ашу / Түсініктеме
2022-07-20 12:37:44
Қазақстанда мектептегі оқу жылы екі аптаға ұзарады

Оқу-ағарту министрлігінің бұйрық жобасында қазақстандық оқушылар үшін оқу жылын екі аптаға ұзарту көзделіп отыр.

Құжатқа сәйкес, бірінші сыныпта оқу жылының ұзақтығы 35 оқу аптасын құрайтын болса, 2-11 (12) сыныптар үшін 36 оқу аптасына созылады.

"Қосымша екі оқу аптасын қосу арқылы оқу жылының ұзақтығын ұлғайту бір күндегі сабақтар санын қысқартуға, бес күндік оқу аптасын іске асыруға, "күрделі" тақырыптарды зерделеу қарқындылығын төмендетуге, білім беру процесін дамыта оқыту қағидаттарында ұйымдастыруға мүмкіндік береді" делінген бұйрықтың түсіндірме жазбасында.

Сондай-ақ, жазғы кезеңде каникул күндерінің санын қысқарту өткен оқу жылында білімнің бір бөлігін жоғалту тәуекелін, құқық бұзушылықтарды қысқарту, білім алушылардың шамадан тыс жұмыс істеу мен сырқаттанушылығын төмендететіні айтылған.

t.me/informburo_kaz
30 viewsedited  09:37
Ашу / Түсініктеме
2022-07-20 11:58:02 Қайрат Құдайбергенді Amanat партиясынан шығарып, депутат мәртебесінен айырды

Алматы қалалық мәслихаттың кезектен тыс XXIII сессиясы өтіп, 11 депутатты алмастыру (ротация) жүргізілді. Оның негізінде мандаттарды қайта бөлу және берілген өтініштерге сәйкес Мұрат Әділханов, Ләззат Ибрагимова, Есенгелді. Талбидинов, Қали Сәрсенбай, Арман Жүдебаевты, Мұхтар Зулеев, Райхан Бөлекбаева, Әлібек Құрманбек депуттар тізімнен шықты.

Сондай-ақ, Amanat және Қазақстан Халық партиясы өз құрамынан Қайрат Құдайбергенді, Ақбөпе Әбілқасымованы, және Әлібек Шапеновты шығарды.

t.me/informburo_kaz
53 viewsedited  08:58
Ашу / Түсініктеме
2022-07-20 10:44:42
Нұр-Сұлтанда Ермек Серкебаев бейнеленген мурал салынды

Нұр-Сұлтан қаласындағы тұрғын үй қабырғасына опера әншісі Ермек Серкебаев бейнеленген мурал салынды, деп хабарлады Egemen Qazaqstan.

Мурал Қараменде Шақаұлы көшесіндегі тоғыз қабатты үйдің қасбетіне салынған. Биіктігі – 30 метр.

Ермек Серкебаев – танымал опералық және камералық әнші (баритон), педагог, КСРО халық әртісі, ҚазКСР халық әртісі, профессор, қоғам қайраткері және Социалистік Еңбек Ері.

Ол қазақстандық композиторлардың "Біржан мен Сара", "Абай", "Амангелді", "Ер тарғын", "Дударай" сияқты операларында, сонымен бірге "Фауст", "Евгений Онегин", "Пиковая дама" сынды операларда партияларды, сонымен бірге қазақтың халық әндерін және шетел композиторларының шығармаларын орындады.

Ермек Серкебаев 2013 жылы 16 қарашада өмірден өтті.

t.me/informburo_kaz
72 viewsedited  07:44
Ашу / Түсініктеме
2022-07-20 09:08:29
Офицердің жұмбақ қазасы: туыстары оның өзіне қол жұмсағанына сенбейді

Семей қаласындағы әуе қорғанысы әскери бөлімінің офицері Бақытжан Әріпжан белгісіз жағдайда қаза болды. Әскери бөлім қызметкерлері оның кезекшіден тапанша алып, қару тазалайтын бөлмеде өзінің басына оқ атқанын айтады. Алайда Бақытжанның туыстары бұған күмәнмен қарайды, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Бақытжанның туыстарының сөзінше, ол Семейге 2 жыл бұрын Түркістан облысынан ауысып барған. Соңғы уақытта туған жеріне қайта қызметін ауыстыруға әрекет етіп, бұйрық күтіп жүрген екен.

Бақытжан қайтыс қайтыс болардан бірер сағат бұрын қарындастарының бірімен бейнеқоңырау арқылы сөйлескен. Үш жастағы қызына қайырлы таң тілеп, амандық-саулықтан соң, әңгімені келте қайырған. "Кейін хабарласармын" деген соңғы сөзінен 2-3 сағат өткенде, қайғылы жағдайдан хабар жеткен.

t.me/informburo_kaz
81 viewsedited  06:08
Ашу / Түсініктеме
2022-07-20 07:47:49
Қазақстанда орташа зейнетақы бір айда 12 мың теңгеге артты

2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, Қазақстандағы зейнеткерлер саны – 2 млн 247 мың адам болды, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі. Аталған мерзімдегі жағдай бойынша, Қазақстандағы зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 117 469 теңгені құрады.

"1 шілдедегі жағдай бойынша қазақстандықтарға 1,4 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді. 2022 жылғы маусымда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 261,9 млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 79,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 182,6 млрд теңге бөлінді", – делінген министрліктің ресми хабарламасында.

t.me/informburo_kaz
80 viewsedited  04:47
Ашу / Түсініктеме
2022-07-20 07:44:26
2022 жылы қосымша 5 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылады

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, соңғы 3 жылда 18 млн гектар бос және 3 млн гектар заңсыз берілген жайылымдар анықталып, олардың 5 млн гектары мемлекетке қайтарылса 4 млн гектары айналымға тартылған.

Жер учаскесін игеруге мүмкіндігі жоқ адамдар оны иелену арқылы жердің жасанды тапшылығын тудырып отыр. Ал бұл өз кезегінде нақты шаруашылықпен айналысатын фермерлер мен ауыл тұрғындарын шаруадан айырады және жердің тозуына алып келеді.

Бас прокуратура мәліметінше, Қазақстанда шамамен 15 млн гектар қоғамдық жайылымдар жетіспейтіні анықталған. Бұл мәселені шешу мақсатында Бас прокуратура Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп мемлекетке қосымша 5 млн гектар жерді қайтаруды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, жайылымдарды беру кезіндегі заң бұзушылықтар үшін 520 лауазымды адам, оның ішінде 42 адамның тәртіптік жауапқа тартылғаны белгілі болды.

t.me/informburo_kaz
79 viewsedited  04:44
Ашу / Түсініктеме
2022-07-19 14:20:57
Тамара Дүйсенова: Қазақстанда көп балалы отбасылар көбейіп келеді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Атырауда көпбалалы отбасыларды, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау шараларын, әзірленіп жатқан Әлеуметтік кодексте қазақстандықтарды зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін жақсартудың жаңа тәсілдерін түсіндірді, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі.

Министр мәліметінше, көп балалы отбасыларды әлеуметтік қолдауға бюджеттен төленетін жәрдемақының 5, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін төлемдердің 2 түрі кіреді. Биыл бұл мақсатқа 38,3 млрд теңге бөлініп, өткен жылмен салыстырғанда 13%-ға артқан.

"Елімізде қабылданып жатқан әлеуметтік қолдау шаралары демографиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік берді. Мәселен, 2020 жылы 426,8 мың, ал, 2021 жылы 446,8 мың бала өмірге келді. Осы орайда үшінші, төртінші, бесінші және одан да көп баланың өмірге келу үрдісі байқалады", – деді министр.

t.me/informburo_kaz
95 viewsedited  11:20
Ашу / Түсініктеме
2022-07-19 13:36:35
ҰБТ-2022: 139 балл жинаған үш талапкердің нәтижесі жойылды

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев ең жоғары 139 балл жинаған тағы бір үміткердің нәтижесі жойылып, грант конкурсына қатысу мүмкіндігінен айырылғанын хабарлады.

Бұған дейін 139 балл жинап, бірақ ереже бұзған 2 талапкердің нәтижесі жойылғаны хабарланған болса, бұл – үшінші жағдай.

Ұлттық тестілеу орталығының директорының мәліметінше, қазір 138 балл жинаған 4 талапкердің нәтижесі тексеріліп жатыр.

"Айрықша жоғары балл (+20 балдан +80 балға дейін) жинаған талапкерлердің нәтижелері біздің ерекше бақылауымызда" деген Руслан Емелбаев ҰБТ сертификатын қолдан жасау заңсыз және пайда бермейтінін еске салды.

t.me/informburo_kaz
98 viewsedited  10:36
Ашу / Түсініктеме