Get Mystery Box with random crypto!

Informburo_kaz

Telegram арнасының логотипі informburo_kaz — Informburo_kaz I
Telegram арнасының логотипі informburo_kaz — Informburo_kaz
Арна мекенжайы: @informburo_kaz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.72K
Арнадан сипаттама

Күннің басты жаңалықтары, қызықты сұхбаттар мен танымдық-сараптамалық материалдар біздің арнада
Біздің сайт: https://informburo.kz/kaz
Біздің арна орыс тілінде: t.me/informburo_kz
Білім саласы жаңалықтары: t.me/informburo_bilim

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 76

2022-04-20 11:42:24
Алматыда Forum сауда орталығынан адамдарды эвакуациялап жатыр

Полиция департаментінің мәліметінше, сауда орталығына жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат түскен.

«Қазіргі уақытта қаланың төтенше жағдайлар қызметі эвакуациялау жұмыстарын ұйымдастырды. Саперлер жұмыс істеп жатыр. Келушілер мен орталық қызметкерлері қауіпсіз жерге көшірілді», - деп хабарлады полиция департаменті.

t.me/informburo_kaz
233 viewsedited  08:42
Ашу / Түсініктеме
2022-04-20 10:31:53 Нұр-Сұлтанда 18 ардагер 1 млн теңгеден алады

Бүгінде елордада 18 ардагер тұрады, олардың ең үлкені – 102 жаста, ең жасы – 96-да. 9 мамырда жеңіс күнін мерекелеуге олар 1 млн теңге (1 013 060 теңге) мөлшерінде бір жолғы төлем алады.

Сондай-ақ, өзге төлем түрлері де қарастырылған.

Толығырақ
https://bit.ly/38Xa0XT
232 views07:31
Ашу / Түсініктеме
2022-04-20 09:47:15
Төрт аймаққа жұмыс істеуге баратын ұстаздар 790 мың теңге жалақы алады

"Проблемалық аймаққа жұмыс істеуге баратын мұғалім қыркүйек айында шамамен 790 мың теңге алады. Оның 140 мыңға жуығы - коммуналдық шығындар, ал қалған 650 мыңы - мұғалімнің жалақысы", - деп түсіндірді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Кадр жетіспейтін проблемалық аймақтар қатарында Атырау, Маңғыстау, Алматы және Түркістан облыстары бар. Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында айтылды.

t.me/informburo_kaz
244 viewsedited  06:47
Ашу / Түсініктеме
2022-04-20 09:13:29 Жезқазған, Семей, Қапшағайда тұрғын үй бағасы екі есеге жуық қымбаттады

Алматы облысының орталығы Қапшағай болады дегелі пәтер бағасы 30-40% қымбаттаған. Бұған дейін бір бөлмелі пәтер бағасы 6-7 миллион теңге болса, қазір 5-қабаттағы бір бөлмелі пәтердің өзі 12 млн теңге тұрады. Ал Қарағандыда баспана бағасы бірден 30% қымбаттаған.

Мамандар Жезқазғанға халық көп көшіп келсе, онда үй құны бірден 2-3 есе шарықтайтынына сенімді. Қазір Жезқазғанда екі бөлмелі пәтер бағасы 12-13 миллион теңгенің айналасында.

Семейде 90-жылдары салынған үйлердің бағасы 20% өссе, 2000 жылдардан бері қарай салынғандардың бағасы 30% көтерілген. Алайда сауда-саттық тоқтап тұр. Өйткені, қаладағы үйлердің 70%-ы әбден ескіріп, несие бағдарламаларының талабына сай келмейді. Ал тұрғындар қымбатшылықтың қолдан жасалғанын айтады.

Сарапшылар бағаның бұлай өсуіне наурызда теңгенің әлсіреуі мен құрылыс материалдарының қымбаттауы әсер еткенін айтады. Алайда мамандар сәуір айының соңына қарай баспана бағасы түседі деп болжап отыр.

t.me/informburo_kaz
245 views06:13
Ашу / Түсініктеме
2022-04-20 08:18:57 Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов 10 тәулікке қамалды

Алматы қаласында вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов Mudaraban Capital қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша қамауға алынды.

"Тергеу сотының қаулысына сәйкес Мейірхан Шерниязов пен Мейіржан Төребаевқа қатысты бұлтартпау шарасын 10 тәулік мерзімге күзетпен ұстауға өзгертуге санкция берілді", – делінген хабарламада.

Еске салсақ, қылмыстық іске қатысы бар деген күдікпен танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов күдікті ретінде ұсталды. Кейін тергеу соты оларға қатысты "кепілмен босату" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Ал үшінші күдікті вайнер Азимжан Саидбаевқа іздеу жарияланды.

t.me/informburo_kaz
245 views05:18
Ашу / Түсініктеме
2022-04-20 07:44:32 Петропавлда Наурыз бен жаңа жыл декорациялары "қоқыста" жатыр

Мүсіндердің біршамасы қираған, жаңбыр мен қар, жел әсерінен тозып, жарамсыз күйге түскен. Қала тұрғындары оларды дұрыс сақтап, болмаса, тұрғындарға таратып беру қажеттігін айтады. 

Дегенмен, қала билігі декорацияларды мұнда әдейі келер жылға сақтау үшін әкеліп қойған екен. Оны күзету жақын маңдағы айыппұл тұрағының қызметкерлеріне жүктелген.

Петропавл қаласы ТҮКШ бөлімінің баспасөз хатшысы Әсем Айтолланың айтуынша, бүлінген декорацияларды қайта қалыпқа келтіруге болады. 

t.me/informburo_kaz
242 views04:44
Ашу / Түсініктеме
2022-04-20 07:29:33 Парламент кибербуллинг туралы заңды қабылдады

Заң президенттің қол қоюына жіберілді.

t.me/informburo_kaz
240 views04:29
Ашу / Түсініктеме