Get Mystery Box with random crypto!

Informburo_kaz

Telegram арнасының логотипі informburo_kaz — Informburo_kaz I
Telegram арнасының логотипі informburo_kaz — Informburo_kaz
Арна мекенжайы: @informburo_kaz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.72K
Арнадан сипаттама

Күннің басты жаңалықтары, қызықты сұхбаттар мен танымдық-сараптамалық материалдар біздің арнада
Біздің сайт: https://informburo.kz/kaz
Біздің арна орыс тілінде: t.me/informburo_kz
Білім саласы жаңалықтары: t.me/informburo_bilim

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 5

2022-07-27 08:51:47
Қазақстан қай елдерге көмір экспорттайды?

Көмірдің басым бөлігі ТМД елдеріне жөнелтілді. Сектордағы қазақстандық өнімнің негізгі сатып алушысы – Ресей. Ол 8,4 млн тонна, яғни жылына 15,3 пайызға артық көмір алған. Көшбасшылар үштігіне Қырғызстан мен Беларусь кіреді.

ТМД құрамына кірмейтін басқа елдерге 4,6 млн тонна көмір жіберілді. Бұл өткен жылға қарағанда екі есе көп. Мұнда негізгі көмір импорттаушысы – Швейцария, Польша мен Кипр.

t.me/informburo_kaz
70 viewsedited  05:51
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 07:00:43
Зергерлік бұйымдардың бағасы күннен-күнге қымбаттап барады

Елімізде зергерлік бұйымдардың бағасы күннен-күнге қымбаттап барады.

Еnergyprom.kz сарапшыларының мәліметінше, алтын әшекейлердің құны бір жылда 35 пайызға көтерілген. Оның ішінде әсіресе неке сақиналарының бағасы 39 пайызға өскен.

Сондай-ақ, алтыннан жасалған қол сағаттардың да құны шарықтап, 15 пайызға дейін қымбаттаған, деп хабарлады 31 арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы.

t.me/informburo_kaz
92 views04:00
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 14:48:05
"Жоғары жалақы мен түсініксіз жұмыс". Адам саудасының құрбаны кімдер?

Жоғары жалақы мен түсініксіз жұмыс жағдайлары ұсынылған кезде ойлану керек, деді брифингте "Қорғау-Астана" қорының төрағасы Анна Рыль айтты.

"Көп жағдайда қандай да бір осал топтағылар адам саудасының құрбанына айналып жатады. Олар мигранттар, балалар үйінің түлектері, нашақорлар, құжаты жоқ адамдар болуы мүмкін. Осы санатқа шетелге жұмыс іздеп кетіп жатқан жастарды да қосқым келеді", – дейді Анна Рыль.

Сарапшылар кәмелетке толмаған балалар мен қайыршылыққа ұшыраған мүгедектер де адам саудасының құрбаны болуы мүмкін екенін айтты.

Адам саудасы жасырын латентті қылмысқа жатады және табысы бойынша әлемде үшінші орында тұр.

t.me/informburo_kaz
28 viewsedited  11:48
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 13:50:30
Air Astana президенті рейстердің кешігу себебін түсіндірді

"Ұшу кестесін қайта қарауға әуе тасымалының ұлғаюынан басқа, әуежайға техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ ұшу-қону жолағындағы жұмыстар әсер етеді. Сонымен қатар, құстармен соғылысу сияқты факторлар да ұшақ қозғалтқыштарын зақымдауы мүмкін", – деп түсіндірді Питер Фостер.

Әуе компаниясының президенті тасымалдаушының жұмысын жақсарту және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейстер саны қысқартылғанын айтты.

Рейс тоқтатылған немесе кешіктірілген жағдайда, әуе компаниясының сайтындағы онлайн-кеңесшілерге немесе +7 702 702 01 48 WhatsApp нөміріне жазуға болады.

t.me/informburo_kaz
49 viewsedited  10:50
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 12:57:07
Сәкен Ділдәхмет: Киіктерден бөлек қасқырлардың азаюы үлкен мәселе болып отыр

Тәуелсіз экологиялық шолушы Сәкен Ділдәхмет киіктер санын атудан бөлек жолмен реттеуге болатынын айтады. Осы орайда, маман бірқатар ұсынысын бөлісті.

Айтуынша, экодуктердің салынбауы, жануарлар арасындағы аурудың зерттелмеуі, үкімет тарапынан тиісті қаражаттың бөлінбеуі киіктер мәселесін тығырыққа тіреп отыр.

Сұхбатты оқу
https://bit.ly/3J7a4Td
67 viewsedited  09:57
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 11:51:58
Аймағамбетов: Мектептерде 250 мыңнан астам орын тапшылығы бар

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов "Қолайлы мектеп" жобасы туралы айтып берді. Министрдің айтуынша, 2023 жылдан бастап салынатын мектептер енді мемлекеттік стандарттарға сай болуы керек. Егер робототехника, физика, химия пәндік кабинеттері қажет болса, онда мектепті соған сай жабдықтау керек. Қазіргі уақытта мектеп салынып бітеді де, лицензия алуға келгенде барлық қажетті құрал-жабдықтың жетіспейтіні белгілі болатыны жасырын емес.

" Бүгінгі таңда еліміз бойынша мектептерде 250 мыңнан астам орын тапшылығы бар. Егер біз осы мәселені қазір шешпесек, 2026 жылға қарай жалпы тапшылық 1 млн 200 мыңға дейін жетеді. Былтыр біз Президенттің тапсырмасы аясында 277 мектеп салдық. Биыл 225-тен аса мектеп салғалы отырмыз. Мектеп құрылысы мен қаржыландыруды әкімдіктер жүргізеді", – деді министр.

t.me/informburo_kaz
30 views08:51
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 10:18:04
"Тұтынушыларды дүрліктіріп отыр". Сауда министрі арзан бағада қант сатқан әкімдіктерді сынға алды

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов арзан қантты нарыққа шығарған әкімдіктер тұтынушыларды дүрліктіріп отырғанын айтты.

"Өңірлік әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар қантты өзіндік құнынан төмен бағамен сатқан. Мысалы, Павлодар облысында қантты 448 теңгеге сатып алып – 416 теңгеден, ал Қызылорда облысы 450 теңгеге сатып алып, 370 теңгеден сатқан. Алматы облысында қанттың бір келісін – 276 теңгеден, Ақтөбе облысында – 363 теңгеден, Маңғыстау облысында 400 теңгеден сатқан. Әкімдіктер тарапынан осы іс-әрекеттер дүрлікпе сұраныс пен әлеуметтік шиеленістің туындауына әкеп соқтыруда", – деді министр.

t.me/informburo_kaz
69 views07:18
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 09:14:13
Қазақ сыныбында білім алатын оқушылар саны артып келеді

Бүгінгі күні балаларды бірінші сыныпқа қабылдауға 390 мыңға жуық өтініш түсті. Оның ішінде балалардың 70%-ы мемлекеттік тілде оқуды таңдады, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Құжат қабылдау 1 тамызға дейін жалғасады.

Айта кетейік, былтыр 1-сыныпқа барған 380 мың баланың тек 65 пайызы қазақ сыныбында білім алуды таңдаған.

t.me/informburo_kaz
77 viewsedited  06:14
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 08:54:06
Айыппұлды 50 пайыздық жеңілдікпен төлеу мүмкіндігінен кімдер айырылады?

Комитет өкілі бұл өзгерістер жол ережесін өрескел бұзушыларға, жол апатына апарып соғатын бұзушылықтарға байланысты болатынын атап өтті.

"Ішкі істер министрлігінің жасаған сараптамасына байланысты осындай ұсыныстарға келіп жатырмыз. Бұл ұсыныстар әлі заңға енгізілген жоқ. Біздің сараптауымызша, жол ережесін бестен көп рет бұзатын жүргізушілер жол апатын жасаса да, жол ережесін бұзуды тоқтатпайды. Кей жүргізушілер жол ережесін әдейі бұзып, асығып жүре ме немесе жол ережесін білмей ме, жол белгілеріне, сызбаларына қарамай ма, айыппұлды елемейді. Айыппұлдан ешқандай эффект болмайды", – ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев.

t.me/informburo_kaz
19 viewsedited  05:54
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 08:27:25
Электр самокатын жүргізу үшін жүргізуші куәлігі қажет пе?

Электр самокатын жүргізу үшін жүргізуші куәлігі талап етілмейді, деп мәлімдеді ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев.

"Электр самокатын жүргізу үшін жүргізуші куәлігі талап етілмейді. Дегенмен, 16 жастан асқан болуы керек. Сонымен қатар қараңғыда көру үшін фаралармен немесе шағылыстырғыштармен жабдықталған болуы керек", – деп толықтырды Жандос Мұратәлиев.

t.me/informburo_kaz
28 viewsedited  05:27
Ашу / Түсініктеме