Get Mystery Box with random crypto!

Informburo_kaz

Telegram арнасының логотипі informburo_kaz — Informburo_kaz I
Telegram арнасының логотипі informburo_kaz — Informburo_kaz
Арна мекенжайы: @informburo_kaz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.72K
Арнадан сипаттама

Күннің басты жаңалықтары, қызықты сұхбаттар мен танымдық-сараптамалық материалдар біздің арнада
Біздің сайт: https://informburo.kz/kaz
Біздің арна орыс тілінде: t.me/informburo_kz
Білім саласы жаңалықтары: t.me/informburo_bilim

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 3

2022-07-28 13:55:13 Алматыда оқушыларға арналған автобустар қашан беріледі?

Мектеп автобусы бойынша қазір талдау жүргізіп жатырмыз, деп мәлімдеді Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева.

"Қазіргі кезде нақты автобусқа қажеттілік 38 мыңнан астам оқушыны құрайды. Алайда, біз кезең-кезеңімен іске асыруды жоспарлап отырмыз. Әсіресе, қажет аудандардың ішінде Бостандық, Медеу, Алатау, Наурызбай аудандары бар. Әрине, барлық мектебі емес. Әр ауданнан тауда орналасқан, қаладан шалғай орналасқан төрт-бес мектептен анықталып жатыр", – деді Ләззат Жылқыбаева.

Басқарма басшысы автобус тек оқушыларға арналатынын айтты.

"Мектептің нақты қажеттілігі анықтылғаннан кейін қанша автобус қажет екені белгілі болады. Ол мектептің өзіне тиесілі мектеп автобусы болады", – деп түсіндірді Ләззат Жылқыбаева.

t.me/informburo_kaz
101 views10:55
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 13:38:31
Алматыда автобус жүргізушілерінің кінәсінен үш адам қаза тапқан

Алматыда жыл басынан бері автобус жүргізушілерінің кінәсінен 170 жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тек жыл басынан бері автобус жүргізушілерінің кінәсінен 170 жол-көлік оқиғасы орын алып, соның салдарынан 3 адам қаза тауып, 55 адам жарақат алған.

Сонымен қатар, қоғамдық көлікте жолаушылардың құлауы өте жиі кездеседі, ол негізінен шұғыл тежеу немесе керісінше, күрт қозғалу салдарынан болады.

t.me/informburo_kaz
101 viewsedited  10:38
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 12:50:47 "Чапаев, Комсомол". Алматы облысында алты ауылдың атауы өзгереді

Алматы облысы әкімдігі мен мәслихатының алты ауылдық округ пен ауылдың атауын өзгерту туралы қаулы жобасын жариялады.

Жобада:

Іле ауданының Энергетический ауылдық округі – Өтеген батыр атауымен;

Іле ауданының Чапаев ауылдық округі мен Чапаев ауылы – Байкент ауылдық округі және Байкент ауылы атауымен;

Іле ауданының Междуреченск ауылдық округі мен Междуреченск ауылы – Ақсай ауылдық округі және Ақсай ауылы;

Іле ауданы Энергетический ауылдық округінің Покровка ауылыКенен Әзірбаев ауылы;

Іле ауданы КазЦИК ауылдық округі Комсомол ауылы Жайнақ ауылы;

Талғар ауданы Панфилов ауылдық округінің Қызыл Ту-4 ауылыЖібек жолы ауылы болып қайта атау ұсынылып отыр.

Қаулы жобасы АшықНҚА сайтында 11 тамызға дейін талқылауға ашық.

t.me/informburo_kaz
106 views09:50
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 12:06:46
Екі ұлттық паркте қар барысы фототұзаққа ілікті

Барыстар Алтын-Емел және Сайрам-Өгем ұлттық парктерінде орнатылған фототұзақтарға түскен.

"Аталмыш жануар Халықаралық табиғатты қорғау одағының (IUCN) қызыл тізіміне енгізілген. Қар барысы 12 елде мекендейді және оның барлығында сирек кездесетін немесе құрып кету қаупі төнген түр болып танылған", – деп жазылған хабарламада.

Қазір елімізде шамамен 140-180 қар барысы бар.

t.me/informburo_kaz
33 views09:06
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 11:37:12
Қантсыз әзірлеуге болатын 10 түрлі тосап

1. Қантсыз цитрус тосабы
Дәмдірек болуы үшін зімбір қосуға болады.
Құрамы:

• 4 апельсин;
• 2 лимон;
• 150 г зімбір;
• 1 стақан су.

Дайындау:

1. Апельсин мен лимонды тазартып, еттартқышта майдалаймыз.
2. Су құйып, 15 минуттай қайнатамыз. Отты ақырын етіп қою қажет.
3. Зімбірді үккішпен майдалап, тосап қосамыз.
4. Барлығын араластырған соң ыдыстарға құямыз.

Жалғасы https://bit.ly/3PFnRTb
43 viewsedited  08:37
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 10:11:40
Қазақстан 1 тамыздан бастап көмір экспортына тыйым салуы мүмкін

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстаннан көмірді экспорттауға тыйым салуды көздейтін бұйрық жобасын дайындады.

"Қазақстан Республикасының аумағынан тас көмір; тас көмірден алынған брикеттер, шекемтастар және қатты отынның ұқсас түрлері: тас көмір, шаң тәрізді немесе шаң тәрізді емес, бірақ агломерацияланбаған (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 2701) алты ай мерзімге автомобиль көлігімен әкетуге тыйым салу енгізілсін", – деп жазылған жобада.

Шектеуді алты айға енгізу қарастырылып отыр.

t.me/informburo_kaz
64 viewsedited  07:11
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 09:15:27
Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға 40 млрд теңге бөлінеді

Механизм биылғы жаппай жинау жұмыстары басталғанға дейін қысқа мерзімде қабылдануы тиіс.

Бағдарламаны қаржыландыруды "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымдары жүзеге асыратын болады. Оған шамамен 40 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр.

t.me/informburo_kaz
67 viewsedited  06:15
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 08:37:31
Халық мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қалай бағалайды?

Респонденттердің 4,4 пайызының полиция қызметіне көңілі толмайды.

Ал салық қызметтеріне – 2,8 пайызы, ХҚКО-ға – 2,6 пайызы, жедел медициналық жәрдем орталықтарына – 2,5 пайызы, өрт сөндіру қызметіне –1,5 пайызы қанағаттанбайды.

t.me/informburo_kaz
75 viewsedited  05:37
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 08:10:17
"0 теңге". Утиль алымды төлеуден кімдер босатылады?

Елімізде кейбір автокөлік иелері утилизациялық алымды төлеуден босатылуы мүмкін. Экология министрлігінің ақпараты бойынша бұндай жеңілдік Үкіметтің арнайы қаулысында көрсетілген.

Бұл қандай өзгерістер?

Утильалымнан кімдер босатылады?

Бұл туралы "Жасыл даму" АҚ басқарма төрағасы хатшылығының жетекшісі Талғат Маханов 31 арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасының эфирінде айтып берді.

t.me/informburo_kaz
81 views05:10
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 07:01:39
"Айына 110 мың теңге". Жұмыссыз азаматтар мемлекеттен қалай ақша ала алады?

Қазақстанда жыл сайын 100 мың адам жұмыссыз ретінде тіркеліп, әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем алып келеді. Биыл жарты жылдың ішінде 60 мыңнан астам азаматқа 8 миллиард теңгеден астам қаржы берілген.

Қордан бөлінетін қаражаттың көлемі әр адамның еңбек өтіліне қарай тағайындалады. Алғашқы алты айда қызметке орналаспаған адам қорға тағы да өтінім бере алады, деп хабарлады 31 арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы.

t.me/informburo_kaz
20 viewsedited  04:01
Ашу / Түсініктеме