Get Mystery Box with random crypto!

Informburo_kaz

Telegram арнасының логотипі informburo_kaz — Informburo_kaz I
Telegram арнасының логотипі informburo_kaz — Informburo_kaz
Арна мекенжайы: @informburo_kaz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.72K
Арнадан сипаттама

Күннің басты жаңалықтары, қызықты сұхбаттар мен танымдық-сараптамалық материалдар біздің арнада
Біздің сайт: https://informburo.kz/kaz
Біздің арна орыс тілінде: t.me/informburo_kz
Білім саласы жаңалықтары: t.me/informburo_bilim

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 8

2022-07-22 07:54:32
Қазақстанда "Кішкентай самурай" жапон-қазақ фильмі түсіріліп жатыр

Жапония және Қазақстан бірлесіп түсіріп жатқан «Кішкентай самурай" фильмі қазіргі таңда Қазақстанда Балқаш көлінің маңында түсіріліп жатса, күзде түсірілім Жапонияда жалғасын табады, деп хабарлады kyrgyzcinema.com сайты.

Фильмнің сценаристі және режиссерлерінің бірі жапониялық продюсер Сано Синдзю. Екінші режиссер қазақстандық Ерлан Нұрмұханбетов.

Негізгі рольдерді Самал Еслямова мен Дәрежан Өмірбаев, сондай-ақ қырғызстандық кинорежиссер Арым Кубат ойнайды.

Фильм кеңес-жапон соғысы кезінде әкесін Сахалинге іздеп келіп, бірақ өзі тұтқынға түсіп Қазақстанға жер аударылған жапон баланың оқиғасы туралы баяндайды. Оны Ыбырай есімді қазақ балықшы асырап алған.

t.me/informburo_kaz
129 views04:54
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 07:51:21
"Жалған генерал" сотталған адамды ақтау үшін 10 миллион теңге пара талап еткен

Биылғы 20 шілдеде Ақмола гарнизоны Әскери сотының үкімімен өзін әскери генерал деп таныстырған адам жазасын орта қауіпсіздік мекемесінде өтеумен 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің баспасөз қызметі.

"Әмрин ысырап ету фактісі бойынша сотталушыны Семей гарнизонының Әскери сотының ақтау үкімін шығаруға сот жүйесінің лауазымды тұлғаларына 10 миллион теңге көлемінде пара беруге итермелегені және алаяқтық әрекеті үшін кінәлі деп танылды" делінген агенттіктің хабарламасында.

Бұрын сотталған азамат тиісінше пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылып, үкімдердің жиынтығын ескере отырып, сот оған орташа қауіпсіз мекемеде жазасын өтеуге 8 жыл бас бостандығынан айыруды тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

t.me/informburo_kaz
127 views04:51
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 14:31:20
Дәрмен Сәдуақасов: 50-ден астам жасөспірімге стипендия, 7 шахматшыға грант беріледі

Қазақстанда шахмат федерациясы құрылған 30 жыл ішінде 200 мыңнан астам ел азаматы шахмат ойнап, 50 мыңнан астам бала арнайы жаттықты. 2015 жылдан бері 40-тан астам бала әлем чемпионаттарында медаль алып, жүлделі орындарды иеленді. Сондай-ақ, 30 мыңнан астам бала жан басына қаржыландырумен қамтылды.

"Қазақстанда халықаралық жарыстар өткізгіміз келеді. Биыл қыркүйек айында астанада әйелдер арасындағы гран-при кезеңін өткізу жоспарда бар. Халықаралық шахмат федерациясынан Жансая Әбдімәлікке осы кезеңде ойнау үшін келісімшарт келіп түсті. Ол әлемнің 14-ші үздік шахматшысы атанып, жоғарыдағы турнирге жолдама алды. Спорттық іріктеу кезінде ұйымдастырушылар өзінің уайлд-кардын спортшылардың біріне бергелі отыр. Жалпы өңірлік, ашық және Азия турнирлері арқылы Қазақстанның шахмат кубогының дәрежесін көтергіміз келеді", – деді Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов.

Толығырақ https://bit.ly/3cvnSuv
63 viewsedited  11:31
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 12:49:17
Алматыдағы №41 автобус бағыты Гүлдала шағын ауданына дейін ұзарды

Алматы қаласы тұрғындарының өтініші бойынша 22 шілдеден бастап №41 маршрут Гүлдала шағын ауданына дейін ұзартылады, деп хабарлады "Алматы әкімдігінің жаңалықтары" Telegram арнасы.

Енді бұл маршрут Жақұт көшесінен Құлжа тас жолына қарай оңға бұрылып, содан кейін Бұқтырма көшесіне қарай тағы да оңға бұрылады. Айналма жол арқылы Құлжа жолына қайта түсіп, Уәлиханов көшесінің бойымен әл-Фараби көшесіне дейін барады. Сол жерден кері бұрылып, Уәлиханов көшесінің бойымен кері бағытта – Құлжа жолымен – Жақұт көшесімен, әрі қарай схема бойынша жүреді.

t.me/informburo_kaz
78 viewsedited  09:49
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 12:12:53
Қызылордада 17 акиік атқан адам ұсталды

Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты "Қызылорда облыстық жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау жөніндегі мамандандырылған мекемесінің" мамандары "Охотзоопром ӨБ" РМКҚ қызметкерлерімен бірлесіп рейд жүргізген.

"Кезекті іс-шара барысында Жалағаш ауданына қарасты Жырық атты скважина маңында "Тайота ланд крузер-100" автокөлігі күдік тудырды. Белгісіз тұлға оқиға орнынан ізін суытуға әрекеттенді. Көп ұзамай Жалағаш ауданына қарасты Қызылшын деп аталатын жерде оның көлігі өртенгені байқалды. Сол жерден барлығы 17 бас ақбөкеннің өлі денесі және 54 дана мүйізі табылды. Ол айғақ зат ретінде алынды. Жалағаш аудандық полиция бөлімімен бірлесіп, сол маңды қарау барысында Шақшақ деп аталатын мал ауылынан күдік келтірілген Қызылорда қаласының тұрғыны анықталды", - деп мәлім етті Қызылорда облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мамандары.

t.me/informburo_kaz
80 viewsedited  09:12
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 11:18:16
Тоқаев Арал теңізі ресурстарын үнемді пайдалануға үндеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуінде көрші ел басшыларының назарын Арал теңізі және климаттың өзгеруіне қатысты мәселелерге аударды.

"Климаттың өзгеруі аймағымыздағы судың басты көзі мұздықтар көлемінің кішіреюіне әкеп соқтырады. Олардың Орталық Азиядағы көлемі соңғы 50 жылда 20, тіпті 30 пайызға кішірейген. Болашақта бұл Сырдария мен Әмудария өзендерінің ағысын бірнеше есе қысқартады. Бұның барлығы аймақтың азық-түлік, энергетика және экология салаларындағы қауіпсіздігіне үлкен қатер төндіріп отыр. Сондай-ақ шұғыл шара қабылдауды талап етеді", – деді Қазақстан басшысы.

Ол бұл ретте, Қырғызстанның 2022 жылды Тауларды тұрақты дамытудың халықаралық жылы деп жариялау жөніндегі бастамасын қолдайтынын және Тәжікстанның 2025 жылды Мұздықтарды сақтаудың халықаралық жылы деп жариялау жөніндегі ұсынысын да уақытылы енгізілген бастама деп санайтынын атап өтті.

t.me/informburo_kaz
94 viewsedited  08:18
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 10:26:20
Босқындар Қазақстанда өтініш хат арқылы уақытша тұра алады

Қазақстанда босқындарға үш ай мерзімге ел аумағында емін-еркін жүруге рұқсат берілуі мүмкін, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Енді пана іздеп келгендер мен олардың жанұялары өтініш хат арқылы уақытша тұруға мүмкіндік алады. Сонымен қоса, Ішкі істер министрлігінің "Босқындар туралы" заңнамаға енгізген өзгертулерінде, Қазақстанда адам саудасының құрбаны болып танылғандарға ел аумағында жарты жылға қалуға рұқсат беру көзделіп отыр.

"Бірақ, бұл өзгертулер мен толықтырулар әлі күшіне енген жоқ. Екінші тамызға дейін ашық үкімет порталында талқыланады", – делінген арна хабарламасында.

t.me/informburo_kaz
93 viewsedited  07:26
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 08:42:06
ҚМА рейдерлік әрекетпен айналысқан топты құрықтады

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі рейдерлік тәркілеумен айналысқан бір топ адамның әрекетін тоқтатқанын хабарлап, олардың деректерін жариялады. Олар 14 шілдеде ҚР ҚПК 128-бабына сәйкес қылмыстық іс-әрекет эпизодтарының бірі бойынша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына келесі азаматтар қамалған.

Агенттік келесі азаматтардың заңсыз әрекеттерінен зардап шеккендердің Қаржылық мониторинг агенттігінің сенім телефондарына немесе аумақтық экономикалық тергеу басқармаларына хабарласуын сұрайды:

Танашев Тимур Сержанұлы, 1983 жылы туған;
Бабаев Рауан Тимурұлы, 1992 жылы туған;
Алтыбасаров Аңсар Мұратұлы, 1990 жылы туған;
Абижанов Дастан Мәдиұлы, 1977 жылы туған.

Бұл азаматтарға қатысты Алматы қалалық мамандандырылған тергеу сотының қаулысымен 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Сонымен бірге, сот Қоспаев Елдос Айдынғалиұлына іздеу жарияланып, қамауға алу туралы бұлтартпау шарасы таңдалған.

t.me/informburo_kaz
49 viewsedited  05:42
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 08:10:36
Нұр-Сұлтан Covid-19 таралу қарқыны бойынша "сары" аймаққа өтті

Елорда коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша "сары" аймаққа өтті. Бұл эпидемиологиялық жағдай матрицасында көрініс тапқан.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Сархат Бейсенова астана "сары аймаққа" өткен жағдайда енгізілетін шектеу шараларын хабарлаған болатын.

Олар:
жанасу мүмкіндігі жоғары жұмыс орындарын қашықтан істеуге жіберу;
вакцинацияға қарсы түбегейлі қарсы медициналық көрсетілімі бар адамдарды қашықтан жұмыс форматына өткізу.

"Сары аймаққа" өтіп жатсақ, маска тағу талабы бүкіл ғимараттарға ұсынылады. Кинотеатрлар мен кинозалдарға, бұқаралық шаралаға, концерттерге маска тағып баруға кеңес беріледі. Қоғамдық көлікте міндетті түрде маска тағуға кеңес беретін боламыз. Сондай-ақ, 10-нан артық адам қатысатын жиындарды онлайн режимде өткізуге кеңес беріледі", – деген болатын Сархат Бейсенова.

t.me/informburo_kaz
59 viewsedited  05:10
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 07:56:51
Оқу жылы енді 31 мамырда аяқталады: Оқушылар жазда неше күн демалады?

Оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасы Гүлмира Кәрімова мектептерде оқу жылының екі аптаға созылуы туралы түсініктеме берді. Оның айтуынша, 2022-2023 оқу жылынан бастап оқуды әдеттегідей 25 мамырда емес, 31 мамырда аяқтау көзделіп отыр. Сәйкесінше, оқушылар 1 маусымнан бастап 1 қыркүйекке дейін жазғы демалысқа шыға алады.

"Жаңа оқу жылынан бастап мектептерде апталық оқу жүктемесін азайту жоспарланып отыр. Одан бөлек, оқу жылының ұзақтығын созу оқушыларға қосымша білімге көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік береді, өйткені, сабақ аз болады, мектептердің кабинет қорына түсетін жүктеме де азаяды", – деп түсіндірді Гүлмира Кәрімова.

Министрік өкілінің айтуынша, жазғы каникул Германия, Англия және Жапонияда 7 аптаға, Польша, Қытай және Оңтүстік Кореяда 7-9 аптаға, Финляндия, Венгрия, Швецияда 9-11 аптаға, Латвия, Италия және Португалияда 11 аптаға, ал Қазақстанда 14 аптаға созылады.

t.me/informburo_kaz
63 viewsedited  04:56
Ашу / Түсініктеме