Get Mystery Box with random crypto!

Informburo_kaz

Telegram арнасының логотипі informburo_kaz — Informburo_kaz I
Telegram арнасының логотипі informburo_kaz — Informburo_kaz
Арна мекенжайы: @informburo_kaz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.72K
Арнадан сипаттама

Күннің басты жаңалықтары, қызықты сұхбаттар мен танымдық-сараптамалық материалдар біздің арнада
Біздің сайт: https://informburo.kz/kaz
Біздің арна орыс тілінде: t.me/informburo_kz
Білім саласы жаңалықтары: t.me/informburo_bilim

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 4

2022-07-27 15:11:32
"Ұлттық банк қызметкерімін". Телефон-алаяқтарының жаңа схемасы пайда болды

Өзін полиция немесе Ұлттық банк қызметкері ретінде таныстыратын телефон-алаяқтары пайда болды. Олар "заңсыз әрекеті үшін банк менеджерін ұстауға арнайы операция жүргіземіз" деген желеумен азаматтарды несие рәсімдеуге немесе микроқарыз алуға үгіттеп, ақшаны үшінші тұлғаның шотына аударуға көндіреді.

"Ұлттық банк жеке тұлғаларға қызмет көрсетпейтінін, халықпен ақшалай есеп айырысу ісін жүргізбейтінін еске саламыз", – деп ескертеді банктің баспасөз қызметі.

t.me/informburo_kaz
84 viewsedited  12:11
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 14:35:35
Қазақстанда жылжымайтын мүлік бағасы төмендей бастады – Сарапшы

Сарапшының айтуынша, жыл басынан бері баға ай сайын 2,1-5,5 пайызға өсіп отырса, мамыр-маусым айларындағы баға тұрғын үйдің жаңа немесе ескі болуына байланысты 0,4 пайыздан 1,7% пайызға дейін өскен.

"Егер ай сайынғы инфляция деңгейін ескеретін болсақ, жылжымайтын мүлік бағасы төмендей бастады деп қорытынды жасауға болады", – деп атап өтті риэлторлардың біріккен қауымдастығы президентінің кеңесшісі Нина Лукьяненко ҚазАқпаратқа берген сұхбатында.

t.me/informburo_kaz
88 viewsedited  11:35
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 14:04:20
Бас санитарлық дәрігер: "Спутник V" вакцинасына қажеттілік жоқ

Елімізде коронавирусқа қарсы тек QazVac вакцинасын қолдану жоспарланып отыр.

Бұл туралы бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова айтты.

"Негізгі санат үшін QazVaq және Sinopharm пайдаланылады. Болашақта ол тек QazVaс болуы мүмкін, өйткені бүгінгі күні біздің зауыттың қуаты барлық сұранысты өтеуге мүмкіндік береді", – деді ол.

Бас дәрігер вакциналардың қолда бар көлемі жеткілікті екенін, "Спутник V" препаратына қажеттілік жоқ екенін атап өтті.

t.me/informburo_kaz
11 viewsedited  11:04
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 13:19:07
Жыл басынан бері 310 шетелдік елден шығарылды

Сот шешімімен 310 шетелдік елден шығарылды.

Жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 673 шетел азаматы полиция департаменті қабылдап-тарату бөліміне орналастырылды.

"Сонымен қатар, 2022 жылдың 6 айында еңбек иммигранттарына жеке адамдарда жұмыс істеуі үшін 34 162 рұқсат қағазы берілді және ұзартылды", – деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

t.me/informburo_kaz
42 viewsedited  10:19
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 12:43:30
Тамыз айында коронавирус жұқтырғандар саны артады – Айжан Есмағамбетова

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова Covid-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайдың қыркүйекке дейінгі болжамын айтты.

Пессимистік сценарий бойынша шілдеде тәулігіне орташа есеппен – 1250, тамызда – 4000 және қыркүйекте – 550 жағдай тіркелуі мүмкін.

"Реалистік сценарий" бойынша шілдеде күніне – 750 жағдайға дейін, тамызда – 2400 жағдайға дейін және қыркүйекте 350 жағдай тіркелуі мүмкін.

Оптимистік сценарий бойынша шілдеде орташа есеппен 470 жағдайдан аспайды, тамызда – 1000-ға дейін және қыркүйекте – күніне 350 жағдайға дейін.

t.me/informburo_kaz
66 viewsedited  09:43
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 12:10:27
Маймыл шешегіне қарсы вакцина салдыру міндетті бола ма?

Қазір әлемде маймыл шешегі өршуде. 82 елде 17 мыңнан астам жағдай тіркелген. Алайда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, барлық халыққа вакцина салудың қажеті жоқ. Тек осал топтарға салуға болады, деп мәлімдеді Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова.

"Оған медицианалық қызметкерлер, оның шінде осы маймыл шешегімен ауырып жатқан науқастарға ем беретін қызметкерлер мен сол науқаспен жақын қарым-қатынаста болған адамдар кіреді. Сонымен қатар үйде науқаспен қарым-қатынаста болған адамдарға маймыл шешегіне қарсы вакцина салуға болады", – деді Айжан Есмағамбетова.

Айта кету керек, қазіргі таңда маймыл шешегіне қарсы арнайы вакцина жоқ.

ДСҰ дерегіне сәйкес, табиғи шешекке арналған вакцина маймыл шешегінен де қорғайды.

t.me/informburo_kaz
14 viewsedited  09:10
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 11:18:40
Тест: "Жүдә", "біттей", "бытықана". Диалект сөздердің мағынасын қаншалықты білесіз?

Қазақстанның әр өңірінде жергілікті халық қана қолданатын сөздер бар. Осындай диалект сөздерді жинақтап, арнайы тест әзірледік. Бұл сөздерді бұрын естіген де боларсыз.

Ендеше, тексерейік https://bit.ly/3zbsj59
2 views08:18
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 09:52:35
Аймағамбетов: Жоғары оқу орнының лицензиясы 5 жылға ғана беріледі

Бұл жайында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрі болған кезіндегі жұмысына берген есебінде мәлімдеді.

"Алдағы уақытта ЖОО-ларға берілетін лицензиялар мерзімсіз болмайды. Олар 5 жылға беріледі, ал оларды қайта ресімдеу автоматты түрде емес, енді біліктілік талаптарына сәйкес болған жағдайда ғана жүргізіледі", – деп жазды министр.

Сонымен қатар Асхат Аймағамбетов 15 ЖОО жабылғанын еске салды. Бұдан бөлек, қосымша алты оқу орнын жабуға қатысты сот болып жатқанын атап өтті.

t.me/informburo_kaz
54 viewsedited  06:52
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 09:24:31
Биыл кино түсіруге мемлекеттен 5,6 млрд теңге бөлінеді

Биыл Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы өткізген байқау қорытындысы бойынша 62 киножоба қаржыландырылады.

Ол үшін мемлекеттен 5,6 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылады.

Оның ішінде:

әлеуметтік маңызы бар және анимациялық фильмдерге – 4,95 млрд теңге;

500 млн-ға жуығы – "дебют" санаты бойынша өтетін фильмдерге;

129,5 млн теңге – кең аудиторияға арналған фильмдерге;

25 млн теңге бірлесіп шығарылған фильмдерге жұмсалады.

t.me/informburo_kaz
60 viewsedited  06:24
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 09:03:51
Қазақстанда сегіз облыстың прокуроры тағайындалды

Ұлытау облысының прокуроры үшінші сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Жарқынбек Бақашбаев болды.

Абай облысының прокуратурасын үшінші сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Ерлан Абаев басқарды.

Жетісу облысының прокуроры болып аға әділет кеңесшісі Мадияр Басшыбаев тағайындалды.

Батыс Қазақстан облысының прокуроры болып үшінші сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Серік Шалабаев тағайындалды.

Ақтөбе облысының прокуратурасын үшінші сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Халидулла Дәуешов басқарды.

Маңғыстау облысының прокуроры лауазымына аға әділет кеңесшісі Руфат Құттықов тағайындалды.

Атырау облысының прокуроры болып Бауыржан Жұмақанов тағайындалды.

Сондай-ақ бас көлік прокуроры болып үшінші сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Тимур Сүлейменов тағайындалды.

t.me/informburo_kaz
68 viewsedited  06:03
Ашу / Түсініктеме