Get Mystery Box with random crypto!

-ХАДИС: Суһәйб ибн Синаннан (р.а.) жеткен хадисте Аллаһ елшіс | ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ

-ХАДИС:

Суһәйб ибн Синаннан (р.а.) жеткен хадисте Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Мүміннің жағдайы қандай ғажап! Шын мәнінде, оның әрбір жай-күйі өзі үшін қайырлы болмақ, бұл – одан өзгеге бұйырмаған бақыт. Ол қандай да бір қуанышты жағдайға тап болса, шүкір етеді. Мұнысы өзі үшін қайырлы болады. Ал басына бір қиындық түссе, сабырлылық танытады. Бұл да өзі үшін қайырлы болады», – деп айтты», – делінген.

(Муслим, зуһд 64).

@hadister_jinagy