Get Mystery Box with random crypto!

-ХАДИС: Ибн Аббас (р.а.): «Бірде Аллаһ елшісі (саллаллаһу алә | ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ

-ХАДИС:

Ибн Аббас (р.а.): «Бірде Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір сахабасының қолынан алтын жүзік көріп, оны шешіп алып, лақтырып жіберді де: «Араларыңда әлдекім өздігінен (тозақ) отының қып-қызыл шоғына ұмтылып, оны қолына тағып алыпты», – деді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) кетіп қалған соң әлгі адамға жолдастары: «Жүзігіңді алып, (басқа жолда) пайдалан», – дегенде ол: «Жоқ. Аллаһтың атымен ант етейін! Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) лақтырып тастаған жүзікті қолыма қайтып алмаспын», – деп айтты», – деген.

(Муслим, либәс 52)

@hadister_jinagy