Get Mystery Box with random crypto!

Informburo_kaz

Telegram арнасының логотипі informburo_kaz — Informburo_kaz I
Telegram арнасының логотипі informburo_kaz — Informburo_kaz
Арна мекенжайы: @informburo_kaz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.72K
Арнадан сипаттама

Күннің басты жаңалықтары, қызықты сұхбаттар мен танымдық-сараптамалық материалдар біздің арнада
Біздің сайт: https://informburo.kz/kaz
Біздің арна орыс тілінде: t.me/informburo_kz
Білім саласы жаңалықтары: t.me/informburo_bilim

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 75

2022-04-21 08:59:47 Павлодарға қоныстанған қандастар Моңғолия мен Өзбекстанға кері қайтпақ

6 жыл бұрын Павлодар іргесіндегі Ленин кентіне қоныстанған қандастар жалға берілген пәтерлерін жекешелендіре алмай отыр. Айтуларынша, қоныс аударар кезде жергілікті билік өкілдері "бұл үйлерді басында жалдап тұрасыздар, кейін өз аттарыңызға аударуға көмектесеміз" деп уәде берген екен. Енді үйді жекешелендіру үшін 6 миллиондай ақша сұрап отырғанын айтқан қандастар мәселе шешілмесе, Моңғолия мен Өзбекстанға кері қайтатынын айтады.

Ал Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Аманбек Ұнатұлы үйлерді кемі бес жыл тұрғаннан кейін жекешелендіруге болатынын айтады.

«Ол үшін 30 пайыз көлемінде алғашқы жарна құйса, 70 пайызын ешқандай пайызсыз 10 жылда төлеуге мүмкіндік бар», – деді Аманбек Ұнатұлы.

t.me/informburo_kaz
69 viewsedited  05:59
Ашу / Түсініктеме
2022-04-21 08:08:17 Қазақстанда опа-далап бір айда 40 пайыз қымбаттады

Әсіресе, Ресей мен Беларусь елінен келетін өнімдер бірден 40 пайыз қымбаттаған. Әр люкс тауардың үстіне 5 мың теңгеден қосылған. Ал қарапайым халыққа қолжетімді деген тауарлар 3 мың теңгеге қымбаттаған. Экономистер қымбатшылықты Ресейге салынған санкция және әлемдік инфляциямен байланыстырды.

Ал Сауда министрлігі әзірге косметика бағасының қымбаттауына байланысты шағым түспегенін айтады.

Ал косметика бағасының шарықтауы жалғаса берсе, сән салондарындағы қызмет түрі тағы 20 пайызға қымбаттауы мүмкін.

t.me/informburo_kaz
78 viewsedited  05:08
Ашу / Түсініктеме
2022-04-21 07:38:06 Кассадан алған пойыз билетін енді онлайн қайтаруға болады

Ол үшін пойыз жүретін уақытқа дейін 1 сағаттан артық уақыт болуы тиіс.

Орынды қайтаруды рәсімдеу үшін:

BILET.RAILWAYS.KZ сайтының басты бетінде "Талап бойынша орынды қайтару" қосымша бетін таңдау;

қажетті бағандардың бәрін толтырып, орынды қайтару туралы түбіртекті жүктеп алу қажет.

t.me/informburo_kaz
121 views04:38
Ашу / Түсініктеме
2022-04-21 07:15:02 ҰҚК: Мәсімовтің тергеу изоляторындағы жағдайға шағымы жоқ

Таяуда әлеуметтік желіде Мәсімовтың денсаулығы нашарлауына байланысты оны босату қажеттігі туралы ақпарат тараған болатын.

"ҰҚК тергеу изоляторында Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы заңнамасы аясында белгіленген материалдық-тұрмыстық, дәрігерлік-санитарлық қажеттіліктерін алып отыр. Оның тарапынан қамаудағы жағдайға, оның ішінде медициналық қажеттіліктерге қатысты ешқандай шағым түскен жоқ", – делінген Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарламасында.

Мәсімовтың қамауда ұстау мерзімі 8 мамырға дейін ұзартылғанын еске саламыз.

t.me/informburo_kaz
129 views04:15
Ашу / Түсініктеме
2022-04-21 06:55:19
Павлодарда мектеп өртеніп, 550 бала эвакуацияланды

Өрт қаладағы Торайғыров көшесі, 24 мекенжайындағы №28 орта мектептің төрт қабатты ғимаратында болды.

От екінші қабатта тұтанып, шатырға таралып, шамамен 200 шаршы метр аумақты шарпыған.

Өрт сөндіру бөлімі келгенге дейін 576 адам эвакуацияланды, оның ішінде 551 мектеп оқушысы бар.

Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің 50 қызметкері жұмыс істеп жатыр, делінген облыстың Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хабарламасында.

t.me/informburo_kaz
127 viewsedited  03:55
Ашу / Түсініктеме
2022-04-20 19:23:19 Банк ЦентрКредит Альфа-Банк Қазақстанды сатып алады

«Альфа-Банк» АҚ пен «Банк ЦентрКредит» АҚ Қазақстандағы «Альфа-Банк» ЕБ АҚ сату туралы келісімге келді.

«Банк ЦентрКредит» 100% жай акцияларды сатып алып, «Альфа-Банк Қазақстанның» жаңа акционері болады. Кейін банкке ребрендинг жүргізеді.

Бұл «Альфа банк Қазақстанның» АҚШ пен басқа елдердің санкциялар тізімінен шығуына ықпал етеді. Осылайша, ол толық қазақстандық банк болады.

«Банк ЦентрКредит» депозиторлар алдындағы барлық міндеттемелерді орындау үшін банкты өз қаражаты есебінен қолдауға, сол арқылы қалыптасқан жағдайды жедел түрде шешуге дайын.

t.me/informburo_kaz
205 views16:23
Ашу / Түсініктеме
2022-04-20 16:30:29 Гүлмира Сатыбалды Универсиада нысандарын жөндеуге арналған қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді

"Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Алматы қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы" КММ лауазымды тұлғаларына және "Ария-Жаңа Астана" ЖШС басшылығына, оның ішінде Гүлмира Сатыбалдыға қатысты 2019 жылы Алматыдағы Универсиада-2017 нысандарының іс жүзінде орындалмаған құрылыс-монтаждау жұмыстары үшін төленген бюджет қаражатын аса ірі көлемде жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде", - делінген Антикор хабарламасында.

t.me/informburo_kaz
228 views13:30
Ашу / Түсініктеме
2022-04-20 14:39:14
Автосарапшылардың бағамдауынша, жыл басынан бері көлік жуу, дөңгелек ауыстыру, "тонировка", яғни терезені күңгірттеу қызметтерінің ақысы 2 есеге өскен.

Осы орайда Informburo.kz автокөлікті жөндеу шығындарын қоспағанда, оларды күнделікті күтіп-баптау шығындары қанша болатынын есептеп көрді.

Толығырақ https://bit.ly/3EvHl88
232 viewsedited  11:39
Ашу / Түсініктеме
2022-04-20 14:09:57 Қаржы министрі: Елбасы қызметіне арналған қаражат бюджетте қарастырылған

"ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының қызметін қамтамасыз ету үшін бюджетте қаржы қарастырылған", – деді Ерұлан Жамаубаев.

Алайда қаржы министрі нақты қанша қаржы қарастырылғанын айта алмады.

t.me/informburo_kaz
216 viewsedited  11:09
Ашу / Түсініктеме
2022-04-20 13:00:47 ҰБТ-ға дайындалуға арналған тегін онлайн тестілеу іске қосылды

БҒМ ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-ға дайындалу үшін тегін сынақ тестілеуін іске қосты. Тестілеуден орталықтың сайтында осы сілтеме арқылы онлайн режимде өтуге болады. Ол үшін тест тапсырушы:

ЖСН енгізеді;
бейіндік пәндер комбинациясын таңдайды.

Сынақ талапкерлерге тестілеуге дайындығын жақсартуға және қандай тақырыптарды тереңірек зерделеу керегін түсінуге көмектесу үшін жасалған.

t.me/informburo_kaz
206 viewsedited  10:00
Ашу / Түсініктеме