Get Mystery Box with random crypto!

-ХАДИС: Әбу Абдуллаһ Хаттаб ибн әл-Әрат (р.а.): «(Мүшріктерде | ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ

-ХАДИС:

Әбу Абдуллаһ Хаттаб ибн әл-Әрат (р.а.): «(Мүшріктерден қорлық көріп жүрген кезіміз еді). Бір күні Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) шапанын жастанып, Қағбаның көлеңкесінде тынығып жатқанда: «Аллаһтан біз үшін жәрдем тілеп, дұға етсеңіз?» – деп мұңымызды шақтық. Сонда ол: «Сендерден бұрын өмір сүрген қауымдарда (иман еткен) адамды ұстап алып, арнайы қазылған шұңқырға тастап, араменен төбесінен төмен қарай екіге қақ бөлетін, не болмаса, темір тырмақтармен еті мен сүйегі ажырағанша тырмалайтын жағдайлар да кездескен. Міне, осыншалықты жантүршігерлік азап оны дінінен бездіре алмайтын. Аллаһтың атымен ант етейін! Аллаһ тағала бұл істі (Ислам дінін) міндетті түрде ақырына дейін жеткізеді. Тіпті, салт атты жалғыз жолаушы Аллаһтан және қойлары үшін қорқау қасқырдан өзге ешкімнен
қорықпастан Сана’дан Хадрамаутке дейін алаңсыз сапар шегетін күн туады. Алайда сендер (бәрі дем арасында бола қалса екен деп) тағатсыздық танытасыңдар», – деп айтты», – деген.

(Бұхари, мәнәқиб 25).

@hadister_jinagy