Get Mystery Box with random crypto!

-ХАДИС: Ибн Омар (р.а.): «Бірде Пайғамбарымыздың (саллаллаһу | ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ

-ХАДИС:

Ибн Омар (р.а.): «Бірде Пайғамбарымыздың (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм) құзырында отырып, қоштасу қажылығы жайлы әңгіме қозғаған едік. Алайда ешбіріміз де қоштасу қажылығының не екенін (яғни, неліктен олай аталғанын) білмейтінбіз. Сол кезде Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) алдымен Аллаһқа шүкіршілік білдіріп, мақтау айтып, содан соң бізге Тажал туралы тарқатып айтып берді. Сондағы айтқаны: «Аллаһ тарапынан жіберілген әрбір пайғамбар өз үмбетін міндетті түрде Тажалдан сақтандырып отырған. Хазрет Нұх (ғ.с.) пен одан кейінгі пайғамбарлар да өз үмбеттеріне бұны ескерткен. Егер ол сендер өмір сүрген кезеңде шықса, еш шүбәсіз бұл жайттан сендер хабарсыз, қаперсіз болмайсыңдар. Өйткені, Раббыларыңның бір көзі соқыр емес. Ал Тажалдың оң көзі соқыр, әрі бейне бір жүзімнің шоғынан шығыңқырап қалған жалғыз жүзім секілді томпақ болып келеді. Біліп қойыңдар! Аллаһ тағала осы күндеріңді (39) осы мекендеріңді және осы айларыңды (40) сендер үшін қалай харам (яғни, қасиетті) қылса, сендерге бір-біріңнің қандарыңды және дүние-мүліктеріңді де харам қылды. Сендерге осыны айтып жеткіздім бе?» – деп сұрады. Сахабалар: «Әрине, айттыңыз!» – деді. Сонда Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) үш рет: «Уа, Аллаһ тағалам, бір Өзің куә бол!» – деп айтты да (бізге жаны ашып): «Байғұстар-ау! Байқаңдар, менен кейін бір-біріңнің қандарыңды төгіп, кәпір болып кетіп жүрмеңдер», – деп қатаң ескерту жасады», – деген.

(Бұхари, мәғази 77; Муслим, фитән 100).

(39) Құрбан айт күнін
(40) Зүлхижжа айын

@hadister_jinagy