Get Mystery Box with random crypto!

Informburo_kaz

Telegram арнасының логотипі informburo_kaz — Informburo_kaz I
Telegram арнасының логотипі informburo_kaz — Informburo_kaz
Арна мекенжайы: @informburo_kaz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.72K
Арнадан сипаттама

Күннің басты жаңалықтары, қызықты сұхбаттар мен танымдық-сараптамалық материалдар біздің арнада
Біздің сайт: https://informburo.kz/kaz
Біздің арна орыс тілінде: t.me/informburo_kz
Білім саласы жаңалықтары: t.me/informburo_bilim

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 6

2022-07-26 08:07:14
Коронавирусқа қарсы вакциналар маймыл шешегінен қорғай ала ма?

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев жауап берді.

"Коронавирус инфекциясына қарсы салынып жатқан вакциналардың ешқайсысы маймыл шешегі ауруынан қорғамайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, нақты маймыл шешегіне қарсы вакцина әлемде жоқ. Бірақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сол өткен ғасырда шешек ауруына қарсы салдырған вакцина маймыл шешегінен де қорғайды деген ақпараты бар. Қазіргі уақытта кейбір мемлекеттер осы маймыл шешегіне қарсы вакцинаның ойластырып жатыр", – деді Ержан Байтанаев.

t.me/informburo_kaz
37 viewsedited  05:07
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 07:43:38
Қазақстандағы әкімдердің орташа жасы нешеде?

Ел әкімдерінің жасы мен қызметтегі мерзіміне зерттеу жүргізілді. Ranking.kz компаниясының мәліметінше, бүгінде елдегі облыс пен республикалық маңызы бар қала әкімдерінің орташа жасы 52,2 жасты құрайды.

Қазақстандағы ең қарт әкім Шығыс Қазақстан облысын басқарады, ол – Даниал Ахметов. Әкім 68,1 жаста. Одан кейін жаңадан құрылған Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев (59,6 жас) пен Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин (58,7 жас) тұр.

Ең жас әкім – Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов (40,7 жас). Сондай-ақ жастар арасында Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов (43 жас) пен елорда әкімі Алтай Көлгінов (44,5 жас) бар.

t.me/informburo_kaz
48 viewsedited  04:43
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 06:47:45
"Тұрғын үй төлемін кешіктірді". Алматылық әскерилер наразылық танытты

Келісімшарты аяқталған қызметкерлерді әуреге салған төлем мәселесі Алматы қаласындағы әскери бөлімде көтерілді.

Әскерилер мемлекет төлеуі тиіс қаражатты күтіп жүргенімізге 3-4 айдың жүзі болды деп наразы болса, әскери бөлім басшылығы қолдан келгеннің бәрін жасадық деп отыр, деп хабарлайды 31 арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы.

t.me/informburo_kaz
64 views03:47
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 14:28:29
"80 мың өтініш". Биыл талапкерлер қай мамандықтарды көп таңдады?

80 мыңға жуық талапкер білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға өтініш берді. Байқау нәтижелері 15 тамызға дейін жарияланады.

"Өтініштердің көпшілігі "Педагогикалық ғылымдар", "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" және "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" сияқты бағыттарға берілді. Қабылдау науқанының нәтижесіне сәйкес болашақ мұғалімдер, тіс дәрігерлері және инженерлер арасында бір гранттық орынға ең үлкен конкурс болады", – деп атап өтті ҚР ҒЖБ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

t.me/informburo_kaz
77 viewsedited  11:28
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 13:58:53
“Тендерден жеңіп беремін”: Алматылықтарды 300 млн теңгеге алдап кеткен әйел ұсталды

Алматы қаласы Әуезов ауданының полицейлері алаяқтық жасағаны үшін 37 жастағы азаматшаны ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

Күдікті "жақсы таныстарына" сілтеме жасай отырып, азаматтарға тендерлерге қатысуға жәнеоны жеңіп алуға уәде берген.

"Қазіргі уақытта біздің бөлімшеде С.есімді азаматшаның қатысы бар бес қылмыстық іс тергелуде. Жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығын көлемі 300 миллион теңгені құрайды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Әйелдің басқа да эпизодтарға қатысы бар-жоғы анықталуда", – деді Әуезов аудандық ПБ бастығы Ұлан Әбілқайыр.

t.me/informburo_kaz
74 viewsedited  10:58
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 13:35:25
Үй алу үшін ай сайын қанша ақша табу қажет? Ипотекаға қатысты маңызды 10 сұраққа жауап

Алғашқы жарнаны жинауға қанша уақыт кетеді?

Informburo осы және өзге сұрақтарға жауап береді.

Толығырақ https://bit.ly/3os0T69
63 viewsedited  10:35
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 12:52:02
"Баспалдақтан құлап кеткен". Балабақша жұмысына қатысты арыз-шағым көбеюде

Оқу-ағарту министрлігіне балабақшалардың жұмысына қатысты ондаған арыз-шағым түсіп жатыр. Соңғы түскен арыз-шағымдар бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп, балалардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактілері бойынша 5 әкімшілік іс қозғалды.

Ішкі істер министрлігі мектепке дейінгі ұйымдарға қатысты 15 әкімшілік іс қозғады, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

"Осыған байланысты балабақшалардың лицензиясын қайтару қолға алынып жатыр. Бұл балабақшалардағы жағдайдың сапасына, қызметкерлердің біліктілігіне, санитарлық және өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына, тамақ өнімдерінің сапасына, бейнебақылау камераларының жұмысына және т.б. талаптарды белгілейді", – деп жазылған хабарламада.

t.me/informburo_kaz
27 viewsedited  09:52
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 11:42:18
ҰБТ тапсырмай-ақ грантқа түсу мүмкіндігі кімдерге беріледі?

Биыл қазақстандық оқушылар 5 пәннен 21 медаль жеңіп алды. Ұлттық құрама қоржынында 3 алтын, 13 күміс және 5 қола медаль бар.

Яғни 23 қатысушының 21-і жүлделі орындарға ие болды. Бұл жерде ең беделді халықаралық олимпиадалар туралы айтып отырмыз, деп жазды Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.

Биыл бұл оқушыларға тұңғыш рет 4,5 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі. Сонымен қатар олар ҰБТ тапсырмай-ақ ЖОО-ға грантқа түсу мүмкіндігіне ие болады.

t.me/informburo_kaz
46 viewsedited  08:42
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 10:21:56
"Бұрын мұндай норма болмаған". Жолда жүру ережелеріне қандай өзгерістер енгізіледі?

Қазақстанда жол жүрісі саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Көлікті екінші рет мемлекеттік нөмірсіз жүргізген адамға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе көлік басқару құқығынан 1 жыл мерзімге айыру көзделген.

Соынмен қатар, бір жыл ішінде 5 реттен көп әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғалар айыппұлды 50% жеңілдікпен төлеу мүмкіндігінен айырылады.

"Менің ойымша, бұл түзетулер "өрескел" құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік ықпал етудің тиімді шараларын қабылдауға мүмкіндік береді және бұл елдегі апаттылық жағдайына оң әсер етеді деп ойлаймын", – деп түйіндеді Жандос Мұратәлиев.

t.me/informburo_kaz
70 viewsedited  07:21
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 09:03:05
Бүгін тамыз айындағы ҰБТ-ға тіркеу басталды

Өтінімдер қабылдау 30 шілдеге дейін жалғасады. ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жүргізіледі.

Тестілеудің өзі 10-13 тамыз аралығында өтеді. Оған қатысу құны – 4 230 теңге.

Еске салайық, тамыздағы ҰБТ-ға биылғы және өткен жылдардың мектеп түлектері, колледж түлектері мен шетелдік мектептерде білім алғандар қатыса алады.

t.me/informburo_kaz
92 viewsedited  06:03
Ашу / Түсініктеме