Get Mystery Box with random crypto!

ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ

Telegram арнасының логотипі hadister_jinagy — ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ Х
Telegram арнасының логотипі hadister_jinagy — ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ
Арна мекенжайы: @hadister_jinagy
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.81K
Арнадан сипаттама

@kuran_karim_kz
@hafiz_al_kuran
@sira_nabii
@hadister_jinagy
@s_a_h_a_b_a
@arab_tili_daristeri
@aqida_sabaqtary
@fikh_daristeri
@ustaz_erkinbek_shokai
@ustazdar_kz
@uagyz_rus
@tirilerge_undeu
@danalyk_oi
@b_otbasy
@m_u_n_a_b_b_i_h_u_n

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 11

2022-02-28 16:42:35 https://instagram.com/tasnim_kuan?utm_medium=copy_link
72 views13:42
Ашу / Түсініктеме
2022-02-27 20:11:15 -ХАДИС:

Ибн Аббас (р.а.): «Бірде Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бізге айтқан бір уағызында:
«Уа, адамдар! Расында, барлығың (қиямет күні) Аллаһтың алдына жалаңаяқ, жалаңаш және сүндеттелмеген күйде жиналасыңдар
(22) «Берген уәдеміз бойынша жаратылыс атаулыны әуел баста қалай жаратсақ, (қиямет күні) сол қалпына қайта келтіреміз. Біз берген уәдемізді сөзсіз орындаймыз» («Әнбия» сүресі 104-аят). . Қиямет күні бүкіл жаратылыстың ішіндегі ең алғаш болып үстіне лыпа жабылатын адам Ибраһим (а.с.) болады. Және сол күні үмбетімнен бір топ адам әкелініп, сол жаққа (тозаққа) жөнелтіледі. Мен: «Уа, Раббым! Бұлар менің үмбетім ғой», – деймін. Сонда маған: «Бұлардың сенен кейін не істеп, не қойғандарын білсең ғой!» – деп айтылады. Сол кезде мен Аллаһтың салиқалы құлы Иса (а.с.) секілді: «Бірге болғанымда, оларға қолымнан келгенше бас-көз болдым. Ал мені Өзіңе қайтарып алған соң, олар бір Өзіңнің бақылауыңда болды. Сен барлық нәрсеге толық куәсің (еш нәрсе Сенің бақылауыңнан тыс қалмайды). Егер оларды азаптасаң, шүбәсіз, олар Сенің құлдарың. Ал егер жарылқап кешірсең, расында, Сен аса үстем, теңдессіз даналық Егесісің» («Мәидә» сүресі, 117-118-аяттар). – деп айтамын.
Сонда маған: «Шындығында, Сен дүниеден озғаннан кейін, олар хақ діннен алыстаған үстіне алыстай берді», – делінеді», – деп айтты», – деген.

(Бұхари, Әнбия 8/риқақ 45; Муслим, жаннат 58).

(2) Яғни, барлығың қайта тіріліп, есепке тартылу үшін Аллаһтың алдына барасыңдар

@hadister_jinagy
328 viewsedited  17:11
Ашу / Түсініктеме
2022-02-25 18:51:31 -ХАДИС:

Жәбирден (р.а.) жеткен хадисте Расулаллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Мені мен сендердің жағдайларың бейне бір от жаққан адам мен ұшып келіп өзін-өзі отқа тастап жатқан шегірткелер мен пәруаналардың жағдайы тәрізді. Әлгі адам қанша жерден жанталасып, қалқалап-қақпайлауға тырысса да, олар бой бермей лаулаған отқа түсіп жатады. Сол секілді мен де сендерді тозақ отынан аман алып қалу үшін жанталасып, ұстап қалуға тырысамын. Ал сендер болсаңдар, қолымнан шығып кете бересіңдер», – деп айтты» – делінген.

(Муслим, фадайл 19).

@hadister_jinagy
223 viewsedited  15:51
Ашу / Түсініктеме
2022-02-24 20:29:16 -ХАДИС:

Ирбад ибн Сәрия (р.а.): «Бірде Аллаһ елшісінің (саллаллаһу алейһй уә сәлләм) уағызы әдеттегіден өзгеше болды. Уағыздан әсерленгеніміз соншалық – жүрегіміз суылдап, көзіміз жасқа толды. Уағыздың соңында біз: «Уа, Аллаһтың елшісі! Бұл сөздеріңіз бақұлдасып тұрған кісінің соңғы насихатына ұқсайды. Бізге соңғы өсиетіңізді айтыңыз, құлағымыз сізде», – дедік. Сонда ол: «Сендерге айтарым, Аллаһтан қорқып, тақуалық аясында өмір сүріңдер. Басшыларың эфиопиялық қара нәсілді құл болса да, айтқандарына құлақ асып, оған бойсұныңдар. Әлі де дәм-тұзы барлар (мұсылмандар арасындағы) талай алауыздық пен араздыққа куә болады. Сол кезде менің және әділ халифалардың жолын таңдап, сол жолды тастай қатып, берік ұстаныңдар. Сондай-ақ, дінге кейін енгізілген жаңалықтардан сақ болыңдар. Расында, (дінге қатысты) әрбір жаңалық – адасушылық», – деп айтты» – деген.

(Әбу Дәуіт, сүннә 5; Тирмизи, илм 16).

@hadister_jinagy
81 viewsedited  17:29
Ашу / Түсініктеме
2022-02-24 11:22:41 @arab_tili_daristeri
@aqida_sabaqtary
@fikh_daristeri
@tirilerge_undeu
@hafiz_al_kuran
@ustaz_erkinbek_shokai
@kuran_karim_kz
@hadister_jinagy
@uagyz_rus
@danalyk_oi
@ustazdar_kz
@s_a_h_a_b_a
@sira_nabii
@uzindiler

Ұсыныс айтқыңыз келсе: @M_22_02_M

Басқалармен де бөлісіп қоярсыздар. Аллаһ разы болсын!
238 viewsedited  08:22
Ашу / Түсініктеме
2022-02-22 20:41:59 -БАП

СҮННЕТТІ БЕРІК ҰСТАНУ


«Пайғамбар седерге не ұсынса, соны алыңдар (яғни шариғат ретінде не айтса, соны шын көңілмен қабылдаңдар), неден тыйған болса, содан тыйылыңдар»
(«Хашр» сүресі, 7-аят).

«(Уа, Мұхаммед! Адамдарға): Егер Аллаһты (шынымен) жақсы көрсеңдер, маған еріңдер. Сонда Аллаһ тағала да сендерді жақсы көріп, күнәларыңды кешіреді»-деп айт
(«Әли Имран» сүресі, 31-аят).

«Расында, Аллаһ елшісінің бойында сендер үшін әрі Аллаһқа және ақырет күніне қауышуды күткен һәм Аллаһты жиі еске алатын адам үшін үлгі тұтарлық ең жақсы қасиеттер бар»
(«Ахзаб» сүресі, 21-аят).

«Жо-жоқ, Раббыңның атымен ант етейін! Олар араларында туындаған дау-дамайды (әділ шешу үшін) сенің төрелігіңе жүгініп әрі айтқан үкіміңе іштей наразы болмастан (саған) толық бойсұнбайынша, иман еткен болып саналмайды»
(«Ниса» сүресі, 65-аят).

«Егер Аллаһқа және ақырет күніне иман еткен болсаңдар, қандай да бір мәселеге қатысты таласып қалғандарыңда Аллаһқа және елшісіне жүгініңдер»
(«Ниса» сүресі, 59-аят).

«Кім Аллаһ елшісіне бағынса, сол Аллаһқа бағынған болып саналады»
(«Ниса» сүресі, 80-аят).

«Оның (Пайғамбардың) бұйрығына қиыстанып қарсы келгендер (осы дүниеде) бәлеге ұшыраудан әрі
(о дүниеде) ауыр азапқа душар болудан қорықсын».
(«Нұр» сүресі, 63-аят).

-ХАДИС:

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Қандай да бір мәселеде сендерге тыйым салмаған болсам, ол жайында менен сұрамаңдар! Өйткені, сендерден бұрынғы қауымдардың түбіне жеткен – орынсыз көп сауал қою мен пайғамбарларына қарсы шыққандықтары болатын. Ендеше, сендерді не нәрседен тыйсам, содан бойларыңды аулақ ұстаңдар. Сондай-ақ, не бұйырсам, соны шамаларың келгенше орындауға тырысыңдар», – деп айтты» – делінген.

(Бұхари, иғтисам 2; Муслим, хаж 412).

@hadister_jinagy
145 viewsedited  17:41
Ашу / Түсініктеме
2022-02-21 20:20:26 -ХАДИС:

Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.):
«Бірде Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) маған: «Әй, Абдуллаһ! Сен пәленше секілді болма. Ол түнгі намазды үзбей оқып жүріп, ақырында оқымай қойған еді», – деп айтты», – деген.

(Бұхари, тәһәжжуд 19; Муслим, сиям 185).

@hadister_jinagy
154 views17:20
Ашу / Түсініктеме
2022-02-19 18:49:17 -ХАДИС:

Әбу Жухәйфа Уәһб ибн Абдуллаһ (р.а.): «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Салман мен Әбу Дәрданы бір-біріне бауыр деп жариялаған еді. Бірде Салман Әбу Дәрданың хал-жайын білу үшін оның үйіне барады. Бауырының әйелі Дәрданың әбден жүдеп-жадап кеткенін байқайды. Сонда Салман одан: «Саған не болған, мына түрің не?» – дегенде, байғұс әйел: «Бауырың Әбу Дарда мені де, дүниенің басқа қызығын да қажетсінбейтін (еш елемейтін) болды», – деп шағымданды. Сөйткенше Әбу Дәрданың өзі де
келеді. Ол өзін іздеп келген бауырына арнайы тағам әзірлетіп, алдына қояды да: «Астан алып отыр, менің аузым берік», – дейді. Алайда, Салман оған: «Сен жемейінше, табаққа қол созбаймын», – дейді. Амалы құрыған Әбу Дәрда (нәпіл оразасын бұзып, қонақпен бірге) ас ішеді. Түннің бір уағында Әбу Дәрда орнынан тұрып, намаз оқымақшы болады. Салман оған: «Біраз жатып, ұйықта», – дейді. Ол (бауырының сөзін екі етпей) төсегіне қайта қисаяды. Біраз уақыт өткен соң, Әбу Дәрда тағы да намаз оқу үшін тұрмақшы болады, Салман оған: «Әлі де жата тұр», – деп, қайта жатқызады.
Түннің соңғы бөлігінде Салман оған: «Ал енді тұр», – дейді де, екеуі бірге түн намазын оқиды. Намаздан кейін Салман бауырына: «Шынтуайтында, Раббыңның сенде ақысы болғандай, нәпсіңнің де, отбасыңның да сенен алар ақысы бар. Олай болса, олардың әрбіріне өзінің ақысын бер», – деп насихат айтты. Көп ұзамай Әбу Дәрда Пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) болған жайды баяндап береді. Сонда Расулаллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оған: «Салман дұрыс айтқан», – дейді» – деген.

(Бұхари, саум 51/ әдәб 86).

@hadister_jinagy
149 viewsedited  15:49
Ашу / Түсініктеме
2022-02-18 19:37:28 -ХАДИС:

Әнәс (р.а.): «Бірде Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мешітке кіргенде, шет жақтағы екі діңгекке керілген арқанды көріп: «Бұл не қылған арқан?» – деп сұрады. Сондағылар: «Бұл – Зейнептің байлаған арқаны, ол
намазда ұзақ тұрып қатты шаршаса, осыған сүйеніп құлшылығын жалғастырады», – деп жауап берді. Сонда Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Бұны алып тастаңдар. Әркім (нәпіл) намазын сергек кезінде оқысын. Құлшылық жасап шаршасаңдар, жатып демалыңдар», – деп бұйырды», – деген.

(Бұхари, тәһәжжуд 18; Муслим, салатүл-мусафиринә 219).

@hadister_jinagy
255 viewsedited  16:37
Ашу / Түсініктеме
2022-02-17 18:01:01 -ХАДИС:

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Шүбәсіз, бұл дін – жеңіл дін. Адам баласы қанша жерден шамасынан тыс құлшылық жасаймын деп, дінде тыраштанса да, бәрібір дін әрқашан одан үстем болады. Ендеше, әрбір істе (әсірелік пен селқостыққа бармай) тура әрі орта жолды ұстаныңдар. Әр істі кемеліне жеткізе орындаңдар. Егер оған шамаларың жетпесе, мейлінше тиянақты істеуге тырысыңдар. Солай істейтін болсаңдар, қуана беріңдер. Сондай-ақ, таңғы және кешкі уақыттарды, әрі түннің соңғы бөлігін (екі дүниенің бақытына бөлену үшін) тиімді пайдаланып, Аллаһтан жәрдем тілеңдер», – деп айтты» – делінген

(Бұхари, иман 29).

@hadister_jinagy
299 viewsedited  15:01
Ашу / Түсініктеме