Get Mystery Box with random crypto!

-БАП ДІН ЖОЛЫНДА ЖҮРГЕН АДАМДАРДЫҢ СӨЗІ МЕН ІСІНІҢ БІР ЖЕРД | ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ

-БАП

ДІН ЖОЛЫНДА ЖҮРГЕН АДАМДАРДЫҢ СӨЗІ МЕН ІСІНІҢ БІР ЖЕРДЕН ШЫҒУЫ


«Өздерің кітап (яғни, Тәуратты) оқисыңдар. Сөйте тұра, ел-жұртқа ізгілік жасауды бұйырып, өздеріңді ұмыт қалдырасыңдар ма? Осы (істеріңнің қаншалықты қисынсыз екенін бір сәт) ойланбайсыңдар ма?!»
(«Бақара» сүресі, 44-аят).

«Уа, иман еткендер! Неліктен өздерің істемейтін істі сөз қыласыңдар. (Немесе неліктен істейміз деп айтып алып, айтқан сөздеріңді орындамайсыңдар).
Өздерің істемейтін істі сөз қылу – Аллаһтың алдында ең жеккөрінішті қылық»
(«Саф» сүресі, 2-3-аяттар).

«Сендерге істемеңдер деген істі өзім істеп, сендерден ерекшеленгім келмейді»
(«Һуд» сүресі, 88-аят).

-ХАДИС:


Үсама ибн Зәйд (р.а.) Аллаһ елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Қиямет күні бір адам тозаққа тасталады. Сонда оның ішек-қарны ақтарылып кетеді де, шұбатылған ішек-қарнымен бейне бір диірмен тасын айналған есектей шыр айнала бастайды. Бұны көрген тозақтықтар жиналып келіп оған: «Ей, пәленше! Саған не болған, сен (дүниеде) адамдарды жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыймаушы ма едің?» – дейді. Сонда әлгі адам: «Иә, шынында, мен елді жақсылыққа шақыратынмын, бірақ оны өзім істемеуші едім. Сондай-ақ, жамандықтан тыйып, өзім тыйылмаушы едім», – деп сырын ашады дегенін естідім», – деген.

(Бұхари, бәдғул-халқ 10; Муслим, зуһд 51).


@hadister_jinagy