Get Mystery Box with random crypto!

-ХАДИС: Әбу Сағидтен (р.а.): «Бірде Пайғамбарымыз (саллаллаһу | ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ

-ХАДИС:

Әбу Сағидтен (р.а.): «Бірде Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сахабаларға: «Жолдың бойында отырмаңдар», – деп ескертті. Сахабалар: «Уа, Аллаһтың елшісі! Біз жол бойында отыруға мәжбүрміз, өйткені жол бойында отырып өзара сөйлесіп, (кейбір мәселелерді талқылаймыз)», – деді. Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Жол бойында міндетті түрде отыру керек болса, онда жолдың ақысын беріңдер», – деді. Сахабалар: «Уа, Аллаһтың елшісі Жолдың ақысы деген не?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Көзді харамнан сақтау, ары-бері өткендерге кедергі келтірмеу, амандасқанға сәлем беру және адамдарды жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю», – деп жауап берді», – деген.

(Бұхари, мазалим 22; Муслим, либәс 114).

@hadister_jinagy